Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Негізгі және жалпы орта білім беру



Pdf көрінісі
бет8/77
Дата01.02.2023
өлшемі3,26 Mb.
#167072
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77
Байланысты:
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

Негізгі және жалпы орта білім беру 
Негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартында оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген негізгі орта 
білім беру мақсаттары жүйесіне қол жеткізу арқылы оқыту мен тәрбиелеудің 
сапасын арттыруға және білім алушы тұлғасының мінез-құлқы мен қызметін 
ынталандыратын өмірлік тұрақты бағдарлары болуға арналған білім 
алушылардың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды 
дарытуға бағытталған.


21 
Оқытудан күтілетін нәтижелер– оқыту процесі аяқталғанда білім 
алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер 
жиынтығы, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері 
мен жеке мүмкіндіктері ескеріледі.
Негізгі орта білім беру деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру оқыту мен 
тәрбиенің бірлігі қағидатын іске асыруға, оның ішінде білім алушылардың 
ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеруге бағытталған. 
Оқытуды ұйымдастыру кезінде білім алушылардың жетекші қызметі ретінде 
оқуға басым рөл беріледі. Оқыту процесінде әр оқу пәні арқылы тәрбие 
мәселелері шешіледі. Тәрбие жұмысының барлық түрлері білім алушылардың 
жаңа білімді субъективті тануы мен меңгеруі мәселелерін шешуге, ұлттық 
дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды 
дарытуға бағытталған. 
Сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру жинақтала 
келе білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркем-
эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асырылуын қамтамасыз етеді. 
Оқу процесін ұйымдастыру білім алушыларды ізденуге, мәселелерді 
талқылауда, көзқарасын дәлелдеуде белсенділікке, сындарлы шешімдер 
қабылдауға ұмтылу жолымен өздігінен тәжірибе меңгеруін ұйымдастыруға 
негізделген оқытудың интерактивті әдістерін пайдалануды көздейді. 
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім 
алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім 
алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың 
бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін 
қалыптастыруға, жеке тұлға ретінде өзін-өзі танытуына және кәсіптік 
бағдарлануына, сондай-ақ білім алушылардың бейіналды даярлығына 
бағытталады. 
Білім алушылардың дайындық деңгейі бірнеше мәндес оқу пәндерін 
біріктіретін «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», 
«Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Технология және өнер», «Дене 
шынықтыру» білім беру салаларының ерекшеліктері ескеріле отырып 
жобаланған оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы, ал жалпы орта білім 
бойынша 
жаратылыстану-математикалық 
және 
қоғамдық-гуманитарлық 
бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері 
бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы айқындалады.
Әр бағыттағы бейіндік оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін 
нәтижелер тиісінше оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлері 
бойынша көрсетілген және олар оқыту бейінінің ерекшелігін ескеріп оқу 
пәндерінің мазмұнын анықтауға негіз болады.
Білім беру салалары (және оқу пәндері) бойынша оқытудан күтілетін 
нәтижелер негізгі орта білім берудің базалық мазмұнын айқындау үшін негіз 
болып табылады. Негізгі орта білім берудің оқу бағдарламаларында білім беру 
салалары (және оқу пәндері) бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер әрбір оқу 
пәнінің бөлімдері бойынша оқыту мақсаттарында нақтыланады. 


22 
«Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша негізгі орта білім беру 
аяқталғанда күтілетін нәтижелер. [2] 
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/ «Орыс тілі» 
(оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/ «Ана тілі» (оқыту 
ұйғыр/өзбек/тәжік тілдерінде жүргізілетін сыныптар үшін): 
1) тыңдалым және айтылым: 
білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-
мәдени, оқу-кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу тәртібінің, 
бағалаудың ашық және жабық түрде берілген нысандарын таниды; әртүрлі 
өмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады; тілдік 
қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын іске асыру үшін түрлі 
тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады және 
диалогты қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, 
монолог құрастырады; өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; өз пікірін білдіре 
отырып, әңгіме нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; 
тақырыбы/басы/соңы бойынша мәтін мазмұнын болжайды; өз сөздерін ресімдеу 
кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды; 
2) оқылым: 
білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі 
және егжей-тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және 
өзінше түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, 
таңдап, белгілеп оқуды, арнайы ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, 
белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу стратегияларын пайдаланады; 
әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және 
жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени 
және 
оқу-танымдық 
аяларына 
қатысты 
мәтіндердің 
құрылымдық, 
лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер 
мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы 
тұрғысынан мәтінді бағалайды; 
3) жазылым: 
білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі 
типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың 
әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, 
баспа); ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, 
өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, хат және т.б.) жазады; 
әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-
композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды 
пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып 
бойынша 
қарапайым, 
күрделі 
және 
жан-жақты 
жоспар 
жасайды; 
орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар 
үшін) / «Орыс тілі мен әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар 
үшін) 
1) тыңдалым: 


23 
білім алушы мәтіннің негізгі мазмұнын, сондай-ақ сөйлеушінің ниетін 
білдіретін функционалдық маңызды мағыналы ақпаратты түсінеді; мәтіннен 
арнайы ақпаратты алады; терминдердің мәнін және әлеуметтік-тұрмыстық, 
әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аялары бойынша мәтіннің негізгі 
бөліктерін түсінеді; фактілер мен пікірлерді ажырата отырып, мәтіннің 
мазмұнын бағалайды; әртүрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндердің негізгі 
проблемаларын айқындайды; мәтінде айтылған деректер мен құбылыстар, 
оқиғалар арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды аша отырып, 
мәтінді талдайды; иллюстрациялар/негізгі сөздер/тақырыбы/басталуы бойынша 
айтылған ойдың мазмұнын болжайды; 
2) айтылым: 
талқылау, өзінің пікірін білдіру және оқиғаларды, пікірлер мен 
проблемаларды бағалау арқылы білім алушы оқылған тақырыптар аясындағы 
диалогты қолдайды; назарды өзіне қарату тәсілдерін пайдаланып және мақсатты 
аудиторияны есепке ала отырып монолог құрады, ұсынылған тақырып бойынша 
ақпаратты талдайды және жинақтайды; белгілі бір тақырып бойынша айтылған 
ойды бағалайды; сөйлеу нормаларын сақтай отырып, тілдің лексикалық және 
грамматикалық құралдарын пайдаланады; 
3) оқылым: 
білім алушы оқылған тақырыптар аясында белгілі бір күрделі тұтас және 
аралас мәтіндердің мазмұнын түсінеді; әртүрлі типтегі, стиль мен жанрдағы 
мәтіндердің ерекшеліктерін анықтайды; сөздердің айқын және астарлы 
мағынасын, көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін түсінеді; өзектілігін, 
шынайылығын, пайдалылығын және құндылығын анықтай отырып, әртүрлі 
дереккөздерден қажетті ақпаратты алады; негіздемелі қорытынды шығара және 
оқығанына сыни тұрғыдан баға бере отырып, мәтіннің мазмұнын талдайды және 
жинақтайды; көркем шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың 
көзқарасын анықтай отырып мәтінді салыстырады, белгіленген оқу 
стратегияларын пайдаланады; 
4) жазылым: 
білім алушы әртүрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, естігені және 
оқығаны негізінде әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; 
әртүрлі деректерден ақпарат алу арқылы проблемалық сипаттағы мәтіндерді 
жазады; тұтас мәтіндердің негізінде сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды 
жасайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты 
жоспар жасайды; әртүрлі типтегі, стильдегі мәтіндердің мазмұнын салыстырады, 
талдайды және бағалайды; орфографиялық және грамматикалық нормаларды 
сақтайды; 
троптар 
мен 
тілдің 
көркемдегіш-бейнелеуіш құралдарын 
пайдаланады. 
«Қазақ әдебиеті» / «Орыс әдебиеті» / «Ұйғыр әдебиеті» / «Өзбек әдебиеті» 
/ «Тәжік әдебиеті»: 
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы: 
1) әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әртүрлі жанрдағы шығармалардың 
мазмұнын, фольклорда халық тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену 
ерекшеліктерін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен 


24 
жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі, өлең 
мәтіндері мен прозалық мәтіндердің фрагменттерін (таңдауы бойынша) жатқа 
біледі; оқылатын шығармалардан дәйексөздерді біледі; 
2) ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін; әдебиеттің 
мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретіндегі рөлін; адам өміріндегі 
көркем әдебиеттің мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен 
жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы 
автордың көзқарасын, көркем шығармалардағы бейнелі суреттеулерді, 
шығармаларда ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді; 
3) әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша 
әңгіме құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогын (оқығанының негізінде) 
дайындау – кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық 
мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, өз 
бетімен оқыған кітапқа шағын жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық 
сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қатыстыра отырып, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру 
процесінде; өзі үшін өзекті оқу ортасын анықтау және көркем шығармаларды 
бағалау; пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу; қажетті 
ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және дағдыларын; оқытылатын 
шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды; өзекті 
проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; өз ойын білдіру, 
мәдени іс-шараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін 
қолданады; 
4) оқығанына өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әртүрлі 
жанрда бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма 
композициясының, сюжет ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, 
негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін және амалдарын, жазушы 
стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды әлем әдебиеті туындыларымен және 
өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады; 
5) көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау 
жолдарын таңдау; фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстыру; 
әртүрлі жоспарлар құру үшін; әртүрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша 
мәтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін және дағдыларын жинақтайды; 
шығармалардағы құндылықтарды қазақ және басқа да халықтардың 
құндылықтарымен өзара байланыстырады; 
6) оқылған шығарманы композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік 
ресімделуі және қойылған коммуникативті міндеттерге қол жеткізу тиімділігі 
тұрғысынан; өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді 
түсіндіруді бағалайды. [2] 
«Шетел тілі»: 
1) тыңдалым: 
білім алушы оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндердің негізгі 
мазмұнын түсінеді; екінші кезектегі мәселелерді қалдырып, басты фактілерді 
анықтайды; оқытылған тақырыптар шеңберінде егжей-тегжейлі ақпаратты 
түсінеді; қосымша ақпарат алу мақсатында естігені негізінде күрделі сұрақтар 


25 
құрастырады; түпмәтіндік мәнге сүйене отырып, естігені бойынша ой қорытады; 
оқытылған тақырыптар шеңберінде арнайы ақпаратты ажырата алады; 
оқытылған тақырыптар шеңберінде берілген дәлелдердің сәйкессіздігін 
анықтайды; 
2) айтылым: 
білім алушы оқытылған тақырыптар шеңберінде оқиғаның логикалық 
дамуын құрастырып, мәтіннің негізгі мазмұнын жеткізеді; формальды және 
формальды емес стильдерді қолданады; оқытылған тақырыптар шеңберінде 
ақпаратпен таныстырады; оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіннің атауы, 
иллюстрациялары, түйін сөздері, мәтін үзінділері және т.б. бойынша ықтимал 
мазмұнын болжайды; нақты ақпарат алу үшін қарапайым және күрделі сұрақтар 
қояды; оқу тапсырмаларын орындау үшін құрбы-құрдастарымен (жұпта, топта) 
бірлесіп жұмыс жасайды; оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндерді 
салыстырады және қарама-қарсы қойып салыстырады; өз көзқарасын негіздей 
отырып, пікірін білдіреді; 
3) оқылым: 
білім алушы оқытылған тақырыптар шеңберінде әртүрлі стиль мен 
жанрдағы мәтіндердің негізгі мазмұнын анықтайды; оқытылған тақырыптар 
шеңберінде әртүрлі стиль мен жанрда берілген мәтіндердегі егжей-тегжейлі 
ақпаратты ажырата алады; түрлі ақпараттық ресурстарды (анықтамалық 
материалдар, сөздіктер, Интернет және басқалары) пайдаланады; оқытылған 
тақырыптар шеңберінде мәтіндегі арнайы ақпаратты және мәтіндердің әртүрлі 
стилі мен жанрларын анықтайды; мәтіннің атауы, мәтін үзіндісі, 
иллюстрациялары, түйін сөздері және т.б. бойынша мазмұнын болжайды; 
автордың көзқарасын немесе пікірін анықтайды; түрлі мәтіндерден алынған 
ақпаратты бағалайды; 
4) жазылым: 
білім алушы кестелерді, диаграммаларды, схемаларды, сауалнамаларды, 
формулярларды және т.б. толтырады; оқытылған тақырыптар шеңберінде 
жоспар құрады, мәтінді жазады, редакциялайды және түзетеді; коммуникативтік 
міндеттерге сәйкес мәтіннен үзінділер алады; бұрын оқыған тақырыптар 
бойынша алған біліміне сүйене отырып, шынайы және/немесе ойдан 
шығарылған өткен, осы шақтағы және болашақта болатын оқиғаларды 
суреттейді; оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндегі сөйлемдер мен 
абзацтарды бір-бірімен байланыстырады және үйлестіреді; оқытылған 
тақырыптар шеңберінде берілген мәтіннің тыныс белгілерін сауатты және дұрыс 
қояды; тиісті ережелер мен форматты сақтай отырып, әртүрлі стиль мен жанрда 
мәтіндер құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет