Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Академиялық жазылым құзыреттілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет152/181
Дата14.09.2023
өлшемі3,39 Mb.
#181011
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ (1)

Академиялық жазылым құзыреттілігін қалыптастыру
оқылыммен 
байланысты. Мәтін деңгейінде коммуникативті, дискурстық құзыреттілік 
қалыптасады. 
Мәтінмен 
жұмыс 
істеу 
қарым-қатынас 
дағдыларын 
қалыптастыруға, тілдік материалды зерттеуге, тілдік дағды мен білікті 
жетілдіруге кең мүмкіндіктер ашады.
Пәннің мақсаты
:
 
академиялық мәтін түрлерін, жүйелі, нақты, мазмұнды, 
сауатты құруға үйрету.
 
Пәннің міндеттері

-
академиялық дискурстың ерекшеліктері мен теориялық моделін 
зерделеу;
-
академиялық стильдің түрлері мен жанрлық ерекшеліктерін ескере 
отырып,
лингвистикалық шаблондар жасау;
-
академиялық жазылымды игеруді деңгейлеп оқыту; 
-
арнайы мәтіндерді құрастыру, редакциялау және рәсімдеуге үйрететін 
оңтайлы технологиялар мен басылым таңдау, хат жазысу және жариялауға 
дейінгі үздіксіз процесті меңгерту. 
3. 
Когнитивті лингвистика пәні
. Когнитивтік ғылымның негізгі пәні – 
«адам санасы мен оның технологиялық ойлауы». Бұл пәнаралық ғылым адам 
санасының белгілі бір жақтарын, ең алдымен оның жүйелі түрде ойлауымен 
және дүниені тану үдерістерімен байланысын зерттеуге арналған.
Пәнді оқыту мақсаттары
: көркем ойға құрылатын, бейнелі, астарлы 
мағыналары басым, метафоралық, коннотанттық мәні жоғары қазақ тіл – қазақ 
халқының ойлау дәрежесімен, өмір сүру салтымен, ұлттық білімімен, ғұрыптық 
тұрмыс тіршілігімен тікелей қатысты зерттеліп, түпкі мәні, маңызы ашылмай 
жүрген тіл бірліктерінің уәжі анықталады. 
Пәнді оқытудың міндеттері
:
 
өз мамандығы саласындағы белсенді 
қолданылатын терминологияны білу және оны кәсіби ортада тиімді қатынас 
жасау үшін ұтымды қолдана алу; кәсіби-іскери қарым-қатынас кезіндегі 
«маманданған» сөздерді (ұйғару, мақұлдау, сенім білдіру, келіспеу, негіздеу, 
дерек келтіру, бағалау, қорытынды) логикалық жүйемен құра білу; мәтіннен 
қажетті ақпаратты сұрыптап, оны кәсіби мақсатта сипаттап, қорыта білу; 
мәтіннің түзілу тәртібіне көңіл аудару, оның логикалық құрылымдық негізін 
құра білу; маманданған тақырыпқа сай өзіндік ой-пікір білдіре білу құзіретін 
қалыптастыра білу; болашақ маманның тілдік біліктілігін жетілдіріп, 
мемлекеттік тілді мамандық деңгейінде коммуникация құралы ретінде қолдану. 
4. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет