Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Білім алушылардың сыни ойлауы мен креативтілігін дамыту



Pdf көрінісі
бет37/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

Білім алушылардың сыни ойлауы мен креативтілігін дамыту.
Технология және өнер саласы пәндері білім алушының сыни тұрғыдан шығар-
машылық ойлау дағдыларын қалыптастырады, негізгі іс-әрекеті жобалау мен 
модельдеуге бағытталады. Мысалы: 4 – сыныпта «Бейнелеу өнері» оқу пәнінің 
«Дизайн және сәулет (көркем құрастыру және модельдеу)» бөлімшесіндегі 
«4.2.6.1 дизайнның және жұмысты орындау техникасының көркемдік мәнерлілі-
гінде қолданылатын құралдарын білу және түсіндіру» оқу мақсаты арқылы «Ин-
терьер», «Сәндік интерьер» ұғымдарымен таныса отырып, түрлі безендірулерді 
жасауды үйренеді. Мысалы, жаңа жылға немесе басқа да мектеп іс-шарасына 
сынып кабинетін безендіру үшін білім алушының жас ерекшелігін ескере оты-
рып, материалдарды сәндік дизайнмен шығармашылық түрде қолдану ұсыны-
лады.
Осы білім беру саласының пәндері қиялды, идеяларды қалыптастырады және 
бағалау арқылы сыни және шығармашылық ойлау қабілетін дамытады, өйткені 
бұл білім алушылардың қарапайым шешімдері жоқ күрделі мәселелермен жұ-
мыс жасағанда абстракция қабілетін дамытуға ықпал етеді. Мысалы, «5.1.6.2 қаси-
еттері мен мақсаттарын анықтау арқылы бірқатар заманауи және дәстүрлі емес 
материалдарды тану» оқу мақсаттары үшін білім алушылар бейне, веб-сайттар 
және онлайн ресурстар сияқты әртүрлі ақпарат көздерін пайдалана алады.
Пәндік және түйінді құзыреттерді дамыту бойынша ұсыныстар
Құзыреттерді дамыту қазіргі білім берудің маңызды аспектісі болып табылады, 
ол білім алушылардың тез өзгеріп жатқан әлемде өмірге бейімделуіне көмекте-
седі. Пәндік құзыреттер - бұл білім алушылардың белгілі бір пәнді оқып-үйрену 
шеңберінде алатын білім, білік және дағдылары. Негізгі құзыреттер - түрлі өмір-
лік жағдайларда қолдануға болатын әмбебап дағдылар.
Пәндік құзыреттерді дамыту, білім алушыларға пәннің теориясы мен прин-
циптерін тереңдетіп үйрету арқылы, болашақта олардың кәсіби және өмірлік 
жағдайларын реттеуге мүмкіндік береді. Негізгі құзыреттерді дамыту өз бетінше 
оқуға, командада жұмыс істеуге, өмірде табысты болу үшін заманауи технологи-
яларды қолдануға және жылдам өзгеретін заман жағдаяттарына тез бейімделу-
ге, дұрыс шешім қабылдауға және мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. «6.2.3.3 
шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақтың ұлттық мә-
дениет элементтерін пайдалану» оқыту мақсатын жүзеге асыруда білім алушы-


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
54
ларға қазақтың ұлттық мәдениет нақыштары негізінде шығармашылық жұмы-
старды жасау жолдарын үйрету ұсынылады, бұл білім алушылардың сол арқылы 
ақпарат пен ресурстарды іздеу дағдыларын дамытуға, шығармашылық жұмыста 
өнімді шешудің бірнеше нұсқаларын іздеуге, сыныптастарымен қарым-қатынас 
жасауға, міндеттерді бөлуге, басқа сыныптастарының пікірін құрметтеу және 
жалпы нәтижеге қол жеткізуге және т. б. мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет