Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет35/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

Назар аударыңыз! 
Үлгерімі төмен білім алушылармен жүргізілетін жұмыс бойынша әдістемелік ұсы-
нымдармен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы сайтынан танысуға 
болады https://uba.edu.kz/qaz/metodology/3 
2.5 «ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР» білім беру саласы
ҮОЖ, ҮОБ іске асыру ерекшеліктері. 
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жал-
пыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағар-
ту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес «Технология 
және өнер» білім беру саласы аясында: 
• 
бастауыш білім беру деңгейінде «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» (1-3 сы-
ныптар), «Көркем еңбек» (4-сынып), «Музыка» (1-4-сыныптар); 
• 
негізгі орта білім беру деңгейінде «Музыка» (5-6-сыныптар), «Көркем еңбек» 
(5-9-сыныптар); 
• 
жалпы орта білім беру деңгейінде «Графика және жобалау» (10-11 сыныптар) 
оқу пәндері оқытылады. 
«Технология және өнер» білім беру саласындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы 
орта білім деңгейлерінің мазмұны: Қазақстанның және әлем халықтарының көр-
кем және мәдени мұрасын зерделеу; өнер мен дизайнның көркемдік әдістері 
арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамыту; қор-
шаған дүниенің бейнесін тұтас қабылдауды, өскелең ұрпақтың жалпы мәдени-
етін дамытуға, білім алушылардың эстетикалық, рухани-адамгершілік және эмо-
ционалдық саласын дамытуға бағытталған эстетикалық, еңбек тәрбиесі. 
Аталған оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республика-
сында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын 
бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының 1-3, 11-15,103- 


БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
51
(1-4 сыныптар), 6-8, 16-20,104- (5-9 сыныптар), 22, 24, 26, 27, 28,105 (10-11 сыныптар) 
қосымшаларында берілген. 
«Бейнелеу өнері»( 30-қосымшаға сәйкес 1-4-сыныптар), «Еңбекке баулу» (31-қо-
сымшаға сәйкес 1-4-сыныптар), «Көркем еңбек» (32-қосымшаға сәйкес 1-4-сы-
ныптар, 66-қосымшаға сәйкес 5-9-сыныптар), «Музыка»( 33-қосымшаға сәй-
кес 1-4-сыныптар, 65-қосымшаға сәйкес 5-6-сыныптар) және «Графика және 
жобалау» (129-қосымшаға сәйкес 10-11-сыныптар) оқу пәндерін оқыту «Жалпы 
білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, 
негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік 
оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту ми-
нистрінің 2022 жылғы16 қыркүйектегі № 399 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу 
бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет