Қолайлы мектеп климатын, педагогтердің мінез-құлқы мен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және олардың білім алушылардың мінез-құлқы- на әсері Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері оқу-тәрбие процесінде
қолайлы мектеп климатын, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетін қалып-
тастыруда шешуші рөл атқарады. Осыған байланысты ұсынылады:
1. Мектеп климатын құру және қолдау ‒
білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
‒
ынтымақтастық пен қолдау атмосферасын қалыптастыру;
‒
білім беру ұйымының оқу ортасын, оның ішінде сынып бөлмесінің ауа са-
пасын, температуралық режимін және жарықтандыруды жақсарту.
2. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетін дамыту ‒
«Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарын қол-
дайтын ережелерді әзірлеу және енгізу;
‒
білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін этикалық нормаларды
белгілеу;
‒
барлық білім алушылардың тұлғалық өсуіне ықпал ететін инклюзивті орта
құру.
3. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетін қолдау ‒
педагогтер, білім алушылар және ата-аналар / немесе заңды өкілдер ара-
сында сыйластық қарым-қатынас орнату;
‒
білім алушылар арасында достық пен өзара сыйластық қарым-қатына-
старды дамытуға қолдау көрсету;
‒
ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту арқылы білім алушылардың
әл-ауқатына жағдай жасау.
Орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру Кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілет-
тері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және
кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және са-
налы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек
беру («Білім туралы» Заңы).
Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы басшының тәрбие және бейіндік жұ-
мыс жөніндегі орынбасарының, педагог-кәсіптік бағдар берушінің, сынып же-
текшісінің, мектеп психологының, пән педагогтерінің, әлеуметтік педагогтердің
басшылығымен «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009
жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
77
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі бағыттары: