Назар аударыңыз!
Мектептердегі кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша әдістемелік ұсыныстармен Ы.
Алтынсарин атындағы ҰБА-ның сайтында танысуға болады: https://uba.edu.kz/qaz/
metodology/3
Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталықтарының қызметін
ұйымдастыру
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары балаларды оқыту және тәр-
биелеу мәселелері бойынша мектептер мен ата-аналардың өзара іс-қимылын
күшейту, ата-аналар арасында оң мәдениетті дамыту мақсатында ұйымдастыры-
лады.
Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсетудің міндеттері:
1. балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін позитивті ата-ана мәдениетін,
ата-аналардың психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін
дамыту үшін ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
2. орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен
дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту;
3. балаларды тәрбиелеу және дамыту үшін ата-аналардың жауапкершілігін арт-
тыру.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
79
Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталықтарының қызметін ұйымдасты-
рудың ерекшеліктері:
•
басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары орталықтың қызметін
ұйымдастыруды жүзеге асырады: жоспарлау, кесте құру, бақылау;
•
ата-аналарға педагогикалық қолдауды сынып жетекшілері, педагог-
психологтар, әлеуметтік педагогтар, қосымша білім беру педагогтері жүзеге
асырады;
•
ата-аналардың сұранысын ескере отырып, ұсынылатын бағдарламаның 30%
- на дейінгі көлемде сабақтардың тақырыптарын өз бетінше анықтауға жол
беріледі;
•
қосымша ата-аналар жұртшылығының аға буынының белсенді өкілдерін
тарта отырып, «Даналық мектебі» клубын ұйымдастыру ұсынылады.
Назар аударыңыз!
Ата-аналармен жұмысты қолдау мақсатында цифрлық платформасы ұсынылады:
https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/main
Ата-ана тәрбиесі барысында келесі интерактивті формалар қолданылады: дөң-
гелек үстел (пікірталас, пікірталас); миға шабуыл (брейнсторм, ми шабуылы);
іскерлік және рөлдік ойындар; case-study (нақты жағдайларды талдау, ситуаци-
ялық талдау); мастер-класс; тренинг, тренингтік жаттығу.
2024–2025 оқу жылында ата-аналарды қолдау орталықтары әртүрлі жас топта-
рындағы балалардың ата-аналары үшін 2.0 бағдарламасын ұсынылады. Са-
бақтардың мазмұны балалардың физикалық, когнитивтік, эмоционалдық және
әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуде ата-аналардың құзыреттілігін дамытуға
арналады.
Психикалық денсаулық, ұйқы, тамақтану, есте сақтау, ойлау, қарым-қатынас дағ-
дыларын дамыту, эмпатия, қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті және т.б. мәселелері
қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
80
Достарыңызбен бөлісу: |