Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет57/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

Назар аударыңыз! 
Инклюзивті ортада білім беру процесін ұйымдастыру бойынша мектеп әкімшілігіне 
арналған әдістемелік ұсынымдармен https://uba.edu.kz/qaz/metodology/3?page=22 
Академия сайтынан танысуға болады
Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес психологиялық-пе-
дагогикалық қолдау деп жүйелі-ұйымдастырылған қызмет түсініледі. Ол келе-
сілерді қамтиды: 
1. ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ерекше білім беру қажеттілік-
терін анықтауды және бағалау
2. педагогтер мен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың отбасына кон-
сультативтік-әдістемелік көмек көрсету; 
3. ерекше білім беруді қажет ететін балалардың табысты оқыту, дамыту және 
әлеуметтендіру үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдай-
лар жасау. 
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қол-
даудың жеке бағдарламалары: жеке оқу жоспарлары, жеке оқу бағдарламалары, 
мамандардың жеке дамытушы бағдарламалары, психологиялық-педагогикалық 


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
82
қолдау үшін ерекше білім беруді қажет ететін балалардың тізімі. Аталған бағдар-
ламалар білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі және білім алушылардың 
ата-аналарымен келісіледі. 
Назар аударыңыз! 
Жалпы білім беретін мектептің оқу процесінде ерекше білім беруді қажет ететін 
білім алушыларды қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдармен Академия сай-
тынан танысуға болады: https://uba.edu.kz/qaz/metodology/3?page=22
Жалпы білім беретін мектепте зияты зақымдалған білім алушыларды психо-
логиялық-педагогикалық қолдау 
№4 бұйрықпен бекітілген Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидала-
рына ҚР БҒМ МДОБК 04.04.2022 ж. № 1-6/543 әдістемелік нұсқау хатына сәйкес 
жалпы сыныпта/топта оқитын зияты зақымдалған балаларға оқу жоспарлары 
мен оқу бағдарламаларын келесі түрде өзгерту ұсынылады: 
1. ПМПК ұсынымы бойынша негізгі оқу пәндері бойынша жеке оқу жоспарлары 
мен жеке оқу бағдарламаларын құру. Оқу бағдарламаларын даралау баста-
уыш және негізгі орта білім беру сатыларында жүзеге асырылады. 
2. Жеке оқу жоспары жалпы білім беретін мектептер үшін негізгі орта білім бе-
рудің Үлгілік оқу жоспары негізінде құрылады, одан олардың ең аз мазмұнын 
игеруге білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері кедергі 
келтіретін оқу пәндері алынып тасталады. 
Оқулықтарды, оқу құралдарын, жұмыс дәптерлерін іріктеу, жеке оқу материалда-
рын дайындау жеке оқу бағдарламасының мазмұнына және оқытудың қолданы-
латын әдістеріне сәйкес жүзеге асырылады. 
Жалпы білім беретін сыныпта оқыту психологиялық-педагогикалық қолдау ма-
мандарының кабинеті жағдайында оқу процесін ұйымдастырумен ұштасты-
рылуы мүмкін. Мұндай оқыту уақытша негізде мінез-құлық проблемалары неме-
се оқу қиындықтары айқын және бағдарламаны меңгерудегі үлкен олқылықтары 
(артта қалуы) бар білім алушыларға, тұрақты негізде – жеке оқу бағдарламасы 
бойынша жекелеген оқу пәндері бойынша зияты зақымдалған білім алушы-
ларға ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет