Мектепте инклюзивті мәдениетті қалыптастыру Мектептерде инклюзивті мәдениетті қалыптастыру мақсатында келесі жұмыс
түрлерін ұйымдастырған жөн:
• ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарының қатысуымен
ата-аналар клубтары;
• ерекше білім беруді қажет ететін балалардың өзге қатарластарымен бей-
ресми қарым-қатынасының әртүрлі формалары: көгалға шығу, шай ішу, ой-
ындар, мерекелерді бірге өткізу, мұражайларға бару, экскурсиялар, әлеумет-
тік желілердегі байланыс және т.б.;
• балалар мен сынып ата-аналарының, пән педагогтерінің, сынып жетекшісінің,
педагог-психологтің, әлеуметтік педагогтің, логопедтің (педагог-дефектолог),
медицина қызметкерінің, педагог-ассистенттің қатысуымен ерекше білім бе-
руді қажет ететін балаларға көмек көрсетудің ерекшеліктері мен жолдарын
талқылау бойынша консилиумдар;
• ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың табысты өмірі мен кәсіби ман-
сабын, өз қабілетін жүзеге асыруын көрсететін көркем фильмдерді балалар-
дың, ата-аналардың және сынып педагогтерінің бірлесіп қарауы және талқы-
лауы;
• ерекше білім беруді қажет ететін балаға пәрменді көмек көрсете алған пе-
дагогтердің ата-аналарға, әріптестерге тәжірибемен бөлісуге арналған ма-
стер-класстары мен тренингтері, ашық сабақтары және консультациялары;
• сыныпта білім беру процесінің барлық қатысушыларымен (педагогтер, бала-
лар, ата-аналар) туындаған проблемалар мен оларды шешу жолдарын бір-
лесіп талқылау;
• сыныпта оқитын ерекше білім беруді қажет ететін нақты балалардың ерек-
шеліктері және оны қолдау тәсілдері туралы мамандардың (психолог, дефек-
толог, медицина қызметкері) дәрістері мен консультациялары.
Назар аударыңыз! Мектепте инклюзивті мәдениетті дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдармен
Академия сайтынан келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://uba.edu.kz/
qaz/metodology/3?page=22
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
86