Қорытынды аттестаттау 9 (10) және 11 (12) сыныптарды аяқтағаннан кейін қорытынды аттестаттау Білім
алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды атте-
статтауды жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Қорытынды аттестаттаудың мақсаты – білім алушылардың тиісті білім деңгейінің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін
меңгеру дәрежесін айқындау. Аттестаттауды өткізу нысаны – қорытынды қоры-
тынды емтихандар (9 (10) сынып) және мемлекеттік қорытынды емтихандар (11
(12) сынып). Қорытынды аттестаттаудың мазмұны және күтілетін нәтижелер әр-
бір пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен реттеледі. 9 (10) сынып білім
алушыларына арналған емтихан материалдарын (тапсырмалар мен Балл қою
схемалары) облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың білім
басқармалары, 11 (12) сынып білім алушылары үшін – «НЗМ» ДББҰ әзірлейді.
Пәндер бойынша 9 (10) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау нәти-
желері балл түрінде журналға қойылады және емтихан балдарын емтихан баға-
сына ауыстыру шкаласы бойынша ауыстырылады. 9 (10) және 11 (12) сыныптарда
пән бойынша қорытынды бағалар шығарылған кезде қорытынды баға емтихан
нәтижелері (бес балдық шкала бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық баға-
лар (бес балдық шкала бойынша) негізінде 30-дан 70-ке пайыздық арақатынаста
қойылады. Қорытынды бағалауды дөңгелектеу ең жақын бүтінге жүргізіледі.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері жаңа оқу жылы басталар
алдында оқу жылындағы жұмыс қорытындылары бойынша педагогикалық кеңе-
сте талқыланады. Талқылау нәтижелері бойынша педагогикалық кеңес оқу-тәр-
бие жұмысының сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдайды.
ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
95
Сыртқы бағалау ерекшеліктері (ББЖМ, PISA)