Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


ФБ, БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша 2-11 сынып білім алушыларына тоқ-



Pdf көрінісі
бет67/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

ФБ, БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша 2-11 сынып білім алушыларына тоқ-
сандағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады. 
Баллдар мен бағаларды қою бөлігінде педагогтер мыналарды ескереді: 
• 
ФБ үшін максималды балл 2-11 сыныптарда 1-ден 10 баллға дейін болуы керек 
(әр сабақта ФО үшін балл қою міндетті емес);
• 
БЖБ үшін ең жоғары балл 1-4 сыныптарда 7-ден 15 балға дейін, 5-11(12) сынып-
тарда 7-ден 20 балға дейін;
• 
БЖБ және ТЖБ үшін қорытынды балды қою кезінде оқу тапсырмалары мен 
міндеттерінің шарттарын белгілеу және ресімдеу ескерілмейді, мінез-құлық 
үшін балдар төмендетілмейді;
• 
ФБ, БЖБ және ТЖБ балдары электрондық журналдарда қойылады;
• 
білім алушылардан алынған нәтижелер балдарды аудару шкаласы бойынша 
тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады (балдардың пайыздық құра-
мынан бағаға): 0%-39% – «2» бағасы, 40%-64% – «3» бағасы, 65%-84% – «4» баға-
сы, 85%-100% – «5» бағасы;
• 
тоқсандық баға 25%, 25% және 50% арақатынаста ФБ, БЖБ және ТЖБ нәтиже-
лері негізінде қойылады;
• 
2-11 (12) сынып білім алушыларының оқу пәндері бойынша жылдық бағасы ең 
жақын бүтінге дөңгелектей отырып, тоқсандық бағалар сомасының орташа 
арифметикалық мәні ретінде қойылады және қорытынды баға болып табы-
лады.
Қазақ тілі бойынша емтихан 
2023-2024 оқу жылынан бастап 5-8 және 10 сынып білім алушылары академи-
ялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінен емтихан тапсырады. Бағалаудың бұл 
түрі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың 
үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүр-
гізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі (ҚР Білім және ғылым мини-
стрінің 2018 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы).
Тапсырмаларды педагогтер академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып 
дербес жасайды және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді. Емтихан қазақ 
тілінде МЖМБС сәйкес жазбаша және ауызша нысанда өткізіледі. Емтиханды өт-
кізу уақытын білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі айқындайды.


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
94
«Қазақ тілі» пәні бойынша қазақ тілінде оқытатын мектептерде емтиханда келесі 
бөлімдер бойынша дағдылар тексеріледі: оқу, жазу, сөйлеу нормаларын сақтау. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде 
емтиханда тыңдау (тыңдалым), сөйлеу, оқу, жазу, тілдік бірліктерді пайдалану си-
яқты сөйлеу қызметінің түрлері тексеріледі.
Емтихан жұмыстарын бағалау кезінде педагогтер бағаланатын сөйлеу әрекетінің 
әрбір түрі бойынша білім алушылардың «күшті» (балл), «орташа» (3-4 балл) және 
«әлсіз» (1-2 балл) жұмыстарын сипаттайтын айдарларды қолданады.
«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша қорытынды баға емти-
хан (бес балдық шкала бойынша) және жылдық бағалау (бес балдық шкала бой-
ынша) нәтижелері негізінде 30-дан 70-ке пайыздық қатынаста қойылады. Қоры-
тынды бағалауды дөңгелектеу ең жақын бүтінге жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет