• академиялық адалдық қағидаттарына негізделген формативті (қалыптасты-
рушы) бағалау тәжірибесінің маңыздылығына сенімді;
• мектептің дамуына ықпал ететін шешімдер қабылдау үшін сыныпта бағалау
деректерін пайдалануда кәсібилік, сенімділік және әдептілік танытады;
• бағалау деректерін, оның ішінде олардың сенімділігі мен жарамдылығын
талдауды түсінеді;
• үздіксіз кәсіптік оқыту және педагогтармен өзара іс-қимыл жасау есебінен
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
92
бағалау саласында өзінің сауаттылығын арттырады;
• мектепте бағалау саласындағы педагогтердің кәсіби дамуы мен қолдауына
негізделген бағалау мәдениетін насихаттайды.
Назар аударыңыз! Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін жетілдіру бой-
ынша әдістемелік ұсынымдармен Академия сайтынан танысуға болады https://
uba.edu.kz/qaz/metodology/3
Жиынтық бағалау Жиынтық бағалау (ЖБ) бөлімдерді / өтпелі тақырыптарды (БЖБ), тоқсанды (ТЖБ),
оқу жылын (9 және 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау) зерде-
леу аяқталғаннан кейін оқу материалының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау
және белгілеу үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды білдіреді.
Педагогпен бірге ЖБ өткізген кезде келесі нормаларды басшылыққа алады: • нысанды (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе,
диктант, презентация, эссе, тестілеу) және БЖБ орындау үшін сабақта өт-
кізілетін уақытты педагог
дербес айқындайды;
• ЖБ жүргізу кезінде педагогтердің ТЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу
кезінде, білім алушылардың – оларды орындау кезінде
академиялық адал - дық қағидаттарын сақтауы жоғары маңызға ие.
• ЖБ тапсырмаларын педагогтер
дербес құрастырады және
үлгілік оқу бағдар - ламаларына сәйкес білім алушылар өткен материалды қамтиды.
• ТЖБ тапсырмаларының жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін оны өткізер
алдында
педагогтардың әдістемелік бірлестігінің отырысында тапсырма-
лардың оқу мақсаттарына сәйкестігі, тапсырмалар көлемі, тапсырмаларды
орындауға арналған нұсқаулықтар, орындалу уақыты талқыланады. Осылай-
ша, бағалаудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін балл қо-
юды стандарттау жүргізіледі;
• БЖБ тоқсанына үш реттен артық емес жүргізіледі. Бөлімдер/тақырыптар тоқ-
сандағы төрт немесе одан да көп бөлімдерді / тақырыптарды зерттеу кезінде
тақырыптардың ерекшеліктерін және оқу мақсаттарының санын ескере оты-
рып біріктіріледі. Оны екі кезеңде жүргізуге рұқсат етіледі;
• оқу пәндерінің күрделілік деңгейін ескере отырып, бір күнде үштен аспай-
тын ТЖБ өткізіледі. ТЖБ тоқсанды аяқтаудың соңғы күнінде және бір уақытта
бір оқу пәні бойынша БЖБ және ТЖБ өткізілмейді;
ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
93
• ТЖБ жазбаша нысанда өткізілетін оқу пәндері бойынша даулы мәселелер
туындаған кезде оқыту нәтижелерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз
ету үшін педагогикалық кеңестің шешімі бойынша педагогтер эссе үшін баға
қойылғанға дейін 1 (бір) күннен кешіктірмей
модерация жүргізеді.