ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
97
дағдылар қажет.
Математика, алгебра және геометрия педагогтері кеңістіктік және сыни ойлау,
тәжірибеге бағытталған мәселелерді шешу, диаграммалар мен графиктер түрін-
дегі есептерді модельдеу және т. б. сияқты дағдыларды бағалайтын тапсырма-
ларды әзірлеуге ерекше назар аудара алады.
Жаратылыстану пәндерінің педагогтері оқу процесінде жаратылыстану
ғылымдарын зерттеудің нақты әлеммен байланысын күшейткен жөн. Мысалы,
олар қоршаған ортаны сақтау үшін жүйелік ойлауды қолдану, ғылыми дерек-
терді сыни тұрғыдан түсіндіру, топтық немесе жеке зерттеу жобаларын ұйымда-
стыру мысалдарын келтіре алады.
Жалпы, пән педагогтері ББЖМ, PISA және басқа да халықаралық салыстырма-
лы зерттеулердің (TIMSS, PIRLS) үлгілерін оларды бейімдеу немесе білім алушы-
лардың білім беру мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, өз тапсы-
рмаларын жасау үшін пайдалана алады. Сондай-ақ оқытудың интерактивтілігін
қамтамасыз ету үшін сабақтарда әртүрлі технологияларды (Интернет, презента-
циялар, бейнероликтер және т.б.) және ақпарат көздерін (ғылыми мақалалар,
статистикалық деректер, инфографика және т. б.) біріктіру маңызды.
Қолданылатын әдістер мен стратегиялардың үлкен тиімділігіне қол жеткізу үшін
педагогтерге мектеп, аудан/қала және облыс деңгейінде әріптестерімен өзара
іс-қимыл жасау ұсынылады.
Технологияның дамуына және әлемнің білім беру жүйелеріндегі басқа жағдай-
ларға байланысты сауаттылықтың әртүрлі түрлерінің білімі мен дағдыларының
өлшенетін аспектілері үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан мектептер PISA-2025
шеңберін зерттеуге ерекше назар аударуы керек. Сонымен, 2025 жылғы зертте-
уде шет тілдерін бағалауға және цифрлық құралдар мен тәжірибелерді пайда-
лана отырып проблемаларды шешу дағдыларына қосымша назар аудара оты-
рып, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бағалаудың басым саласы болады.
Достарыңызбен бөлісу: