Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
84
«Орта,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттар-
дың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім тура-
лы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен
беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған
адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республи-
касы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына
сәйкес зияты зақымдалған жалпы білім беретін мектептердің түлектері БТ сери-
ясының аттестатын алады, оған Қосымшада білім алушыларға қандай оқу пән-
дері оқытылмағаны көрсетіледі.
Назар аударыңыз!
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қорытынды аттестаттауды ұйымдасты-
ру бойынша әдістемелік ұсынымдармен Академияның сайтынан келесі сілтеме
бойынша танысуға болады: https://uba.edu.kz/qaz/metodology/3?page=22
Мектепте педагог-ассистенттің қызметін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы
12 қаңтардағы № 6 бұйрығына сәйкес педагог-ассистенттің қызметтері ПМПК
ұсынымдары негізінде психофизикалық дамуы
мен мінез-құлық бұзылыстары
бар білім алушыларға тұрақты негізде ұсынылады.
№ 4 бұйрықпен бекітілген Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидала-
рына ҚР БҒМ МДОБК 04.04.2022 ж. № 1-6/543 әдістемелік нұсқау хатына сәйкес
педагог-ассистенттің жеке сүйемелдеуі мінез-құлық бұзылыстары келесі сипат-
та көрінетін білім алушыларға ұсынылады:
1. білім алушының сабақта мінез-құлық ережелерін орындай алмауы: партада
отыра алмайды, орнынан тұрады, сыныпта жүреді; мұғалімнің талаптарын
орындамайды;
2. білім алушының не істеу керектігін түсінуін қамтамасыз ету үшін үнемі жеке
көмек пен мұғалімнің қолдауы қажет болған
кезде мұғалімнің фронтальді
нұсқаулары мен ауызша түсіндірмелерін қабылдау немесе түсіну қиындықта-
ры;
3. сабақта өзін-өзі ұйымдастырудың және өзін-өзі бақылаудың қиындықтары:
білім алушы сабаққа өзі дайындала алмайды, ересек адамның көмегінсіз сы-
нып жұмысына қосыла алмайды, сынып тапсырмаларын орындамайды;
4. мінез-құлық және эмоциялық бұзылыстары бар білім алушылар: білім алушы
дауыстап сөйлейді, себепсіз күледі, айқайлайды, жылайды, балалардың на-
зарын өзіне аудартады және сынып/топтың жұмысына кедергі келтіреді; сы-
ныптастарына,
тәрбиешілеріне, басқа адамдарға (ұрады, тістейді, заттарды
лақтырады және т.б.) өзіне және/немесе өзгелерге агрессия көрсетеді.
ИНКЛЮЗИВТІ
БІЛІМ БЕРУ
85
Педагог-ассистенттің мектептегі көмегі уақытша негізде – баланың сыныпта/топ-
та өз бетінше оқу қабілетін қалыптастырғанға дейін немесе қарым-қатынас пен
әлеуметтік өзара әрекеттестігі тұрақты бұзылған балаларға тұрақты негізде ұсы-
нылады.
Достарыңызбен бөлісу: