Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


«Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын



Pdf көрінісі
бет81/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

«Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын 
жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасы.
Ақтөбе облысында ауыл мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты қысқар-
ту, цифрлық технологияларды енгізу арқылы шағын жинақты мектептердің әле-
уетін арттыру мақсатында пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Жоба цифрлық 
шешімдердің үш моделі аясында жүзеге асырылуда: «Стриминг», «Шағын жи-
нақты мектептердегі тірек мектебінің сабағы» және «Цифрлық шешімдерді пай-
далана отырып, офлайн сабақтарды өткізу».
Жобаны жүзеге асыру барысында педагогтер мен білім алушылардың цифр-
лық мәдениет, цифрлық гигиена, цифрлық кеңістікте жұмыс істеу дағдылары, 
қашықтан оқыту құзыреттерін дамытты. Педагогтер қашықтан оқыту үшін білім 
беру платформаларын тиімді пайдалану, цифрлық шешімдерді пайдалана оты-
рып оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу дағдыларын меңгерді. Жоба нәти-
желерін 2024–2025 оқу жылында кеңейту жоспарлануда.


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
110
Педагогтердің авторлық бағдарламалары
Педагогтердің авторлық бағдарламалары – білім беру сапасын арттыру, білім 
алушылардың пәндік білімі мен құзыреттерін тереңдету және кеңейту мақса-
тында инновациялық педагогикалық іс-әрекет аясында әзірлеп, жүзеге асыра-
тын шығармашыл педагогтердің білім беру жобалары.
Орта білім беру ұйымдарында оқыту сапасын арттыруға бағытталған авторлық 
бағдарламаларды әзірлеу және енгізу арқылы инновациялық педагогикалық 
тәжірибені тарату тәжірибесі кең өріс алуда.
Педагогтердің авторлық бағдарламалары Республикалық оқу-әдістемелік 
кеңесінде (РОӘК) сарапталып, бекітіледі. 
Назар аударыңыз! 
РОӘК бекіткен авторлық бағдарламалар тізімімен сайтта танысуға болады RUMS 
new 2323232323232323.pdf (uba.edu.kz) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет