БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІ МЕН БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ
109
мониторинг,
қадағалау, талдау және сапаны түзетудің онлайн жүйесін енгізуде.
Пилоттық орта білім беру ұйымдарындағы сапа мониторингі альфа, бета, гам-
ма білім алушылардың көп деңгейлі топтарына негізделген оқыту сапасының
тұрақты индексі (ОСТИ) бойынша өлшенеді.
«Жасыл мектеп» жобасы
Алматы, Астана және Шымкент қалаларының орта білім беру ұйымдарында Бо-
лат Өтемұратов Қорының «Жасыл мектеп» жобасы іске асырылуда, оның шең-
берінде жыл бойы қызмет ететін 36 мектеп жылыжайы салынып, жұмыс істейді.
Жоба жылыжайдағы өсімдіктерге, көкөніс және жеміс-жидек дақылдарына күтім
жасау бойынша жұмысқа қосу арқылы білім алушылардың экологиялық білімін
мен экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған.
Эко-білім беруді дамыту жаратылыстану-ғылыми бағыттағы жалпы білім беретін
пәндер бойынша практикалық сабақтар, қосымша білім беру шеңберіндегі үйір-
ме жұмыстары, жылыжайлар базасында оқу және оқудан тыс қызмет шеңберін-
де білім алушылардың ғылыми зерттеулері мен ғылыми жобаларын ұйымдасты-
ру арқылы іске асырылады.
1-4, 5-6-сыныптарда «Жаратылыстану»
пәні бойынша, 7-9 сыныптарда «Биоло-
гия», «Физика» пәндері бойынша оқу сабақтары шеңберінде жылыжайлардағы
практикалық сабақтар білім алушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді: құбылыстарды ғылыми түсіндіру, ғылы-
ми мәселелерді тану және жаратылыстану-ғылыми зерттеулер әдістерін қолда-
ну, деректерді түсіндіру және қорытынды жасау үшін ғылыми дәлелдерді қолда-
ну.
Достарыңызбен бөлісу: