Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
40
экономикалық, саяси, әлеуметтанулық ақпарат көздерінің материалдары бой-
ынша негізделген қорытындылар жасау, зерделеу, талдау дағдыларын қалып-
тастыру және олардың негізінде тәуелсіз пайымдаулар жасау, өз шешімдерін
қабылдау; патриотизмге тәрбиелеу, құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға
бағытталған.
Қазақстан тарихын зерделеуде:
•
әлемдік тарихи үдерістер аясында түркі өркениеті құндылықтары негізінде
білім алушылардың тарихи санасын және жасампаз дүниетанымын қалыпта-
стыруға басымдық беру;
•
Түрік қағандығы, Ұлық Ұлыс – Жошы Ұлысы мемлекеттерін қазақ мемлекет-
тігінің бастауы ретінде көрсетіп, қазақ халқының тарихын тұтастықта және
бірізділікте оқыту ұсынылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Адам және қоғам» білім беру саласы оқу
пәндерінің мазмұны білім алушылардың саяси, әлеуметтік-экономикалық және
мәдени тарихы мен құқықтық сауаттылығының негізгі мәселелері бойынша
білімдерін қалыптастыруға, демократиялық құқықтық қоғамның құндылықта-
рын түсінуге бағытталған. Білім алушыларда тарихи оқиғалар, құбылыстар мен
процестерін талдау, жіктеу, жүйелеу, жинақтау және бағалауға негізделген та-
рихи ойлау дағдыларын, құқықтық нормалар, заңдар мен нормативтік құқықтық
актілер негізінде құқықтық жағдаяттарды талдау, бағалау үшін қажетті құқықтық
сауаттылығын дамытуды көздейді.
Аталған оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республика-
сында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын
бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының 1-3, 11-15,103
(1-4 сыныптар) қосымшаларында, 6-8, 16-20,104 (5-9 сыныптар) қосымшаларында,
21-30, 85-90,105,106- (10-11 сыныптар) қосымшаларында берілген.
«Дүниетану»( 29-қосымшаға сәйкес 1-4-сыныптар), «Қазақстан тарихы» (61-қо-
сымшаға сәйкес 5-9-сыныптар; 118-қосымшаға сәйкес 10-11-сыныптар), «Дүни-
ежүзі тарихы» (62-қосымшаға сәйкес 5-9-сыныптар; 119-қосымшаға сәйкес ЖМБ
10-11-сыныптары; 120-қосымшаға сәйкес ҚГБ) және «Құқық негіздері» (63-қосым-
шаға сәйкес 9-сынып; 121-қосымшаға сәйкес ЖМБ 10-11-сыныптары; 122-қосым-
шаға сәйкес ҚГБ) оқу пәндерін оқыту «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған
жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім
деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы16 қыркүйектегі №
399 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асыры-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: