ұжымдық шығармашылық жұмысты орындау барысында диалог жүргізу, функциялар мен рөлдерді бөлу қабілетін меңгеру;
қосымша бейнелеу материалдарын іздеу барысында, шығармашылық жобалар мен жеке шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалану;
қойылған міндетке сәйкес оқу іс-әрекеттерін сауатты жоспарлай және әр түрлі көркем-шығармашылық міндеттерді жүзеге асыра білу, шешім нұсқаларын таба білу;
өзіндік шығармашылық қызметті тиімді жоспарлай білу, жұмыс орнын ұйымдастыра білу;
жаңа білім мен дағдыларды игеруге және терең шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге саналы түрде ұмтылу.
Пәндік нәтижелер- оқу пәнін игеру барысында оқушылардың көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттегі алған тәжірибесін сипаттайды:
көркем іс-әрекет түрлерін білу: бейнелеу (кескіндеме, графика, мүсін), конструктивтік (дизайн және сәулет),