«Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес:
бастауыш білім беру деңгейінде «Әліппе» (1-сынып), «Ана тілі» (1-сынып), «Букварь» (1-сынып), «Обучение грамоте» (1-сынып), «Қазақ тілі» (2-4-сыныптар), «Қазақ тілі» (оқыту орыс тіліндегі 1-4-сыныптар), «Әдебиеттік оқу» (2-4-сыныптар), «Орыс тілі» (2-4-сыныптар), «Шетел тілі» (3-4-сыныптар);
негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақ тілі» (5-9-сыныптар), «Қазақ тілі мен әдебиеті» (5-9-сыныптар), «Орыс тілі» (5-9-сыныптар), «Өзбек тілі»,
«Ұйғыр тілі», «Тәжік тілі» (5-9-сыныптар), «Шетел тілі» (5-9-сыныптар), «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті» (5-9-сыныптар), «Орыс тілі мен әдебиеті» (5-9- сыныптар), «Өзбек әдебиеті», «Ұйғыр әдебиеті», «Тәжік әдебиеті» (5-9- сыныптар);
жалпы орта білім беру деңгейінде оқытудың екі бағыты бойынша:
«Қазақ тілі» (10-11-сыныптар), «Қазақ тілі мен әдебиеті» (10-11-сыныптар),
«Орыс тілі» (10-11-сыныптар), «Өзбек тілі», «Ұйғыр тілі», «Тәжік тілі» (10-11- сыныптар), «Шетел тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті» (10-11-сыныптар),
«Орыс тілі мен әдебиеті» (10-11-сыныптар), «Өзбек әдебиеті», «Ұйғыр әдебиеті», «Тәжік әдебиеті» (10-11-сыныптар) пәндері оқытылады.
Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының (өзгерістер мен толықтырулар ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж. № 412 бұйрығымен енгізілген) 1–3, 11–15-қосымшаларында (1-4-сыныптар), 6–8, 16–
қосымшаларында (5-9-сыныптар), 21–30, 85–90-қосымшаларында (10-11- сыныптар) көрсетілген.
2023-2024 оқу жылының ерекшелігі – 2-сынып оқушылары үшін орыс тілін енгізу. Егер ана тілінде қалыптасқан сөйлеу дағдыларына және осы жаста тілдік материалды икемді және жылдам есте сақтау ерекшелігіне, табиғи қарым- қатынас және тілдік тосқауылдың болмауына сүйенсек, білім алушылар үшін екінші тілді (орыс тілін) оқыту анағұрлым сапалы болады. Бастауыш мектепте
екінші тілді оқыту ойын түрінде немесе өз міндетін орындау жағдайында өтуі керек, яғни қарым-қатынас құралы болуы керек.
Ақпарат алмасу, тілдік материал ретінде мәтінмен жұмыс жасау, фразалар мен сөз тіркестерінің мәнін түсіну және оларды нақты жағдайларда қолдану үшін коммуникативті дағдыларды дамыту ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |