Қосымша білім беру педагогының лауазымдық нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1.1. Қосымша білім беру педагогы директоры тарапынан қабылданады және босатылады.
1.2. Біліктілік талаптары.
Қосымша білім беру педагогы лауазымына орта және жоғары кәсіби білімі бар тұлға, жұмыс стажына талап қойылмастан қабылданады.
Қосымша білім беру педагогы сыналарды білуге тиісті:
- ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» және басқа да білім беру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді;
- бағдарламалар мен оқулықтарды; оқу кабинетін жабдықтап, жарақтандыру ісіне қойлатын талаптарды; оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін;
- педагогика ғылымының негізгі даму бағыттарын;
- тәрбиеленушілер қалауы мен талап-тілектерінің өзіндік даму ерекшеліктерін, олардың шығармашылық қызметі негіздерін;
- таланттарды іздестіру және оларды қолдау әдістемесін, ғылыми-техникалық, эстетикалық, сауықтыру-спорт және демалыс, ойын-сауық шараларының, үйірмелер, секциялар, студиялар, клуб бірлестіктері бағдарламаларының мәнін, әдістемелерін және оларды ұйымдастыруды;
- балалар ұжымдары, ұйымдары мен қауымдастықтары қызметінің негіздерін;
- еңбек туралы заңнама негіздерін;
- санитарлық ережелер мен нормаларды.
2. Лауазымдық міндеттері
Қосымша білім беру педагогы мынадай міндеттерді атқарады:
- оқушылардың (тәрбиеленушілердің) қосымша білім алуын жүзеге асырады, олардың әртүрлі шығармашылық қызметін дамытады;
- үйірмелердің, секциялардың, клуб бірлестіктерінің және өзге де балалар бірлестіктерінің оқушылар (тәрбиеленушілер) құрамын жасақтайды және олардың оқу мерзімі ішінде тұрақты сақталуын қамтамасыз етуге байланысты шаралар қолданады;
- жұмысты (оқыту ісін) педагогикаға негізделген психофизиологиялық мақсаттан туындайтын формалармен, құралдармен және әдістермен қамтамасыз етеді;
- оқушылар (тәрбиеленушілер) құқықтары мен еркіндіктерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
- оқушылардың (тәрбиеленушілердің) қосымша білім алуын жүзеге асырады, олардың әртүрлі шығармашылық қызметін дамытады;
- үйірмелердің, секциялардың, студиялардың, клуб бірлестіктерінің және өзге де балалар бірлестіктерінің оқушылар (тәрбиеленушілер) құрамын жасақтайды және олардың оқу мерзімі ішінде тұрақты сақталуын қамтамасыз етуге байланысты шаралар қолданады;
- жұмысты (оқыту ісін) педагогикаға негізделген психофизиологиялық мақсаттан туындайтын формалармен, құралдармен және әдістермен қамтамасыз етеді;
- оқушылар (тәрбиеленушілер) құқықтары мен еркіндіктерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
- педагогикалық, әдістемелік кеңестер жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбие шараларын өткізуге, білім беру бағдарламасында қарастырылған өзге де шараларға, медициналық қорытындыға сәйкес балаларды үйде оқытушы ата-аналарға немесе олардың заңды өкілдеріне, отбастарына әдістемелік, диагностикалық және консультативтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуге қатысады;
- білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатынасады, олардың сапалы орындалуына, оқушылардың (тәрбиеленушілердің) өмірі мен денсаулығына жауап береді;
- сабақ жоспарлары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- оқушылардың (тәрбиеленушілердің) творчестволық қабілеттерін айқындайды, оның дамуына, тұрақты кәсіби қызығушылық пен ынта-ықыластың қалыптасуына ықпал етеді;
- дарынды, талантты оқушыларды (тәрбиеленушілерді), соның ішінде дамуында ауытушылығы бар балаларды қолдайды;
- оқушылардың (тәрбиеленушілердің) бұқаралық-көпшілік шараларына қатысуын ұйымдастырады;
- сабақ өткізу кезінде еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтайды;
- кәсіби білімін арттырады.
3. Құқықтары
Қосымша білім беру педагогы мыналарға құқылы:
- Басқару ісіне қатысуға, өзінің кәсіби абыройы мен намысын қорғауға;
- Оқыту және тәрбие беру әдістемелерін, бекіткен бағдарламаға сәйкес оқу құралдары мен материалдарын, оқулықтарды, оқушылардың (тәрбиеленушілердің) білімін бағалау әдістемесін еркін таңдап алуға;
- Өз қызметінің мәселелері бойынша директорының қарауына ұсыныстар ендіруге;
- Басшылығы мен мамандарынан өз қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпараттар алуға;
- Лауазымдық міндеттерін орындауға басшылығынан көмек көрсетуді талап етуге.
4. Жауапкершілігі
Қосымша білім беру педагогы мыналарға жауап береді:
- осы нұсқаулықта қарастырылған өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін – Қазақстан Республикасының қолданыстағы Еңбек кодексіне сәйкес.
- келтірген материалдық залалы үшін - Қазақстан Республикасының қолданыстағы Еңбек кодексіне сәйкес.
Қызметтік нұсқаулықпен таныстым және екінші данасын алдым
Бастапқы әскери дайындық (БӘД) оқытушысының
лауазымдық нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1.1. Бұл лауазымдық нұсқаулық «Педагог қызметкерлерлермен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 13.07.2009 жылғы №338 бұйрығы, ҚР Еңбек және Әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 28 маусымдағы №141 бұйрығы және «Мемлекеттік мекеме мамандар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР Еңбек және Әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2003ж. №119 бұйрығы, мектептің ұжымдық келісім шарты, Жарғысы негізінде жасалған.
1.2. АӘД оқытушысын жұмысқа қабылдау және босату туралы мектеп директоры шешім қабылдайды.
1.3. АӘД оқытушысы жоғары кәсіби білімді, азаматтық қорғаныстан арнайы дайындықтан өткен, әскери жоғары білімді немесе еңбек өтіліне талап етілмейтін орта әскери білімді болуы керек.
1.4. АӘД оқытушысы тікелей мектеп директоры немесе оның орынбасарына бағынышты.
1.5. Өз еңбек жолында АӘД оқытушысы ҚР-ның Конституциясы мен «Білім туралы», «Қорғаныс туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» заңдарын, ҚР Президентінің Жарғылары, ҚР-ның Үкімет және білім басқармасының білім және тәрбие мәселелері, қорғаныс, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларда мекемелерді қамтамасыз ету деңгейлерінің, еңбек қорғау ереже және норма, өрттен қорғану қауіпсіздігін сақтау (сонымен қатар ішкі еңбек ережелерінің қалыптасуымен, директордың бұйрығымен, нақты лауазымдық нұсқауы), еңбек келісім шарт шешімімен жүзеге асады.
АӘД оқытушысы бала құқығының Конвенциясын сақтайды.
2. Атқаратын қызметтері
АӘД оқытушысының атқаратын қызметтерінің негізгі бағыттары:
2.1. АӘД пән негіздерін оқыту;
2.2. Оқушылардың әскерге қабылдануға дейін дайындығын заңнамаға сәйкес ұйымдастыру;
2.3. Мектепте АҚ бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
2.4. Мектепте төтенше жағдайлармен апат жұмыстарына дайындау;
3. Лауазымдық міндеттері
3.1. Оқушыларды өмір қауіпсіздік негіздері және әскерге қабылдануға дейін дайындығын ескере отырып оқытады және тәрбиелейді;
3.2. Жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастырады және олардың құқығы мен бостандығын сақтайды;
3.3. Оқу сабақтарын жоспарлау, сыныптан тыс қосымша сабақтар, дене тәрбие дайындығын ұйымдастыру, өткізу;
3.4. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өз біліктілігін арттыру;
3.5. Мектеп қызметкерлерінің және оқушылардың еңбегін қорғау, өмір және денсаулық туралы іс-шаралардың өтуіне қатысу;
3.6. Басқа мекемелермен бірлесе отырып оқушыларды өмір қауіпсіздік негіздері және әскерге қабылдануға дейін дайындығын сұрақтары бойынша қатыстыру;
3.7. Денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесе отырып, әскерге қабылдауға дейінгі жасөспірімдерді медициналық тексерістен өткізу, военкоматқа тіркелуін ұйымдастыру;
3.8. Жасөспірімдерге әскери оқу орындарына түсуіне көмектесу;
3.9. Мектепте әскери міндеттілердің есебін жүргізу, военкоматқа керекті есеп беру;
3.10. Мектепте АҚ жоспарын қалыптастыру;
3.11. Мектеп қызметкерлерімен АҚ бойынша сабақтар ұйымдастыру, АҚ бойынша команда-штабы, арнайы тәсілдерді оқытуды дайындау және өткізу;
3.12. Төтенше жағдайларда мектептің жұмысын қамтамасыз етуге қатысу;
3.13. Қорғаныс қалқанының сақталуын қамтамасыз ету, индивидуальды қорғаныс құралдарын дайындау;
3.14. Мектепте экстремалды жағдайларда практикалық сабақтар және дайындықтар өткізу;
3.15. Мектепте АӘД оқу-материалдық базаны толықтыруға, мүліктерінің сақталуына санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауға жағдай жасау;
3.16. Мектеп қызметкерлерінің, оқушыларының құралдарды пайдаланудың қауіпсіздік талаптарын орындау оқу үдерісі кезінде балалардың денсаулығы мен өміріне жауапкершілік арттыру;
3.17. Оқыс оқиғаларды зерттейтін комиссия жұмыстарына қатысу, еңбек қорғау сұрақтарын бақылау;
3.18. Ақысыз медициналық тексерістен өту;
3.19. Мектепте этикалық нормаларын сақтау.
4. Құқығы
Келесі нәрселерге құқылы:
4.1. Мектеп жарлығымен бекітілген мектепті басқару жұмысына құқылы;
4.2. Шағымдармен басқа құжаттармен танысу, олар туралы түсініктеме беру;
4.3. Білім және тәрбие беру әдістерін еркін таңдау, оқу әдістемелік құжаттарды, оқулықтарды, оқушылардың білімдерін бағалау құқылы;
4.4. Квалификациясын көтеруге;
4.5. Квалификациялық категорияға еркін түрде аттестаттау;
4.6. Оқу процесінде және үзіліс кезінде оқушыларға тапсырма беру, тәртіпті сақтау, оқушыларды мектеп қойған қатаң тәртіпке шақыру.
5. Жауапкершілігі
5.1. АӘД оқытушысы оқу жоспарына және оқу процесінің графигіне сәйкес білім бағдарламаларының іске толық асырылуына жауапты.
5.2. Оқу прцесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығына, сабақты себепсіз босатқаны үшін АӘД оқытушысыжауапты.
5.3. Мектеп бекіткен еңбек ережелерін қатаң сақтауға, локальдық және нормативтік актерді, инструкциямен жасалған қызметтік міндеттерді, АӘД оқытушысы ҚР еңбек кодексімен анықталған жауапкершілік артады.
5.4. Физикалық және психикалық зорлық-зомбылық көрсеткен жайғдайды ҚР-ның «Білім заңының» еңбек кодексіне сәйкес жұмыстан босатылады.
5.5. Мектеп мекемесінің мүлкін сындырған немесе бұзған жағдайда.
6. Қызметі бойынша қарым-қатынас
АӘД оқытушысы
6.1. Еңбек кодексіндегі мектептің графигіне сәйкес жұмыс жасайды;
6.2. Жылдық және әр тоқсандық іс-шараларға жауапты. Іс-шараларды мектеп директорымен бекітіледі;
6.3. Әрбір тоқсан сайын мектеп директорынан он бет көлемінде ауызша немесе жазбаша есеп беріп отырады.
6.4. Директордан нормативтік-құықтық, ұйымдастырушылық-әдістемелік ақпарат алу.
6.5. Директордың бұйрықтарымен таныстыру, АӘД, әскер қатарына шақыртылғанға дейінгі дайындық, еңбекті қорғау, өндірістік тазалық, өрттен сақтау ережелері.
6.6. Әкімшілікпен өз құзыретіне қатысты жүйелі түрде ақпарат алмасу.
Білу керек:
ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», ҚР «Тілдер туралы», ҚР «Баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», ҚР «Неке және отбасы туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық коррекциялық көмек туралы», «Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық» және басқа да нормативтік-құқықтық акттар, пәннің оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын педагогика және психология, мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты, экономика негіздерін, еңбек туралы заңын.
Қызметтік нұсқаулықпен таныстым және екінші данасын алдым
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым: _____________ Е.Ш. Мансуров
Мерзімі: «____» _________________ 20___ж.
БЕКІТЕМІН:
Астана қаласы әкімдігінің
«№81 Astana English School
мамандандырылған гимназия»
директоры________ Г.Д. Садыкова
Садыкова Гульнар Дингуатовна
Сапаров Кайрат Канатович
Психологтың лауазымдық нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық ҚР Білім және ғылым министрінің 13.07.2009ж. №338, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.06.2003ж. №141 бұйрықтарымен бекітілген тарифтік-біліктілік сипаттамасы және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2003ж. №119-л бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандары жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамасы, «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет ережелері» (Әділет министрлігінде17.01.2012ж. №7380 тіркелген ҚР БҒМ 20.12.2011ж. №528 бұйрығы), мектептің ұжымдық келісім шарты, жарғысы негізінде жасалды.
1.2. Психологты мектеп директоры қызметке тағайындап, қызметтен босатады.
1.3. Психологтың жоғарғы немесе орта кәсіби білімі болуы шарт, педагогикалық еңбек өтілінің болуы міндетті емес.
1.4. Психолог мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.
1.5. Өз қызметінде психолог ҚР Конституциясын, заңдарын, ҚР Үкіметінің шешімдерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрттен қорғау ережелері, сондайақ мектеп жарғысын және жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мектеп директорының бұйрықтары мен өкімдерін, лауазымдық нұсқаулықты), еңбек келісім шартын басшылыққа алады.
Психолог Бала құқықтары туралы Конвенцияны бұлжытпай орындайды.
2. Атқаратын қызметтері
Психологтың атқаратын қызметінің негізгі бағыттары:
2.1. Мектепте білім алушыларды психологиялық тұрғыда зерттеу.
2.2. Білім алушылардың психологиялық шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Лауазымдық міндеттері
Психолог төмендегі лауазымдық міндеттерді атқарады:
3.1. Психологиялық үйірменің құрамын жинақтайды және білім беру мерзімі аяқталғанша оның сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;
3.2. Білім алушыларды психологиялық бақылауды жүзеге асырады;
3.3. Психофизикалық мақсатқа сәйкес жұмыс жасаудың (оқытудың) психологиялық негізделген түрлерін, амалдарын және әдістерін қамтамасыз етеді;
3.4. Білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
3.5. Білім бағдарламаларын жасауға және жүзеге асыруға қатысты;
3.6. Сабақтардың жоспарларын және бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, белгіленген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді;
3.7. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, оларды дамытуға, тұрақты кәсіби қызығушылықтары мен икемділіктерін қалыптастыруға ықпал етеді;
3.8. Дарынды, талантты білім алушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетеді (деректемелер банкін қалыптастырады);
3.9. Арнайы есепте тұрған, суицидке бейімдігі бар, әумесерлік (девиантты) мінез-құлықты балалармен, «қатерлі» топтағы балалармен алдын алу жұмыстарын жүргізеді;
3.10. Білім алушылардың көпшілік шараларға қатысуын ұйымдастырады;
3.11. Өз құзіреті аясында ата-аналарға (оларды алмастыратын тұлғаларға), сондай-ақ мектеп оқытушылары мен білім алушыларына консультациялық көмек көрсетеді, белгіленген нысанда құжаттама жүргізеді;
3.12. 1, 5, 10 сынып оқушыларының бейімделуі бойынша жұмысты ұйымдастырып, талдау жасайды;
3.13. ҰБТ-ға даярлық жұмыстарында 11-сынып оқушыларына психологиялық көмек көрсетеді;
3.14. Оқушылардың емтихандарға даярлығы барысында психологиялық көмек көрсетеді;
3.15. Сабақ өткізу барысында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғану ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді; белгіленген үлгідегі журналға міндетті тіркеумен білім алушыларға еңбекті қорғау бойынша нұсқау береді;
3.16. Әрбір оқыс оқиға туралы мектеп әкімшілігіне жедел хабарлайды, алғашқы көмек көрсету бойынша шара қолданады;
3.17. Өзінің кәсіби біліктілігін арттырады; әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарына және әдістемелік жұмыстардың басқа да түрлеріне қатысады;
3.18. Мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады;
3.19. Мектепте, тұрмыста, қоғамдық орындарда педагогтың қоғамдағы орнына сай әдеп нормаларын сақтайды.
4. Құқықтары
Психолог құқылы:
4.1. Мектептің Жарғысымен белгіленген тәртіппен мектепті басқаруға қатысуға;
4.2. Шағымдармен, өз жұмысына баға берілген басқа да құжаттармен танысуға, осы бойынша түсініктеме беруге;
4.3. Оқыту, тәрбиелеудің әдістемесін, оқу құралдары мен материалдарын, оқулықтарды, білім алушыларды бағалау әдітерін еркін таңдап, пайдалануға;
4.4. Біліктілігін арттыруға;
4.5. Тиесілі біліктілік санатына ерікті түрде аттестацияланып, аттестациядан табысты өткен жағдайда тиесілі біліктілік санатын иемденуге;
4.6. Сабақ процесінде, үзіліс кезінде білім алушыларға сабақты ұйымдастыруға, тәртіп сақтауға қатысты міндетті бұйрықтар мен өкімдер беруге, Жарғымен,мектепте білім алушыларды көтермелеу және жаза салу туралы Ережелермен белгіленген жауапкершілікке тартуға.
5. Жауапкершілігі
5.1. Психолог білім бағдарламасының орындалу сапасы, сабақ процесіндегі білім алушылардың өмірі мен денсаулығы, олардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы бойынша ҚР заңнамасымен жауапкершілікке тартылады.
5.2. Жарғы және Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мектеп директорының заңды өкімдерін және басқа да жергілікті нормативтік актілерді, осы нұсқаулықта белгіленген лауазымдық міндеттерін себепсіз орындамаған және тиесілі орындамаған жағдайда психолог еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
5.3. Білім алушы тұлғаға физикалық және (немесе) психикалық күш көрсетумен байланысты тәрбие беру әдістерін қолданғаны үшін, оның ішінде бір рет қолданғаны үшін де, сондай-ақ басқа да адамгершілікке жат істері үшін ҚР Еңбек кодексіне және ҚР-ның «Білім беру туралы» заңына сәйкес психолог қызметінен босатылуы мүмкін.
5.4. Өзінің лауазымдық міндеттерін атқарумен (атқармауымен) байланысты мектепте немесе білім беру процесіне қатысушыларға тигізген зияны үшін психолог еңбек және (немесе) азаматтық заңнамамен белгіленген мөлшерде және тәртіппен материалдық жауапкершілікке тартылады.
6. Қарым-қатынастары. Лауазымдық бойынша байланыстары
Психолог:
6.1. Мектеп директоры бекіткен сабақ кестесіне сай өзіне белгіленген оқу жүктемесінің мөлшерін орындау, міндетті жоспарланған жалпы мектепішілік шараларға қатысу және міндетті қызметін мөлшерленбеген өзіндік жоспарлау режимінде жұмыс жасайды;
6.2. Әрбір жаңа оқу жылындағы және әрбір оқу тоқсанындағы жұмысын өз бетінше жоспарлайды. Жоспарланған кезең басталғаннан күннен бастап бес күннен кешіктірмей жұмыс жоспарын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына бекіттіреді;
6.3. Әрбір оқу тоқсанының аяғында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына атқарған жұмысы туралы 5 беттен артық емес жазбаша есебін береді;
6.4. Мектеп директорынан және оның орынбасарларынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ақпараттатды алып, отырады, тиесілі құжаттармен танысып, қолын қояды;
6.5. Оқытушылармен, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) тығыз байланыста жұмыс жасайды; мектеп әкімшілігмен, педагогтарымен өзінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жүйелі түрде ақпарат алмасады.
Білуі тиіс:
ҚР-ның Конституциясын, ҚР-ның «Білім туралы», ҚР «Тіл туралы», ҚР «Бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», ҚР «Мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және педагогикалық-медициналық түзеуді қолдану туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу туралы» заңдарды және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілерді; тәрбие жұмыстарының әдістемесін; оқу кабинеттері мен қосалқы бөлмелерді жабдықтау талаптарын; оқыту тәсілдерін және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; білім берудің және педагогика ғылымының негізгі бағыттары мен даму болашағын; құқық және еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, педагогика мен психология негіздерін; білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын; педагогиканы; педагогикалық психологияны; педагогика ғылымы мен тәжірибесінің жетістіктерін; экономиканың, еңбек туралы заңнаманың негіздерін; еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының және өрттен қорғанудың ережелерін; тазалық ережелерін.
Қызметтік нұсқаулықпен таныстым және екінші данасын алдым
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым: _____________ К.К. Сапаров
Мерзімі: «____» _________________ 20___ж.
Лабораттың лауазымдық нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1.1. Лаборант орта кәсіби білімі бар тұлғалар арасынан жұмыс стажына талап қойылмастан немесе бастауыш кәсіби білімі, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлығы мен сала бойынша кем дегенде 2 жыл стажы бар тұлға директоры тарпынан тағайындалады және босатылады.
1.2. Арнайы даярлығы немесе тиісті стажы жоқ, бірақ жергілікті дәрежеде практикалық тәжірибесі бар және өзіне жүктелген міндеттердіс сапалы да, толық көлемде орындайтын тұлға, ерекшелік ретінде, лаборант лауазымына тағайындалуы мүмкін.
1.3. Лаборант тікелей кабинет меңгерушісі міндетін атқаратын мұғалімге, ал бірнеше кабинеттерге қызмет көрсететін болса директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына бағынады.
Лаборант өз жұмысында жоғары тұрған және басқа да органдардың кабинет жұмыстары тақырыбындағы қаулыларын, өкімдерін, бұйрықтарын, өзге де басшылыққа алынатын және нормативтік құжаттарды; тиісті стандарттар мен техникалық шарттарды; лабораториялық жабдықтар мен бақылау-өлшеу приборларын пайдалану ережелерін; есептеу техникаларының қолданылу ережелерін; еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, сондай-ақ жарғы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерін және осы нұсқаулықты басшылыққа алады.
2. Функциялары
Лаборант лауазымының негізгі мақсаты мұғалімге оқу сабақтарын ұйымдастырып, өткізуіне көмек көрсету, оқу кабинеттері жабдықтарының күтіміне қарау мен олардың жұмыс жағдайында ұстау болып табылады.
3. Лауазымдық міндеттері
Лаборант мынадай міндеттерді атқарады:
3.1. Лабораториялық жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды, оларды жөндеп, ретке келтіріп отырады.
3.2. Жабдықтарды (приборларды, техникалық оқу құралдарын) эксперименттер өткізуге дайындайды, әзірленген нұсқаулықтар мен өзге де құжаттамаларға сәйкес оларды тексереді, қарапайым жөндеулер арқылы қалыпты күйге келтіреді.
3.3. Лабораториялық, практикалық және демонстрациялық жұмыстар жүргізу кезінде мұғалімнің, кабинет меңгерушісінің нұсқауларына және сабақ кестесіне сәйкес қажетті дайындық пен қосалқы операцияларды жүзеге асырады.
3.4. Оқушылардың лабораториялық және практикалық жұмыстарында оларды қажетті жабдықтармен, материалдармен, реактивтермен және т.б. қамтамасыз етеді.
3.5. Өткізетін сабақтарға байланысты әртүрлі есептеу және графикалық жұмыстарды атқарады.
3.6. Жұмсалатын материалдардың есебін жүргізеді; белгіленген форма бойынша есептілік құжаттарын жасайды.
3.7. Мұғалімдердің, кабинет меңгерушісінің нұсқаулары бойынша дидактикалық материалдарды көбейтеді.
3.8. Лабораториялық, практикалық және демонстрациялық жұмыстардан кейін жабдықтарды тиісінше ретке келтіреді; қажет болған жағдайда пайдалану жөніндегі нұсқаулық талаптарын сақтай отырып жабдықтарды жуып, тазалайды.
3.9. Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтайды.
3.10. Қызмет көрсететілетін кабинеттің материалдық базасын ұлғайтуға қамқорлық жасайды, кабинет меңгерушісінің нұсқауы бойынша жабықтарға және жұмсалатын материалдарға тапсырыстар әзірлейді, оқу коллекторларымен, фильмотекалармен және өзге де сондай ұйымдармен тұрақты байланыс орнатады.
Достарыңызбен бөлісу: |