4. Құқықтары
Есепшінің құқығы:
4.1. Мектептің жұмыскерлеріне есеп бөлімі шаруашылық-есептік және керекті құжаттардың мәліметтерін орындауға нұсқау береді;
4.2. Мектептің барлық бөлімшесінің қаржылық және есептік құжаттамасын тексереді.
5. Жауапкершілік
5.1. Есепші саяси есептік қалыптасуы, уақытында толық және тиянақты бухгалтерлік есепті, материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт жасалуына жауапты. Есепші мен кассирдің міндетінің орындалуы туралы материалдық келісім шарт жасалынады;
5.2. Кез келген жауапкершіліксіз орындамаған ісі үшін, дәлелсіз себептерсіз нұсқаулықпен белгіленген істерді, мектептің ішкі нормативтік, мектептің және басқа да жергілікті нормативтік-құқықтық, директордың бұйрықтарын орындамағаны үшін бухгалтер ҚР Еңбек кодексі бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылады;
5.3. Мектептің немесе оқу процесіне байланысты бухгалтер өзінің міндеттерін орындамағаны үшін ҚР азаматтық құқық еңбек кодексте белгіленген шектікке байланысты залал тудырғаны үшін материалдық жауапкершілікке тартылады;
5.4. Мекемені ақшалай қасақана ұрлау ҚР Қылмыстық кодексіне байланысты бухгалтер қылмыстық жауапкершілікке тартылады;
6. Қатынастар. Лауазымдық сілтемелер
Бухгалтер:
6.1. Мектеп директоры бекіткен кесте бойынша жұмыс істейді;
6.2. Бұл оқу орны, түгентеу, бухгалтерлік есеп және есеп қаржылық-шаруашылық қызметі туралы, білім беру, әкімшілік, оқу-көмекші және техникалық қызмет көрсету персоналының өз қызметінде ынтымақтасады.
Білуге міндетті:
ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», ҚР «Тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрсе туралы», «Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы, асыраушысынан айырылғаны туралы», «Мемлекеттік сатып алулар», «Мүгедек балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы арнайы әлеуметтік қызметтер» заңдары, білім беруде және тәрбие жұмысында бюджеттік кодекс және басқа да нормативтік құқықтық актілер, тәрбие жұмысы, пән бойынша оқу-әдістемелік құралдар, пән сыныптарын жабдықтау, дидактикалық құралдар,құқық және ғылыми басқару, педагогика және психология негіздері, мемлекеттік білім беру стандарттары, педагогика, педагогикалық психология,ғылым мен оқыту мен тәжірибенің жетістіктері, экономика негіздері, еңбек заңнамасы, ережелер мен еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері, санитарлық ережелер мен нормалар туралы.
Қызметтік нұсқаулықпен таныстым және екінші данасын алдым
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым: _____________ С.М. Уразалина
Мерзімі: «____» _________________ 20___ж.
Аула тазалаушының лауазымдық нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы қызметтік нұсқаулық мектептің қызметтік жайларды жинап тазалаушының тарифтік-біліктілік мінездемесі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2003ж. №119 бұйрығымен бекітілген барлық қызмет түрлеріне ортақ қазыналық кәсіпорын және мемлекеттік ұйымдар мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік талаптары, мектептің ұжымдық шарты, жарғысы негізінде жасалған.
1.2. Аула тазалаушы жұмысқа директоры тарапынан және оның шаруашылық жөніндегі орынбасары ұсынысымен, біліміне және жұмыс стажына талап қойылмастан қабылданады және босатылады.
1.3. Аула тазалаушы тікелей директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарына бағынады.
1.4. Аула тазалаушы өз жұмысында мыналарды басшылыққа алады:
- мектеп ауласын тазалықта ұстау жөніндегі санитарлық, гигиеналық ережелерді;
- күтіміндегі жабдықтар мен құрылғылардың жұмыс істеу ережесін;
- жинап тазалау тәртібін;
- техникалық инвентарларды қауіпсіз пайдалану ережелерін;
- жалпы еңбек қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, сондай-ақ жарғы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерін және осы нұсқаулықты.
2. Функциялары
Аула тазалаушы қызметінің негізгі бағыты – аймағының өзіне бекітілген аумағының тиісті санитарлық жағдайда және тәртіпте ұсталуын қамтамасыз ету.
3. Лауазымдық міндеттері
Аула тазалаушы мынадай міндеттерді атқарады:
3.1. Аймағындағы өзіне бекітілген учаскені, соның ішінде ғимаратқа кіре берісті, кіретін және шығатын жолдарды балалар келгенше 30 минут бұрын жинап тазалайды.
3.2. Техникалық инвентарлар көмегімен аймағындағы өзіне бекітілген аумағын сыпырып тазалайды, қоқыстарын шығарады.
3.3. Аймағында санитарлық және гигиеналық ережелерді сақтайды.
3.4. Еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.
3.5. Бекітілген аумағында тәртіп сақталуын қадағалайды, оқушылар тарапынан тәртіптің өрескел бұзылуына жол бермес үшін әдепті түрде оның алдын алып отырады, егер олар заңды талаптарға бағынбаған жағдайда бұл туралы кезекші педагогқа хабарлайды.
3.6. Әрбір жұмыс күнінің басында және аяғында жабдықтардың, құлыптар мен өзге де бекіту қондырғыларының, терезе әйнектерінің бүтіндігін тексеру мақсатында өзіне бекітілген аймақты аралап шығады.
3.7. Қысқы уақыттары спорттық-ойын алаңдары, жүргінші жолдар, баспалдақтар күн сайын қардан, мұздан тазартылып, құм себіліп жатуы тиіс.
4. Құқықтары
Аула тазалаушы мыналарға құқылы:
4.1. Техникалық инвентарлар алуға және оларды сақтайтын орын бөлдіруге.
4.2. Белгіленген нормалар бойынша арнаулы киімдер алуға.
5. Жауапкершілігі
5.1. Жарғы мен Ішкі еңбек тәртібі ережесін, директорының заңды өкімдері мен өзге де жергілікті нормативтік актілерді, осы нұсқаулықта белгіленген міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін аула тазалаушы еңбек заңнамаларында белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
5.2. Өз лауазымдық міндеттерін атқару (атқармау) барысында келтірілген зияны немесе білім беру процесіне қатысушыларға тигізген залалы үшін аула тазалаушы еңбек және (немесе) азаматтық заңнамаларда белгіленген рет пен көлем шегінде материалдық жауапкершілікке тартылады.
6. Қарым-қатынасы. Қызметтік байланыстары
Аула тазалаушы:
6.1. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары ұсынып, директоры бекіткен сағаттық жұмыс аптасы негізінде жасалған кесте бойынша, нормаланған жұмыс күні режимінде еңбек етеді.
6.2. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары басшылығымен санитария және гигиена ережелері, жинап тазалау, техникалық инвентарларды қауіпсіз қолдану, сондай-ақ еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары жөнінде нұсқаулықтар алады.
6.3. Жиналып тазаланатын учаскеде электрлік және санитарлық-гигиеналық жабдықтардың дұрыс жұмыс істемеуі, есіктердің, құлыптардың, әйнектердің, бекіткіш тетіктердің және т.б. сынуы, бүлінуі туралы тез арада ғимарат, құрылыс және жабдықтар күтіміне қарап, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшыға хабарлайды.
Қызметтік нұсқаулықпен таныстым және екінші данасын алдым
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым: _____________
Мерзімі: «____» _________________ 20___ж.
Қосымша білім беру педагогының лауазымдық нұсқаулығы
Аталған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі ережелеріне және «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығы негізінде, «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №388 бұйрығына сәйкес бекітілді және құрастырылды.
1.1. Қарағанды қаласының әкімдігі Қарағанды қаласының білім бөлімі «Балалар мен жеткіншектер сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі - Сарай) қосымша білім беру педагогы азаматтық қызметкерлер санатына жатады.
1.2 қосымша білім беру педагогы лауазымына тағайындау және жұмыстан босату Сарай директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
1.3.қосымша білім беру лауазымына төмендегі мамандар қабылдануы мүмкін:
педагогикалық бейіннің орта кәсіби білімі бар, немесе (үйірме, секция, ансамбль,студия және өзге де) балалар бірлестігінің бағытына сәйкес, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
балалар бірлестігінің бағытына сәйкес (үйірме, секция, ансамбль,студия және өзге де) жоғары педагогикалық білімі бар, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
1.4. Қосымша білу беру педагогы білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын мен Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдары және бiлiм беру қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының бiлiм беруді дамытудағы басым бағыттарын, дидактиканың қағидаттарын, педагогика және жас ерекшеліктері психологиясының негiздерiн, бiлiм беру процесін әдiстемелiк қамтамасыз ету қағидаттарын, тәрбие жұмысын, тиімді, сараланған, дамытуды оқытудың, құзыреттілік тәсілдерін іске асырудың сенімділік, өз ұстанымын дәлелдеудің, әртүрлі жастағы білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен, оларды ауыстыратын тұлғалармен, жұмыстағы әріптестермен байланыс жасау әдістемесін, жанжал жағдайларының себептерін сараптау технологияларын, педагогикалық технологиялар диагностикасын, дербес компьютермен, электронды пошта және браузерлермен, мультимедиалық жабдықтармен жұмыс істеу негіздерін, білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелерін, еңбек және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін.
1.5. Игеруі қажет: ұйымдастыру қабілеттілігін, көшбасшылық қасиеттерін, осы салада балалармен жұмыс істеу әдістерін меңгеру, әдістемелік дағдыларды игеру, психология негіздерін білу, кәсіби өсуге ұмтылу, эмоционалды тұрақтылық болу.
1.6. Қосымша білім беру педагогы өз қызметінде басшылықты жүзеге асырады:
сарай жарғысын;
аталған лауазымдық нұсқаулықты;
ішкі тәртіп ережесін;
ұжымдық келісімшартты;
қосымша білім берудің оқу білім беру бағдарламасы мен оқу жоспарын;
білім беру жүйесінде әрекет ететін норативті-құқықтық актілерді.
1.7. Қосымша білім беру педагогы өз құзіреті шегінде тікелей бөлім меңгерушісіне бағынады және оны әдіскермен үйлестіреді.
1.8. Қосымша білім беру педагогы өз жұмысын 36 сағаттық жұмыс аптасының негізінде дайындалған және директормен бекітілген оқыту сабағының кестесіне сәйкес, белгіленген оқыту жүктемесінің көлемін орындау тәртібінде, сондай-ақ сарайдың жоспарланған іс-шараларына қатысу және білім беру қызметінің өзін-өзі жоспарлау бойынша оқу нормативтері белгіленбеген білім беру қызметі бойынша жүзеге асырады.
Қызметтері
2.1. Балалар бірлестігінің қосымша білім беру қызметі бағытында оқу процесін ұйымдастыру.
Лауазымдық міндеттері.
3.1 Қосымша бiлiм беру саласында білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
3.2 Қосымша білім берудегі балалар бірлестіктерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзiмiнде сақтау шараларын қолданады.
3.3. Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтың жоспары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттарды жүргізеді (Сарайдың бекітілген іс номенклатурасына сәйкес).
3.4. Психофизиологиялық тұрғыдан алғанда жұмыстың нысандарын, құралдарын және әдістерінің педагогикалық негізделген таңдауын қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтап, тұлғаның адамгершілік рухани дамуына, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) тұрақты кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
3.5 Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қызметін, зерттеушілік жұмысын ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқу практикасына байланысты жүзеге асырады..
3.6. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды. Іскерлікті меңгеруді, шығармашылық қызметтің тәжірибесін, компьютерлік технологияларды қолдана отырып, танымдық қызығушылықты дамытуды ескере отырып, оқытудың тиімділігін бағалайды.
3.7. Қалыпты кәсіби қызығушылығы мен бейімін қалыптастыруға ықпал етеді, дарынды және талантты білім алушыларды (тәрбиеленушілерді), оның ішінде мүмкіншіліктері шектеулі балаларды дамытуды қолдайды.
3.8. Балалардың жаппай білім беру іс-шараларына қатысуын (конкурстар, фестивальдер, концерттер және т.б.) ұйымдастырады.
3.9. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалыс уақытын ұйымдастыруға қатысады.
3.10. Оқу сабақтарын жүргізуде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді.
3.11. Ата аналары мен олардың орнын басатын тұлғаларға және педагогтарға кеңес беріп, көмектеседі.
3.12. Әдістемелік бірлестіктер мен басқа да әдістемелік жұмыс нысандаына қатысады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады.
Құқықтары
Мыналарға құқығы бар:
4.1. Сарайдың басшылығына Жарғыда белгіленген тәртіп бойынша қатысуға.
4.2. Оқушылардың (тәрбиеленушілердің) білімдерін бағалау әдістеріне, оқыту және тәрбиелеу әдістеріне, оқу-әдістемелік құралдарды және материалдарды таңдауға және еркін қолдануға.
4.3. Біліктілігін көтеруге.
4.4. Мерзімді аттестациядан аттестатталушы ойдағыдай өткен жағдайда, келесі біліктілік санатына сәйкес аттестацияға ерікті түрде өтуге.
4.5. Білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) сабақтарды ұйымдастыруға және тәртіпті сақтауға міндетті, тапсырмалар беруге, оларды сарай Жарғысымен белгіленген ереже бойынша жауапкершілікке тартуға.
4.6. Кәсіби ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға.
4.7. Шағымдармен және оның жұмысына баға беретін басқа да құжаттармен танысу үшін оларға түсініктеме беруге.
4.8. Кәсіби этика нормаларын бұзуына байланысты тәртіптік тергеу кезінде өз мүддесін өз бетінше және/немесе адвокат арқылы қорғауға.
4.9.Заңда көзделген жағдаларды қоспағанды, тәртiптiк (қызметтiк) тергеудiң құпиялылығын сақтауға.
Жауапкершілігі
5.1. ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте педагог:
қосымша білім беру бағдарламаларының толық көлемде жүзеге асырылуына, білім беру үрдісі кезінде оқушының өмірі мен денсаулығына, оқушылардың құқықтары мен бостандығын бұзғаны үшін жауапкершілікте болады.
Сарай Жарғысын, ұжымдық шарттың талаптарын, Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, осы лауазымдық нұсқауды, директордың бұйрықтарын бұзған жағдайда ҚР Еңбек және Әкімшілік кодексінің баптарына сәйкес әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылуы мүмкін.
Білім алушы тұлғаға қатысты физикалық және (немесе) психикалық зорлық-зомбылық көрсетумен байланысты тәрбиелеу әдістерін қолданғаны үшін педагог ҚР «Білім туралы» заңы бойынша жұмыстан босатылуы мүмкін.
Білім алушы тұлғаға қатысты физикалық және (немесе) психикалық зорлық-зомбылық көрсетумен байланысты тәрбиелеу әдістерін қолданғаны үшін.
Міндеттерін бұзғанына (орындамауға) байланысты Сарайға немесе білім беру процесінің қатысушыларына зиян келтіргені үшін педагог қызметкер еңбек және (немесе) азаматтық заңнамада белгіленген тәртіп шегінде жауапкершілікке тартылады.
Сарай әкімшілігі өндірістік қажеттілікке байланысты осы лауазымдық нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
Осы лауазымдық нұсқаулық екі данада жасалынды, оның біреуі сарай директорында сақталады, екіншісі - қызметкерге беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |