Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар
Педагог оқу жылы басталғанға дейін бір рет пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар әзірлейді. №130 бұйрыққа сәйкес орта мерзімді жоспарда мынадай міндетті тармақтар болуы тиіс:
бөлім / ортақ тақырыптар;
сабақтың тақырыбы;
оқыту мақсаттары;
сағаттар саны;
өткізу мерзімдері және ескертпе.
кесте - Пәндер бойынша орта мерзімді жоспардың үлгісі
№ р/с
|
Бөлім/ Тақырыптар
|
Сабақ тақырыбы
|
Оқу мақсаттары
|
Сағаттар саны
|
Мерзімдер
|
Ескертпе
|
І тоқсан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІ тоқсан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІІ тоқсан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІV тоқсан
|
|
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспар
Барлық оқу пәндерінің мұғалімдері күн сайын кестеге сәйкес қысқа мерзімді сабақ жоспарын жүргізеді. №130 бұйрыққа сәйкес сабақ жоспары келесі міндетті тармақтарды қамтуы керек:
оқу бағдарламасының бөлімі;
педагогтің аты-жөні;
сабақты өткізу күні;
сыныпта қатысқандардың / қатыспағандардың саны;
сабақтың тақырыбы;
оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары;
сабақтың мақсаттары (оқу мақсаттарына сәйкес жасалады);
сабақ барысы (сабақ кезеңі, мұғалім мен білім алушылардың іс-әрекеті, бағалау және ресурстар) (9-кесте).
кесте - Қысқа мерзімді сабақ жоспарының үлгісі
Бөлім
|
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
|
Күні
|
|
Сынып
|
Қатысушылардың саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақтың тақырыбы
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
|
Сабақтың мақсаттары
|
|
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
|
Педагогтің іс- әрекеті
|
Білім алушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Педагог тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда кәсіби қызметті ұйымдастыру тәсілдері мен нысандарын дербес таңдауға құқылы.
Сыныпта ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар болған кезде әдістемелік бірлестіктер мақұлдаған жеке оқу бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру қарастырылады.
2.7 МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектепішілік бақылау – мектептегі білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Бұл бақылау білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге, педагогикалық ұжым жұмысының тиімділігін бағалауға, сондай-ақ оқу-тәрбие процесін ұдайы жетілдіруге бағытталған.
Білім беру сапасын мектепішілік бақылаудың басты міндеті мектептегі әрбір білім алушының оқуы мен дамуы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оқу-тәрбие процесіндегі ықтимал проблемалар мен сәйкессіздіктерді анықтап, оларды түзету.
Білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес бекітетін МІБ туралы жоспарға сәйкес мектепішілік бақылауды жоспарлы немесе жедел мониторинг, әкімшілік жұмыстар жүргізу түрінде жүргізу ұсынылады.
Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына сәйкес әзірленді және бекітілді. Бұл құжатта мектепішілік бақылау нысаны мен бағыттары көрсетілген.
Мектепішілік бақылауды жоспарлау кезінде нақты, өлшенбелі, орындалатын, маңызды, уақытпен анықталған бақылау мақсатын қоюға мән беру қажет.
Білім беру сапасын мектепішілік бақылауға жауапты мектеп тобының әрбір субъектісінің жауапкершілік дәрежесін дұрыс бөлу маңызды, мұндай топ мектеп директоры, директордың орынбасарлары, әдістемелік бірлестік басшылары, тәжірибелі педагогтер және басқа да педагог мамандардан құралады.
Басқару тұрғысынан әр мұғалім мен сынып жетекшісіне өз жұмысының әлсіз жақтарын өздері дербес анықтап, жағдайды өз құзыреті шегінде түзетуге мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау құралдарын әзірлеу тиімді.
Маңызды қадамдардың бірі – деректерді жинау және білім беру қызметінің сапасын бағалау құралдарын әзірлеу. Бұл сабаққа қатысу, мұғалімдерге, ата- аналарға және білім алушыларға арналған сауалнамалар, мектептің өзін-өзі бағалау сауалнамалары, білім алушыларға арналған әртүрлі тесттер мен бақылау жұмыстары арқылы жиналуы мүмкін.
Білім беру ұйымының басшылығына мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыруға көмектесетін бірнеше ұсыныстар:
мектепішілік бақылау нәтижелеріне тұрақты бағалаулар мен талдау жүргізуі керек, соның негізінде қорытынды жасау және жақсарту бағыттарын анықтау қажет;
мектепішілік бақылау нәтижелерін талдау негізінде, кемшіліктерді жою және білім беру сапасын арттыру үшін қажетті түзетулер енгізу;
педагогикалық ұжымды, ата-аналарды мектепішілік бақылау нәтижелері туралы және жоспарды іске асырудағы прогресс туралы хабардар ету, ашықтықты қамтамасыз ету;
барлық мүдделі тараптардың пікірлерін және басқа мектептердің тәжірибесін ескере отырып, мектепішілік бақылауды үнемі жетілдіру.
Бақылау нәтижелерін дұрыс және сындарлы пайдалану мұғалімдердің кәсібилігінің жоғары деңгейін сақтауға, қолайлы білім беру ортасын құруға және білім алушылардың жетістіктерін арттыруға көмектеседі. Мектеп басшылығының үнемі талқылау өткізуі, кері байланыс беруі және үнемі жетілдіруге деген ұмтылысы мектепішілік бақылау тетіктерінің тиімді жұмыс істеуіне көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |