«Цифрлық кітапхана» бірлескен жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында Республикалық ғылыми педагогикалық кітапхананың филиалы ашылды. Жоба 2022 жылдан бастап отандық ғылыми- зерттеу жұмыстарының қолжетімділігін арттыру және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында іске асырылуда.
Цифрлық кітапханада барлығы 100 000-нан астам әдістемелік құрал мен диссертациялар бар, ғылыми жұмыстарды іздеу ыңғайлы және ӘОЖ мен QR- кодты автоматты түрде беру ұсынылған.
Бірыңғай цифрлық ресурста оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсынымдар, педагогикалық ғылымдар бойынша диссертациялар, білім беру стандарттары және басқа да әдістемелік материалдармен танысуға мүмкіндік берілген.
Цифрлық кітапхананың әдістемелік құралдар мен диссертациялар базасы Алтынсарин Академиясының сайтымен біріктірілген www.uba.edu.kz (бөлім – Кітапхана).
2.6 САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ
Сабақты жоспарлау бұл тиімді оқыту және білім алушылардың оқу мақсаттарына жетуі үшін қажетті педагогикалық практиканың ажырамас бөлігі болып табылады.
Орта білім беру ұйымдарындағы сабақтарды жоспарлау нормативтік құқықтық актілермен реттеледі: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 68 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317).
Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мұғалімдер сабақты жоспарлауда екі құжатты жүргізеді:
Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар.
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспар.
Екі жоспар да қағаз түрінде де, электронды түрде де жүргізілуі мүмкін (word, pdf).
Достарыңызбен бөлісу: |