Пәндік, метапәндік және негізгі құзыреттерді дамыту бойынша ұсыныстар
Көркем еңбек пәні бойынша мұғалім білім алушыға өз бетінше көркем- шығармашылық және пәндік-өнімді іс-әрекетті ұйымдастыруға, көркемдік тұжырымдаманы жүзеге асыру құралдарын таңдауға ынта мен дағдыларды қалыптастыруды ұйымдастырады.
«Көркем еңбек»:
өнер мен дизайнның мәнерлі құралдары арқылы шығармашылық идеяларды, топтық және жеке жұмыстарды дамыту;
объектілерді зерттеу, жасау, талдау, көркемдік түрлендіру процесінде білім алушылардың шығармашылық және сыни ойлауын дамыту.
Музыка пәні бойынша мұғалім білім алушыға өнермен қарым-қатынас жасауға, көркем шығармалардың мазмұны мен мәнерлі құралдарын талқылауға және орындауға құштарлығын оятуға бағыт береді.
Пәндер аясында құзыреттерді дамыту:
«Музыка»:
қазақтың дәстүрлі музыкасының озық үлгілерімен, Қазақстан халықтарының шығармашылығымен, әлемдік классика және қазіргі заманғы музыкамен таныстыру негізінде білім алушылардың музыкалық қабілеттері мен орындаушылық және шығармашылық белсенділігін дамыту;
орындаушылық шеберліктерін дамыту – вокалдық және аспаптық: таза интонация, ырғақ сезімі, мәнерлі ән айту, шулы аспаптарда ырғақты сүйемелдеу, домбырада саусақтардың негізгі күйлері мен штрихтары, жеке және ансамбльдік орындау.
«Еңбекке баулу»:
жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды орындау процесінде қолдың моторикасын, сенсорикасын, қиялы мен шығармашылығын, елестетуін және байқағыштығын дамыту;
әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы кеңістіктік- образдық ойлау дағдыларын қалыптастыру;
ұлттық және әлемдік мәдениет туындыларымен танысу арқылы зерттеушілік дағдыларын дамыту.
«Бейнелеу өнері»:
шығармашылық жұмыстарда қоршаған әлемге деген көзқарасын білдіру қабілетін дамыту;
графикалық және түстану дағдыларын дамыту;
шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін көру қабілетін дамыту (көрмелер, мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер және т.б.);
білім алушылардың сезімталдық-эмоционалдық көңіл-күйін білдіруін, зейінін, есте сақтау, қиял, елестету қабілеттерін дамыту;
Достарыңызбен бөлісу: |