Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы
«2023-2024 оқу жылында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ
ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ
Астана
Әдістемелік нұсқау хатта Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 1-11-сыныптарында 2023-2024 оқу жылындағы білім беру процесін ұйымдастыру жөніндегі материалдар берілген.
2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы осы әдістемелік нұсқау хат қолданыстағы заңнаманы ұстануға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында әзірленді.