Негізгіортабілімберудеңгейіндегі«Қазақтілі»пәніноқыту: «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа негізделіп құрастырылған. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы білім алушыға қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.
Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым/айтылым, оқылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;
тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық- коммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады;
тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ тілі» пәнінің бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.
Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысу, түйіндеме, мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін тигізеді.
Сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың деңгейі мен қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған дұрыс. Тілдік бірліктер мен құрылымдарды, яғни грамматиканы оқыту коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім тіл
туралы білім қалыптастырудан гөрі тілдік қолданыс, грамматиканың функционалдығына назар аударуы тиіс.
«Қазақтілі»пәнініңоқужүктемесітөмендетілгенүлгілікоқубағдарламасыныңерекшеліктері Оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу жоспары негізінде 7-сыныпқа
«Қазақ тілі» оқу пәнінен әзірленген негізгі Үлгілік оқу бағдарламасында берілген бөлім тақырыптары толығымен сақталған. Айырмашылығы: ұзақ мерзімді жоспардағы жыл бойына бірнеше рет қайталанып келетін оқыту мақсаттары қысқартылған. Яғни, 7-сыныпта оқу мақсаттары жеңілдетіп берілген. Кейбір оқу мақсаттарына түсініктеме ретінде ұсынымдар беріліп, оқу мақсаттарына өзгерістер енгізілген.
«Қазақтілі»пәніненоқупроцесінұйымдастырудағыәдістемелікерекшеліктер:
оқыту мақсаттары арқылы білім алушылардың тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым әрекеттері жүзеге асырыла отырып, олардың коммуникативтік қарым-қатынас дағдысы қалыптасады, сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталады;
қысқа мерзімді жоспар құрылу барысында сөйлесім әрекетінің бір-екі түрі басшылыққа алынады, бір сабақта бірнеше сөйлесім әрекетін басшылыққа алу сабақты мақсатына жеткізбейді;
мұғалім бір сабақ барысында бірнеше оқу мақсаттарының ішінен тақырыпқа қатыстыларын таңдап алуға құқылы;
үлгілік оқу бағдарламасы білім алушының жас ерекшелігіне сай функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға бағытталған. Мысалы: оқылым әрекеті бойынша «Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану» оқу мақсатын жүзеге асыру үшін 5-сынып оқушылары ауызекі сөйлеу және жазба стильдегі мәтіндердің айырмашылықтарын таныса, одан жоғары сыныптарда әртүрлі стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын анықтайды. Оқу мақсаттарын жүйелі түрде жүзеге асырудың нәтижесінде оқушылардың мәтінді талдау дағдысы қалыптасады;
грамматика өмірмен байланыстырыла мәтін талдау барысында оқытылады;
грамматикалық бірліктердің мәтін құруға қатысуда қандай функционалдық қызмет атқаратындығын білім алушы өзі жұмыс жасау барысында анықтап, меңгереді.
Қазақстанның білім жүйесіне 2009 жылдан бастап үш жылда бір рет өткізіліп отыратын PISA халықаралық зерттеуі кірді. PISA-ның негізгі бағыттарының бірі – оқу сауаттылығын анықтау. Онда оқу техникасы мен мәтiн мазмұны ғана емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірде, практикада қолдана білу қабілеттері бағаланады.
Негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасындағы білім мазмұны бойынша оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас субъект-субъектілік қарым-қатынасқа құрылады. Мұғалім кеңесші, бағыт беруші, бағыттаушылық қызмет атқарса, оқушы ізденуші,
зерттеуші қызметін атқарады. Сол арқылы алған білімі тиянақты болады. Себебі, білім алушы өз қолымен, ізденуімен жасаған жұмысын ұмытпайды, өмірде қолдануға да, басқаға үйретуге де бейім болады. Бұл білім алушыны сыни тұрғыдан ойланып, әрекет етуіне, функционалдық сауаттылығының қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.