Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Оқу нормативтері бойынша ұсынымдамалар



бет61/157
Дата31.08.2022
өлшемі1,59 Mb.
#148406
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   157
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

Оқу нормативтері бойынша ұсынымдамалар


Оқу жылдамдығы – оқушы тұлғасының қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Оқытудың екінші негізгі кезеңінде де оқушылардың оқу жылдамдығын қалыптастыру жалғасады, алайда 5-9- сыныптарда түсініп оқуға емес шапшаң оқу мен мәнерлеп оқуға басты назар аударылады.
5-сыныпта бастауыш сыныптағыдай оқу жылдамдығын тексеруді бақылап отыру қажет. Бақылау мақсаты тез, жылдам оқу емес түсініп оқу болатынын ескерген жөн.
5-9-сыныптардағы оқу жылдамдығына қойылатын талаптар:

  • мәнерлеп оқу;

  • логикалық екпінді ең маңызды сөздерге қойып оқу;

  • оқу барысында сөз бұзылмай, автордың айтатын ойын дұрыс жеткізу.

«Қазақ әдебиеті» пәнінен кітап оқу дағдыларын қалыптастырудың
нормалары (оқу жылдамдығы) берілген (2.5-кесте).


6.5-кесте. «Қазақ әдебиеті» пәнінен кітап оқу дағдыларын қалыптастырудың нормалары (оқу жылдамдығы)


Сыныптар

Міндетті деңгей

Мүмкіндік деңгейі

5-сынып

110 – 120 сөз

120 – 150 сөз

6-сынып

120 – 130 сөз

140 – 160 сөз

7-сынып

135 – 140 сөз

150 – 180 сөз

8-сынып

145 – 150 сөз

170 – 220 сөз

9-сынып

160 – 180 сөз

200 – 250 сөз

10-сынып

190 – 200 сөз

240 – 300 сөз

11-сынып

220 – 250 сөз

300 – 350 сөз



  1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны


Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізу бойынша ұсынымдар
«ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2022 жылғы
№ 193 бұйрығының 4-тармағына сәйкес «Формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу және сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және педагогтің ұсыныстары арқылы жазбаша нысанда (дәптерлерде немесе күнделіктерде) немесе ауызша жүзеге асырылады. 2-11 (12) сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады.
9-тармағына сәйкес БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді.
БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек.
12-тармағына сәйкес БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.
Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып педагог өзі дайындайды.
Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады.
Үлгілік оқу бағдарламаларына (негізгі және төмендетілген оқу жүктемесі бойынша) сәйкес 5-11-сыныптарда оқытылатын «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны көрсетілген (6.3-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет