Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет59/157
Дата31.08.2022
өлшемі1,59 Mb.
#148406
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   157
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

«Анализ және интерпретация» бойынша әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді талдау; шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау; көркем шығарманың тілін, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау; көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазу.
«Бағалау және салыстыру» бойынша шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру; әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру; шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу; әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу дағдыларын дамыту.
Бөлімдер сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.
«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу бағдарламасы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді. Бұл пән әдеби шығармаларды оқытып қана қоймай, танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға да негізделген. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес пәннің мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемі анықталған. Әр сыныпта оқытылатын шығармаларды таңдау кезінде қазіргі замандағы баланың жас ерекшелігімен қатар танымдық ерекшеліктері де ескерілген.
Көркем шығармаларды толық оқу міндеттеледі. Сол арқылы оқушыға автордың идеясын толық түсінуіне, шығарманы жан-жақты талдай алу қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік беріледі. Көркем шығарманы саналы түрде түсініп, талдап, зерттеп, кейіпкерлерді салыстырып, олардың әрекетіне баға беріп, сол шығармалар арқылы оқырмандық сауаттылығын қалыптастыру көзделеді. Бір шығарманы толық оқып, талдай білген оқушы өз бетімен оқыған шығармасын сыныпта меңгерген дағдылары бойынша барлық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, ой елегінен өткізіп, интерпретация жасап, бағалай алады. Сыныпта және өз бетімен оқылатын көркем әдеби шығармалардың табиғи сабақтастығы мен байланыстылығы сақталынып отырады. Яғни оқушыда көркем шығарманы оқуда осындай әдеби дағды қалыптастыра білсек, ол кез келген басқа ақын- жазушылардың өмірбаянын, шығармаларын өздігінен оқып, талдай алатын болады.
Қазақ әдебиеті туындылары жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері мен даму мүмкіндіктеріне сәйкестендіріле, қазақша ойлау және сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, монолог, диалог, пікірталас жасау дағдыларын қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған.
Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. Оқу
мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген тізімге сай жүзеге асады.
Тоқсан ішінде көркем шығармаларды оқытуға бөлінетін сағат сандарын шығарманың көлеміне, оқу мақсаттарының жеңіл, күрделілігіне қарай мұғалім өзі анықтайды.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 6 және 7-сыныптарында «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктірілген.
Өлкетану – бұл туған өлкенің тарихы, табиғаты мен экологиясы, экономикалық, әлеуметтік-құқықтық дамуы, рухани шыққан тегі, әдебиеті және көркемөнері. Өлкетану өзіңнің туған жерінді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді.
«Өлкетану» материалдарын оқыту:

  • білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру;

  • туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;

  • туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;

  • туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.

Өлкетану материалдары 6, 7-сыныптарда 2 сағаттан 4 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспардың 3 және 4-тоқсандарына енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын кіріктіріп оқыту ұсынылады.

  1. сыныпта «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Өлкені сипаттау өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдауға үйрету ұсынылады.

  2. сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем» электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет- журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге, энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады.





«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығымен 9- сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында К.Гамсунның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет