Шығарма қандай тақырыпқа жазылған еді?Ол туралы не білеміз?
Олай болса, осы тақырыбымызды әрі қарай жалғастырайық.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
А.Асқар «Прописка» әңгімесінің тақырыбы, идеясы. Кейіпкер мен автор
ұстанымы (5-сабақ)
Видео
Сабақтың ортасы 20 минут
Өткен сабаққа шолу. 1.«Прописка» әңгімесінің жанры:әңгіме
2.Оқиғаның өткен уақыты: 1987 жылдарды қамтиды.
3.Дәлел: Бәрінен де төрт ай бойы сергелдеңге салынғанын айтсаңшы. Сол бір Желтоқсанның бұрқағы болмағанда, құда да тыныш,құдағи да тыныш, Алматыға іргелес ауылына пропискаға отыра қояр еді. Сол бір сұмдық көтеріліске тайқы маңдайы тап келіп, қызуқандылықпен килікпегенде, қалың тұманда адасып қалған адамдай сандалмас па еді...
Биыл биік Алтайдың басындағы ұшпа бөркітұрмақ,етегіндегі жел қағып, қар тоқтамайтын тастақ қыраттары да наурыздың оқиға қырын жамылып, самарқау жатыр.
4.Тақырыбы: ерлік, туған жерге шексіз махаббат
5.Идеясы:шығарманың негізгі мұраты, идеялық қуаты – желтоқсан оқиғасы үшін қудаланған қазақ жастары өмірінің кейбір тұстарын сипаттау.Сондай-ақ автор Кеңес өкіметінің желтоқсаншыларға көрсеткен озбырлығын әрі қоғамнан шеттетуге ұмтылған теріс әрекеттерін сынап отыр.Және ұсақ детальдар арқылы қала мен ауылды байланыстыратын жолдардың жоқтығын шебер суреттеген (Ұлан асуындағы автобустың аударылуы, Ертіс өзенінен өте алмай кейін қайтуы).Болашақ ұрпақты Архаттың адуынды сөздері мен қайтпас мінезі арқылы ұлтшыл, патриот болуға шақырады.