Сабақтың тақырыбы А. Асқар «Прописка»


-тапсырма. «Еркін жазу» әдісі



бет3/4
Дата21.04.2024
өлшемі30,16 Kb.
#201096
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
5-сабақ. А.Асқар Прописка. тақырыбы, идеясы. Кейіпкер мен автор ұстанымы

3-тапсырма. «Еркін жазу» әдісі
«Кейіпкерлер әлемі»
Сұрақ: әңгімеде қандай кейіпкерлер бар еді?
(Архат, Дәурен, Архаттың жеңгесі, Базиев, шофер, Қақатаев, үш жігіт, подполковник т.б.).
Шарты:
Әңгімедегі кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылыдығына салыстырып баға берсеңіздер.
Архат пен жездесін;
Архат пен алаңға шыққан жастарды;
Архат пен Қақатаевты:
Архат пен шоферды.
Дескриптор:
- кейіпкер типін сипаттайды;
- басқа кейіпкерлермен салыстырады;
- бүгінгі өмірмен байланыстырады;
- тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.


Ықтимал жауап:
«Көтеріліске 18-і күні дәрігер жездесін әдейілеп ертіп барып тұрып қатысты. Таяқты де жеді... жегізді де? Көңілде ғана әлдеқандай алаң, шарасыздығына налу ғана бар. Ал органдағылар Қаскелеңде тергеп-тексеріп үш сағат ұстады. Дәлел болмағандықтан қоя берді» - бұл үзіндіден, Архаттың қайсарлығын байқаймыз, Қасындағы жездесі де есесін жібермейтін, елдің болашағы үшін алаңдайтын өткір жастар. Қиындыққа мойымайтын, қиындықтан шығар жолды іздеп табу жолында талмайтын, қайсар жан.

«Машина оталмаса да, шофер Архат пен тағы бір жігітке автобустың алдын аршуды бұйырды. Ол екеуі лып ете түскен.Әп-сәтте ұйтқыған боранмен арпалыса тазалаған болып, қайта ішке енді» осы үзіндіде Архат секілді елгезек, жұмысқа мығым жандардың бар екенін аңғартады. Шофердің өзі бүкіл автобустың жолаушыларын басқарып алған, жолдың талай ауыртпалығын көріп, өмірлік тәжірибесі бар жанға ұқсайды. Екі кейіпкерде ұқсастық бар. Шофер жол азабын тартса, Архат өмірдің «прописканың» азабын тартқан жандар.


Басты кейіпкер ретіндегі жаңашылдығының бір көрінісі, Отан алдындағы борышын өтеуге, армияға сұранып, жалынып жүріп баруы. Оны мына үзіндіден байқаймыз «Әскери өмірдің ащы-тұщысын Архат мұғалімдер даярлайтын институтты бітірген соң татты ғой. Институт бітіріп, қатарыңнан кеш қалып барған қалай дегенмен жанына батады екен. Армияның аты - армия. Оның өз заңы бар: ұстанасыз да. Бәрін де бастан кешуге тура келді ғой. Оған да бірақ өзі сұранып, Қаскелеңде «рапорт» жазып, Ауғаныстан соғысына қатысам деп кеткен-ді. «Сұрап алған аурудың емі жоқ» емес пе?!»


Кейіпкер армияға қатырынан қалып барғанына өкінеді, себебі 5 жыл институтта оқып 33 жасында армияға барды, ал қасында әскери борышын өтеп жүргендер өзінен 4-5 жасқа кіші, оқырманына барлық ісіңді дер кезінде атқар, не істі де уақытында жүзеге асырған қайырлы деген ой.

«Ал әйгілі Желтоқсанның жөні тіпті бөлек. Ол үшін өліп кетсең де арман жоқ. Қойша қамалып, тырнаша жұлынған, көк мұз алаңда жер жастанған жаны жайсаң қыз-жігіттен жаның артық?!» -деп Архаттың ойға батуынан әділетсіздікке көнбейтін өрімдей жастардың әркетін қолдап, елінің болашағына алаңдағаны байқалады. Жалындаған жас Архаттың елімізде жаңа лептің болуын армандайды. Бұл арадағы ішкі ойы арқылы мемлекеттегі өзгерісті қалайтыны, қыршын кеткен боздақтардың ерлік істерін мейірлене әрі қинала еске алады.


Асығыспын, ауданға кетіп барам. Ертең келерсің деген өзіңіз емес пе едіңіз, - деп Архат Жетісу аулының ауылсоветі Қақатаевтың алдында әскери формамен сымша тартылып тұрып еді-ау!...



  • Айтсам, айтқан шығармын. – Қақатаев үстелге салбыраған қабағын көтерген. – Дәл мына жағдайға байланысты РОВД-дан инструкция алатынымды қайдан білейін?!

  • Инструкцияның маған қандай қатысы бар, аға? Отан алдындағы борышымды өтеп келдім.

  • Өз басыңа ештеңе деп тұрғамын жоқ. Әзірге күте тұр. Армиядан енді келсең,әлі «пропискаға» уақыт бар. Астананың іргесіндегі ауылмыз. Декабристердің дүрбелеңі ...- деп Қақатаев күмілжи берді. Сондықтан да сондай инструкция берілген... Тоса тұр.» деген үзіндідегі Архат бейнесінен, заңды білетін, өз құқығын талап ете алатын өткірлігі көрінсе, Қақатаев шені жоғары болса да, өз инструкциясын Архатқа түсіндіріп бере алмай күмілжи береді. Екі кейіпкердің жүйесін заманауи жаңашылдығын салыстырсақ, Архат армиядан жаңа келген албырт жас, алдындағы кедергіні жойып, әділдікті жақтаған қайсар, өткір жас.Қақатаев болса, қызметімнен айырылып қаламын ба деп қорқып, тіркеуге ала алмай, не алмау себебін түсіндіре алмайтын шешімсіз қызметкер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет