Сабақтың тақырыбы : Біз қазақша сөйлейміз. Мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі65,69 Kb.
#33592
түріСабақ
конШҚО, Бесқарағай ауданы Ерназар ауылы «Сосновка орта мектебінің» КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Ж.Айтимбетованың ашық сабақ үлгілері.


Сабақтың тақырыбы: Біз қазақша сөйлейміз.
Мақсаты:

1.Орыс сыныптарында оқитын оқушылардың сөйлеу, ойлау кезеңдеріндегі білімдерін арттыру.

2. Тілге деген қызығушылықтарын арттыру, тез ұғып, жылдам ойлауға дағдыландыру.

3.Тіл құдіретін, қажеттілігін білдіру.

Көрнекілік: проектор,слайдтар, кроссвордтар,грамматикалық тапсырмалар, ноутбук,ән әуені.


Сабақ барысы:

Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сайыс сабағымыз тіл құрметіне, оның құдіреттілігіне арналады.

Басқа халықтар сияқты біздің де өз тарихымыз бен мәдениетіміз, дініміз бен тіліміз бар.Ол-қазақ тілі.Барлық қазақстандықтар, мұнда тұратын басқа да ұлт өкілдері өз ана тілдерімен қоса қазақ тілін де білулері шарт. Бұл-заман талабы.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар

Қай елде де жүрсек-тағы –дұрысы

Мемлекеттік тіл үйренген жөн болар.

Ендеше,бұған біз бүгінгі сайысымызда көз жеткіземіз.Ортаға сайыскерлер топтарын шақырамыз.

«Алғырлар» 7-ші сынып оқушылары.

«Тұлпар» 6-шы сынып оқушылары.


  1. Сайыстың бірінші шарты-сәлемдесу.


Мұғалім: Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді-деген-екен халқымыз.

«Тұлпар» тобы: Сәлем берем,қарсыласым өзіңе

Құлақ асшы мына менің сөзіме

Күш сынасып көрейікші бүгін біз

Сайысымыз жетсін жеңіс төріне.

«Алғырлар» тобы: Сәлеміңді біз де қабыл аламыз

Бұрқыратып шаңдарыңды қағамыз

Жеңіп шығып,бәйге алмасақ осыдан

Абайсызда ұятты болып қалармыз.

II. Екінші шарт:Мақал-мәтелдерді аяқтау.

«Алғырлар» тобына тапсырма:

а/ Әдепті бала-арлы бала ә/Оқу- білім бұлағы

----------------------------- -----------------------

б/Жаманға айтқан ақылың в/Халық айтса,----------

--------------------------------

г/Жері байдың- ------------- д/ Еңбек түбі- -----------
е/Білім таппай мақтанба ж/Білекті бірді жығады

----------------------------- ---------------------------

«Тұлпар» тобына тапсырма:

а/Ақыл азбайды,------------ ә/Отансыз адам- ------------

б/Елінен безген ------------- в/Еңбек етсең ерінбей,-------------

г/Ашу-дұшпан,-------------- д/Асыл тастан шығады,------------

е/Кекшіл болма,------------- ж/Талабы жоқ жас- --------------.

III.Үшінші шарт:екі топ өз әндерін орындайды.

IV.Төртінші шарт: Кроссворд шешу.

V. Бесінші шарт:Таныс емес музыкаға би.

VI.Алтыншы шарт: Грамматикалық тапсырма орындау.
Қай жақын сөйлемнің қай мүшесі?

Туысы жақын-жақын емес

Қонысы жақын –жақын.

Бұл тапсырманы екі топ та орындайды,қайсысы бұрын орындаса, сол жеңеді.

VII. Екі топқа бірдей эрудит сұрақтар:

Қазақстанның астанасы?

Тәуелсіздік күні?

Тілдер күні?

Баға қоятын кітап?

Оқушының үйде жиі тастап кететін құралы?

Қазақ билері?

Жеті ата?

Республика күні?

Президенттің туған күні?

8-Наурыз қандай мереке?

22-Наурыз ше?

VIII.Мәнерлеп тіл туралы өлең оқу.

Әділ қазылар сөзі: жеңген топ мадақталып, марапатталады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:балалар, бүгін сіздер сайысқа түсе отырып, өздеріңнің білімдеріңді, өнерлеріңді, шапшаңдықтарыңды,тілге деген сүйіспеншіліктеріңді көрсеттіңдер.Бұл-қуанышты жағдай. Әлі де болса тілге деген қызығушылықтарың арта берсін.Білімдеріңіз тереңдеп,білгендеріңіз, үйренгендеріңіз көп болсын.

Сөзжұмбақ 1



Қазақтың ұлттық тағамдары мен дәстүрлері» (6-7 минут)





4




5




6







3




























2




























1






















9













8

























7
















10

































11





































12










Тігінен

1.Қазақтар көршілерін,туыстарын көмекке шақырады.

2.Сыйлы қонақтың,үлкен кісінің орны.

3.Ұлттық сусын.

4.Соғым басына шақырылатын қонақ.

5.Көшіп келген көршіге берілетін тамақ.

6.Бас табаққа салынатын сүйек.

7.Қысқы соғымнан қонаққа сақталатын ет.
Көлденеңінен

3.Ұн тағамы.

8.Асханада 1-ге берілетін тағам.

9.Тамақтан соң айтылатын сөз.

10.Басты кімге тартқан.

11.Айранға су қосып жасаған сусын.

12.Қонақтың үй иесінен сұрай алмайтын заты.

Өткізген мұғалім: Айтимбетова А.Ж.



Сосновка орта мектебі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет