Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет54/157
Дата31.08.2022
өлшемі1,59 Mb.
#148406
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   157
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

Оқу процесінде білім алушының ынтасын, қызығушылығын арттыруға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады:
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:

  • Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)

  • Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

  • Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

  • Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)

Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу мәдениетін қалыптастырады. Коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан білім алушы алдына нақты мақсат қоятын, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, өзгені қызығушылықпен тыңдай алатын жеке тұлға болып қалыптасады.
Жоғарыда көрсетілген жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттілікті меңгертудің алғышарты болып табылады. Себебі, бұл жұмыс түрлерін мұғалім әр сабақта қолдана алады. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыстар білім алушының сөйлеу тілін дұрыс меңгеруіне, қатысым және жазылым қарым-қатынасын қалыптастыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады. Коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан білім алушы өз қатарларымен, өзге де жастағы адамдармен қарым-қатынаста белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетін болады.
Диалогтік әдісті қолдану білім алушылардың сұрақтарды, өтінішті, таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білуге дағдыландырады. Топ арасында талқылау жүзеге асады. Әр топ өз пікірін айтып, дәлелдеме жасайды. Сыныпта талқылауға қатысу оқушының бәсекеге қабілетін арттырып, өз дәлелін қорғауға, мәселеге сыни тұрғыдан қарауға (1. Пікірталастық әңгіме; 2. Топтық әңгіме; 3. Зерттеушілік әңгіме.) үйренеді. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы: сұрақ-жауап, рөлдік, тапсырманы орындату, жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқу.
Оқу нормативтері бойынша ұсынымдамалар
Білім мазмұны бойынша оқу дағдыларына қойылатын талаптар біршама өзгерген (6.2-кесте).

6.2-кесте. Оқу дағдыларына қойылатын талаптар



Сынып


Тыңдалым

Оқылым


Жазылым


Айтылым

тыңдалым

мәтіндегі

диалог

монолог




ұзақтығы

сөз саны













5

3-5 минут



200-300 сөз



300-400 сөз



150-200 сөз



6-8 сөйлем



8-10 сөйлем



6

3-7 минут

300-500 сөз

300-500 сөз

200-250 сөз

8-10 сөйлем

10-12 сөйлем

7

5-9 минут

300-700 сөз

500-700 сөз

250-300 сөз

10-12 сөйлем

12-14 сөйлем

8

5-11 минут

500-900 сөз

500-800 сөз

300-350 сөз

12-14сөйлем

14-16 сөйлем

9

5-13 минут

500-1000 сөз

500-900 сөз

350-400 сөз

12-14сөйлем

14-16сөйлем





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет