«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» курсы. Негіздемесі: Бұл элективті курс аясында оқушының ана тілі құдіретін түсінуге деген құлшынысын оятып, тілге құрмет көрсету, ұлттың ұлт ретінде өмір сүруі үшін ең маңызды фактор тіл екендігін ұғындыру.
«Тіл мәдениеті» курсы. Негіздемесі: Тіл мәдениеті–сөзді орынды қолдану. Сөйлеу қарым-қатынаспен қатар, адамның ішкі өмірінің рухани байлығын жарыққа шығаратын құрал. Онда пәнаралық байланысты, әдебиеттен өтілетін көркем шығармаларды да пайдалануға болады.
Алаш зиялыларының ой-тұжырымдары» курсы. Негіздемесі: Ұлт- азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері – бүгінгі өзі де, тілі де азат күнге
жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет. Жас ұрпаққа Алаш зиялыларының осы жолдағы үлесін түсіндіру қажет.
«Сатылай кешенді оқыту технологиясы» – сапалы білім кепілі курсы. Негіздемесі: Қазақ тілінде ойын жеткізе алатын, өз ана тілінде дітін орындата алатын, қазақтың тарихы мен мәдениетін меңгерген жан-жақты білімді, мәдени ұлттық тұлға қалыптастыру.
«Эссе, оның түрлері, бағалауға қойылатын талаптары, өлшемдері». Негіздемесі: оқушы өз ойын, танымы мен парасатын, көзқарасын жинақы түрде жеткізе алатын дәрежеге жетеді, сыни ойлауы дамиды, өз ойын еркін жеткізуге, дәлелдер мен аргументтер арқылы өз пікірін ашық айтуға дағдыланады, өзіндік көзқарасы, позициясы айқындалып өмірде жеке тұлға ретінде қалыптасады, шығармашылығы дамиды.
«Ахметтану» курсы. Негіздемесі: Тілді үйретуге қатысты Байтұрсынұлының ұсынған тиімді қағидалары басшылыққа алынуы керек. Тілді үйрету үшін мұғалім бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай табан астында өзі қажет әдісті тауып пайдалану керек.
«Ұлттық құндылықтар» курсы. Негіздемесі: Бұл элективті курс аясында «Қазақ тілі мен әдебиетін» оқытуда ұлттық құндылыққа өткен ата- бабаларымыздың елі мен жері үшін жан аямай жасаған ерліктері бейнеленген тарихты білу, сан ғасырдан бері келе жатқан салт-дәстүрлер мен әдет- ғұрыптарды тиімді пайдалану, жауһар халық ауыз әдебиеті мен өнегелі ұлт қайраткерлерінің халқы үшін жасаған күресі сынды ұмытылмас сезімдер жатады. Курстың мақсаты осы айтылғандарды білім алушының бойына сіңіріп, біліммен қатар тәрбие беру.
6. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын тақырыптар
«Қазақ тілі» пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын әдістемелік тақырыптар:
Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Қазақ тілі» пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (тәжірибесі аз жас мамандар үшін, педагогикалық шеберлікті жетілдіру үшін, өзара тәжірибе алмасу мақсатында, шығармашылық жұмыстар жүргізу үшін, білім алушының білім сапасына мониторинг жүргізу үшін, қиын оқушыға себептерін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізу үшін және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар:
«Қазақ тілін» оқытуда қолданылатын цифрлық контенттер.
ҚМЖ құруға дейінгі мұғалімнің дайындығы.
Оқушымен кері байланыс орнатудың жолдары.
Қалыптастырушы бағалауды жүргізуде қолданылатын әдіс-тәсілдер.
ҚМЖ құруда оқытудың мақсаттарын қоя білу жолдары
Оқушының жазу сауаттылығын қалыптастыру жолдары
Қазақ тілі сабақтарында АКТ-ны қолдану
«Ұстаздық еткен жалықпас...» білім мен тәрбиені қатар алып жүру жолдары
Диагностикалық зерттеу жұмысын жүргізу жолдары.
Оқу үшін емес, оқыту үшін бағалау.
Критериалды бағалаудың ерекшеліктері мен қиындықтары.
«Қазақ тілі» пәнінен білім беру арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас орнату жолдары
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын білім беру технологиялары, олардың ерекшелігі
«Қазақ тілі» пәні сабақтарында алаш ойшылдарының педагогикалық зерттеулерге қатысты ой-тұжырымдарын қолдану жолдары.
Алаш зиялылары ой-тұжырымдарының бағдарлама мазмұнымен сабақтастығы.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру
Жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесі
Оқу мен тәрбиені қатар алып жүру жолдары
Оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату
Ата-анамен жұмыс түрлері (жас педагогтар үшін).
6.7. Пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру
Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»,–деді. Ы.Алтынсарин «өмірдің негізгі мәні – еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу – кісіліктің басты белгісі»,– деген. Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады. М.Жұмабаев «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы», – деп жазды.
Қазақстан Республикасының білім жүйесінде халыққа білім, тәрбие берудің негізгі мақсаты – Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасыз ететін, нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу.
Ақыл-ой тәрбиесі–оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері: оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету; оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен,
еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу; озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие міндеттері: бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру; эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру; әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
«Қазақ тілі» пәні бойынша балаға берілетін тәрбие мәтін арқылы жүзеге асады. Сабақ барысында алынатын мәтіннің мазмұны ұлттық құндылықтарға негізделуі қажет. Әрбір жасаған жұмысының мазмұнынан адам бойына қажетті жақсы қасиеттердің ұшқыны сезіліп тұрса, ол бала бойына жақсы қасиеттерді дарытады.
Достарыңызбен бөлісу: |