Қазақстан Республикасының Президенті –Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Дата 01.04.2017 өлшемі 38,71 Kb. #13140
Қазақстан Республикасының Президенті –Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы “Бесіншіден, оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс. Үкіметке мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөнінен бесжылдық Ұлттық іс-қимылдар жоспарын қабылдауды тапсырамын.” “В-пятых, образование должно давать молодежи не только знания, но и умение их использовать в процессе социальной адаптации. Поручаю Правительству принять пятилетний Национальный план действий по развитию функциональной грамотности школьников”. (27 қаңтар 2012 жыл.7тарау 5 бөлім.) Біреуінің жүрегінің түгі бар, Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар. Біреуінің күмбірлеген күйі бар, Енді біреуінің қатты істейтін миы бар. Бүгінгі шәкірт-ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. ҰБТ-ке дайындық “Білім деген биік шың, қиындықтан өткізер” Сабақтың тақырыбы: Синтаксис. Сөз тіркесі. Сөйлем, оның түрлері . Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру; 2. Оқушылардың білімін тесттік жүйемен бақылау. Сабақтың әдісі: тест, кестемен жұмыс, интерактивті тақта, талдау. Сабақтың түрі: тексеру, бағалау. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы , орыс тілі. «Мақсатымыз – білім алу, міндетіміз – еңбектену, қиындықты – жеңе білу» Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі : 1) Сәлемдесу. 2) Сабаққа дайындығын тексеру. «Біреу озса сабақта, біреу артта қалады, Ренжімей тараса, озбағандар жарады. Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау, Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.” Синтаксис(грек. «құрау, біріктіру,рет») – сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы . Сөз тіркесі – кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы. Сөз тіркестері сөйлемнен жасалады: Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабылады. Бала бөленген бесік, бесіктің үсті, жеті нәрсе, үстіне жабылады Сөз тіркестерінің түрлері Сөз тіркесінің екі түрі бар : 1. Есімді сөз тіркесі. 2. Етістікті сөз тіркесі. Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі Басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі Сөйлем Сөйлем – біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай 4 түрі бар: Бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылатын сөйлем. Сөйлем соңына нүкте қойылады. Сөйлеушінің көңіл-күйін (қуану, ренжу, өкіну т.б.) білдіру мақсатында айтылатын сөйлем Сөйлем соңына сұрау белгісі (?) қойылады. Сөйлем соңына нүкте немесе (көтеріңкі интонациямен айтылса) леп белгісі (!) қойылады. Сөйлем соңына нүкте немесе (көтеріңкі интонациямен айтылса) леп белгісі (!) қойылады
Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын сөйлем Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем. Сөйлем Сөйлем – біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай 4 түрі бар: Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын сөйлем. Сөйлем соңына нүкте қойылады. Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем. Сөйлем соңына сұрау белгісі (?) қойылады. Бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылатын сөйлем. Сөйлем соңына нүкте немесе (көтеріңкі интонациямен айтылса) леп белгісі (!) қойылады. Сөйлеушінің көңіл-күйін (қуану, ренжу, өкіну т.б.) білдіру мақсатында айтылатын сөйлем. Сөйлем соңына нүкте немесе (көтеріңкі интонациямен айтылса) леп белгісі (!) қойылады
Сөйлемнің құрылысына қарай түрлері Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем. Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем. Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем. Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем. Айтылуға тиісті мүшелерінің бірі түсіп қалған сөйлем. -Балам, кайдан келдің? - Астанадан. Толымды түрі: Балам, (сен) қайдан келдің? (Мен) Астанадан (келдім) Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем. Қыста ауа райы өте суық болды.
Сөйлемнің құрылысына қарай түрлері Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем. Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем. Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем. Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем. Қыста ауа райы өте суық болды. Айтылуға тиісті мүшелерінің бірі түсіп қалған сөйлем. -Балам, кайдан келдің? - Астанадан. Толымды түрі: Балам, (сен) қайдан келдің? (Мен) Астанадан (келдім) Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем.
«Ойын толқын жатқандай асып-тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып. Бұл кезеңнен өтеді ғұлама ойлар, Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып» II.Кезең. «Тапқыр болсаң, тауып көр» Жабық тест 1.Жақсыз сөйлемді табыңыз. А) Боран да басылды. В) Күн жылына бастады. С) Досын көрді. Д) Жәрдемшіге хабар айтуға болады. Е) Жүзін шырамытатын сияқты. 2. Сөз тіркесіндегі меңгеруді белгілеңіз. А) Үй жина. В) Білім бұлағы. С) Ақыл кеңі. Д) Тас жол. Е) Олар келеді. 3. Жақты сөйлемді табыңыз. А) Енді сізге айтуға тура келеді. В) Абайдың да ішек-сілесі қатып еді. С) Абайдың ұғына түскісі келді. Д) Менің айтқым келді. Е) Басқаны ауызға да алмаймын. 4. Қиысуды табыңыз. А) Кейбір сөйлем. В) Ешкімге айтпа. С) Ол оқыды. Д) Сұмдық жаза. Е) Ешкімге ұрыспау. 5. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз. А) Игілік басы-ынтымақ. В) Ердің саулығын, елдің байлығын ойла. С) Қуанышы қойнына сыймады. Д) Өмірдің мәнін түсін. Е) Бес нәрсеге асық бол. III.Кезең. «Білімді азамат-ел ертеңі» 1.Сұраулы сөйлем болмайтын сөйлемді табыңыз. А) Осының бәрі рас па В) Беу, шіркін, таудың күй, тастың күйі ме С) Оралым менің, Оралым ба Д) Емтиханға дайындалдың ба Е) Бала қарсы айтуға сөз таба алмады 2. Жақты сөйлем бола алмайтын сөйлемді анықтаңыз . А) Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім. В) Даланы торлаған надандық түнегіне шамшырақтай сәуле төкті. С) Енді біраздан кейін көз байлануға айналды. Д) Ал біз үшін жұмбақ па? Е) Кесек оқты қолымыз талғанша жаудыра бердік. 3. Есімді сөз тіркесі бола алмайтын сөз тіркесін көрсетіңіз. А) Түн іші В) Өтімді сөз С) Түймесін ағытпа Д) Әдемі қыз Е) Қате сұрақ 4. Сөз тіркесі болмайтынды анықтаңыз. А) Отыз метр. В) Бала сияқты. С) Түн ортасында ауа райы бұзылды. Д) Үш метрдей қашықтық. Е) Әке-шеше қамқорлығы. 5. Меңгерілмеген сөзді табыңыз. А) Суды төкті. В) Ағасына берді. С) Бізден сұрады. Д) Біздің гүліміз. Е) Ұқыпты бала. Сергіту сәті IV. Кезең. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» “Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Тәрбие, білім табар мән. Бұл бәйге, ойдың бәйгесі, Кім жүйрік ойға, сол алда». Шарты: берілген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндір! Ақ саусақ - ... Екі көзі төрт болды - ... Жұмыртқадан жүн қырыққан - ... Ақ түйенің қарны жарылу - ... Кірпігінен қырау тамған - ... V.Кезең. «Шапқан озар, жатқан қалар» «Білімнің ұшқырлығын танып сен, Асып-тасып, аптықпа, қалыспа сен. Уақыт деген зымырап, зулап жатыр, Шапшаңдық бұл тестте керек екен.» Шарты: Берілген ережелерді толықтыр (көп нүктенің орнын) 1.Сөз тіркесі – кемінде екі сөздің ... 2.Есімді сөз тіркесі – басыңқы сыңары ... 3.Етістікті сөз тіркесі – басыңқы сыңары ... 4.Сөйлем – біршама тиянақты ... 5.Жақсыз сөйлем – бастауышы ... (мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы) (етістіктен болған сөз тіркесі) (ойды білдіретін сөздер тобы) VI Кезең. «Қандай сынақ болса дағы беріспе, Әрқашан да үміткер бол жеңіске» Қазан қаласында жарық көрген «Бақытсыз Жамал»романының авторы, қай жылы жарық көрді? 2. Ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнаған қазақ ақыны,қай жылы арнаған? 3.Орыс – қазақ мектебі ашылған қала, қай жылы ашылды? 4.«Абай» роман-эпопеясының екінші кітабын қай жылы шығарды, авторы кім? 5.«Қазақстан-2030» жолдауын кім жариялады, қай жылы?
Сәйкестендіру тесті Пәнаралық байланыс (қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы) VII Кезең. «Тапқырлық таныту мақсатымыз, Біліммен шықсын тек жақсы атымыз» Интерактивті тақтамен жұмыс жасау Шарты: тапсырманы дұрыс жауаппен байланыстыр ( арқылы ) Атаулы сөйлем қай сөз табынан екенін көрсетіңіз. А) үстеу В) есімдік Түн. Ай сәулесі. С) сын есім Д) есімше Е) зат есім Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз. А) толымды - Анау Ақбоз сенікі ме? В) толымсыз - Менікі. С) атаулы Д) сабақтас Е) құрмалас 3. Жақсыз сөйлемнің астын сыз. А) Боран да басылды. В) Күн жылына бастады. С) Досын көрді. Д) Жәрдем хабар айтуға болады. Е) Ол ауылға барды. «Көңілін ұстаздардың таптың бүгін, Е лес қой мынау бізге өткен, кеткен. Бір-бірлеп сұрақ қойып, бақ сынайық, Байқайық оқушылардың тапқырлығын» 1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 2.Етістіктің ерекше түрлерін ата? 3.Зат есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді,ата? 4.Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің айырмашылығы неде? . 5. Жинақтық сан есімнің жұрнақтарын ата,мысал келтір? -ау, -еу. 1,2,3,4,5,6,7. 6. Болжалдық сан есімнің жұрнақтарын ата,мысал келтір? (есімше, көсемше, етіс, тұйық етістік) (деректі,дерексіз зат есім) а)сапалық с.е.-негізгі сын есімнен жасалады. ә)қатыстық с.е. – туынды с.е. немесе басқа сөз таптарының жұрнақтары арқылы жасалады -даған, -деген, -таған, -теген, -дай, -дей, -тай, -тей Жүз-деген, қырық-тай , елу-дей. 7. Белгісіздік есімдігі мен болымсыздық есімдігінің айырмашылығы неде? 8. Демеулік шылауларды атап шық? 9. Мезгіл, мекен үстеулерге мысал келтір? 10. Еліктеуіш пен бейнелеуіштің айырмашылығын ажырат? 11. Есімшенің жасалу жолдарын түсіндір? 12. Көсемшенің жұрнақтары қандай? а) затты,сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап көрсетеді. Мысалы: кейбіреу, қайсыбір, әлдеқайда, т.б. ә) болымсыздық мағынаны білдіреді. Мысалы: ешкім, ешқайда, ешқашан, т.б. (ма, ме, ба, бе, ше, -ақ, -ау, -мыс, -міс, түгіл, тұрмақ, ғана, ғой, -ды, -ты) (Мезгіл: бүгін, таңертең, кеше, түнде, биыл, т.б. Мекен: ілгері, осында, анда, әрі, бері, т.б. ) а) еліктеуіш - түрлі дыбыстарға еліктеуден туындайды. ә) бейнелеуіш – көру арқылы сипаттайды. ( -ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с -атын, -етін, -йтын, -йтін -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек ) ( -ып, -іп, -п -а, -е, -й -ғалы, -гелі, -қалы, -келі ) IX . Қорытынды: «Білімнің басы бейнет, Соңы зейнет» “Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді бай һәм күшті болуымыз керек.Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек”. Ахмет Байтұрсынұлы. 1. Бағалау. 2. Үй тапсырмасы. Тест дайындау (сөз тіркесі,сөйлем) Күннің сурет салып ортасына қатысушы өз атын жазады. Қатысушы күннің сәулесіне өзінің жақсы жетістігін, қасиетін, өнерін жазады.Неғұрылым күннің сәулесі көп болса , соғұрылым адамның шапағаты да көп болады. «Осыменен бұл қызықты тәмәмдасақ, Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ? Үйрендік білмегенді осы жолы, Тағы да үйренеміз аман болсақ!» Достарыңызбен бөлісу: