Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2011 жылғы 28 қаңтар


Жеделдетілген экономикалық жаң­ғырту – Үдемелі инновациялық ин­дустрияландыру бағдарламасы­ның жалғасы



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі61,05 Kb.
#86298
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Презентация 1

 Жеделдетілген экономикалық жаң­ғырту – Үдемелі инновациялық ин­дустрияландыру бағдарламасы­ның жалғасы

Біз Тәуелсіздіктің жиырмасыншы жылына аяқ бастық.

1991 жылдың желтоқсанында, өзі­міз­дің стратегиялық мақсатымыз ретінде орнықтылық пен табысқа жетуді таң­дап ала отырып, біз әр жаңа ке­зең­нің дамуына жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыдық.

Біз кеуделі міндеттерге ұмтылып, оларға қол жеткіздік.

Ел ілгерілеуінің шоғырланған көр­сет­кішін ғана келтірейін.

1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті жүз доллардан сәл ғана асатын.

2011 жылдың 1 қарашасына қарай бұл көрсеткіш 12 еседен артық өсіп, 9 мың АҚШ долларынан асып түсті.

Біз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетеміз деп есептеп едік.

Әлемдік тәжірибе тәуелсіздіктің ал­ғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткізе алмағанын көрсетеді.

Мысалы, егемен дамудың алғашқы жиырма жылында жан басына шаққан­дағы ішкі жалпы өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе, Малайзияда – 2 есе, Сингапурда – 4 есе, Венгрияда – 5 есе, Польшада 4 есе өскен.

2010 жылдың қаңтарында ел хал­қына Жолдауымда мен Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жария еттім.

Қазірдің өзінде оны жүзеге асы­ру­дың алғашқы жылының нақты қо­ры­тындылары бар.

Біз 152 кәсіпорынды іске қостық, 24 мыңға жуық қазақстандықты тұ­рақты жұмыспен қамтамасыз еттік.

Бүкіл ел бойынша барлығы сегіз жүзге жуық әртүрлі өндіріс орны құ­рылды.

Біз химия және жеңіл өнеркәсіпті белсенді түрде қалпына келтіру мен да­мы­ту үдерісін бастадық, ауылшаруа­шы­лық өнімдерін өңдеуде серпіліс жасадық. Т.с.с 

2011 жылғы 28 ақпан Президент жолдауы

Қорытынды

  • Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын табысты жүзеге асыру арқасында, мемлекетте тұрақты өнеркәсіп орнықты, бірақ оның кейбір түрлі салалары, 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламадан кейінгі дамуды талап етеді. Қазіргі өнеркәсіптік саясаттың негіздері салынып, өнеркәсіптік дамуды қолдаудың құралдары мен тұра шетелдік инвестициялады баурау тәжірибе жүзінде сыналды. Алайда ол да жеткіліксіз.
  • Өнеркәсіптік индустрияны дамытудың 2015-2019 жылдарға арнаулы бағдарламасы оның мықты және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдаудың арқасында өңделіп жасалды. Зерттеу барысында әлі де жеткіліксіз инвестициялық белсенділік, квалификацияланған мамандар жетіспеушілігі, кіші мен орта бизнестің аз үлесі тәрізді тосқауылдар анықталды. Олардың бәрін бағдарлама ресурстық секторларда өндірудің сапасын жақсарту, Кедендік Одақ, Қытай, Орта Азия елдері мен Каспий маңы елдері нарығына қол жеткізу тәрізді мүмкіндіктерді пайдаланып шешпек.
  • Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы «Қазақстан - 2050» стратегиясының қағидаттары мен мақсаттарымен сәйкес және республикамыздың ең дамыған елдер қатарына жату тұжырымдамасымен сәйкес жасалды.
  • Бағдарлама өзіне тәріздес табысты жүзеге асырылған осыдан бұрын өткен бесжылдықтың логикалық жалғасы болып табылады. Жаңа бағдарламаның басты мақсаты – әртараптандыру мен өндіру саласындағы мемлекет бәсекелестігін арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет