Стратегияның негізгі мақсаты - Ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзу. Бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ. Бағдарламада сауда саясаты, инвестициялық саясат, еңбек ресурстары, білім беруді дамыту, кадрлар даярлау, денсаулық сақтауды дамыту, қаржы рыногын дамыту, фискалдық саясат, ғылымды дамыту, ғылыми-техникалық және инновациялық саясат, стандарттау және сертификаттау саласындағы саясат, инфрақұрылым, электр энергетикасы саясаты, ақпараттық саясат,телекоммуникацияларды дамыту, көлкті дамыту, тариф саясаты мен бәсекелестікті қорғау, экологиялық саясат мәселелері де қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |