Қазақстан республикасының президенті н.Ә. Назарбаевтың



бет5/5
Дата28.01.2018
өлшемі0,54 Mb.
#34805
1   2   3   4   5

Ауыл шаруашылығын дамыту

2012 жылы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы өндірісі 1938,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,8% төмен, (оның ішінде мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 1015,6 млрд. теңгені (өсімдік шаруашылығы – 917,6 млрд. теңге).

Аталған көрсеткіштің төмендеуіне 2012 жылғы ауа-райының қолайсыздығы негiзгi себеп болды.
Өсімдік шаруашылығы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша дәнді дақылдар 14,9 млн. га алқапта жиналып, гектарынан 8,6 ц/га түсімділікпен тазаланғаннан кейінгі салмақта 12,9 млн. тонна астық бастырылған. Өткен жылдан қалған 9,8 млн. тонна астықты есепке алғанда, көрсетілген астық көлемі ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті 7,0 млн. тоннаға дейін жеткізуге жеткілікті.

Майлы дақылдардың жалпы түсімі 976,8 мың тоннаны құрады. Аталған көлем өсімдік майына деген ішкі қажеттілікті 197%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көкөніс дақылдарына ішкі қажеттілік 178%-ға, картопқа – 265%-ға қамтамасыз етіледі (ағымдағы жылы аталған дақылдар бойынша жалпы түсім 6 млн. тоннадан астам, соның ішінде картоп – 3,1 млн. тонна, көкөніс – 3,0 млн. тонна).

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзім бойынша жалпы түсім 278,4 мың тоннаны құрады, бұл республиканың жеміс-көкөніс өнімдері мен жүзімге ішкі қажеттілігін 75%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің деректері бойынша 2012 жылда астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде астық экспорты 11,0 млн. тоннаны құрады (астық – 7,8 млн. тонна, астыққа шаққандағы ұн – 3,2 млн. тонна), бұл тәуелсіз Қазақстан жылдарындағы рекордтық көрсеткіш болып табылады.
Мал шаруашылығы
Өткен жылдың қорытындылары агроқұрылымдардағы ауыл шаруашылығы жануарларының саны мен мал шаруашылығы өнімін өндіруде оң серпін көрсетті. Осылайша, ірі қара мал басының саны 2011 жылмен салыстырғанда 17,1%─ға, жылқы – 14%─ға, қой – 8,8%─ға, ешкі – 17,7%─ға, құстар– 6,6%─ға өсті, ет өндірісі 13%─ға, сүт – 13,2%─ға және жүн –5,6%─ға ұлғайды.

2012 жылы құрғақшылық салдарынан мал басының санын сақтап қалу мақсатында мемлекет тарапынан мал шаруашылығы кәсіпорындары мен жеке шаруашылықтарға мал қыстауын ұйымдастыруға көмек көрсетуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды:

─ облыстарда мал қыстатуға қажетті мөлшердегі жем-шөп көлемі дайындалды, 14,5 млн. тонна шөп қажеттілігі жағдайында 15,4 млн. тонна дайындалды, пішен 302 мың тонна орнына 329 мың тонна, сүрлем 378 мың тонна орнына 548 мың тонна дайындалды;

─ құрғақшылықтан зардап шеккен облыстарда ірі қара малдың аналық басын сақтап қалу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 1,5 млрд. теңге бөлінді;

─ құс және шошқа кәсіпорындарын жемдік астықпен қамтамасыз ету мақсатында «Азық─түлік келісім─шарт корпорациясы ҰК» АҚ арқылы 311,7 мың тонна көлемінде жемдік астық бөлінді.

ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бойынша жобаны іске асыру


Бордақылау алаңдарын құру
2012 жылы бастамашылардың (шаруашылық субъектілерінің) меншікті қаражаты есебінен бір уақытта 17 500 малды бордақылауға арналған 47 бордақылау алаңы құрылды.

Қосымша, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) қаражаты есебінен 1000 бордақылау орнына арналған бордақылау алаңдарының құрылысы мақұлданды, оларды 2013 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Репродукторлар құру
Жобаның шеңберінде 2012 жылы 12 мың бас асыл тұқымды, шетел селекциясының таза тұқымды ІҚМ әкелу жоспарланған.

2012 жылдың қорытындысы бойынша Холдингтің еншілес ұйымдары 18 687 бас көлемінде жоғары өнімді асыл тұқымды ІҚМ сатып алуды қаржыландыруды мақұлдады, соның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдары 16 525 бас ІҚМ әкелген, қосымша 5 711 ІҚМ басын әкелу 2013 жылға ауыстырылды.

Фермер қожалықтарын дамыту

2012 жылы 42 мың ІҚМ басын сатып ала отырып, фермерлік қожалықтар желісін құру жоспарланған.

Аталған бағдарламаның шеңберінде 2012 жылы барлығы ферма қожалықтары 65,1 мың аналық ІҚМ басын (жоспардың 155%) мен 3,6 мың асыл тұқымды аталық бұқалар сатып алуды мақұлдаған, соның ішінде ферма қожалықтары 59,4 мың аналық ІҚМ басы мен 3,3 мың асыл тұқымды аталық бұқалар сатып алды, бұл жоспардың 141% және 234% құрайды.

Қайта өңдеу өнеркәсібі

Статистика деректері бойынша 2012 жылы азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі ақшалай сипатта 833 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 2,9% артық.

2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ұн, жарма, өсімдік майы, өңделген сүт, ірімшік және сүзбе, ашылған сүт өнімдері, шұжық өнімдері, ет консервілері өндірісінің өсуі байқалып отыр.

Сонымен қатар, заттай мәнде қант өндірісінің көлемі 38%, күріш - 2,7%, шырындар - 16,4%, қойытылған сүт - 12% , сары май - 5% және шоколад - 8,4% төмендеді.

Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдері және тамақ өнеркәсібі бойынша сыртқы саудадағы тауар айналымының көлемі 2012 жылы 4057,3 млн. АҚШ долл. құрады бұл 2011 жылғы көлемнен 5,7% (3 838,5 млн. АҚШ долл.) артық.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдері мен өнеркәсібі бойынша экспорт көлемі 11,5% өсті (1 001,8 млн. АҚШ долларынан 1 171,1 млн. АҚШ долларына). Атап айтқанда, ұн экспортының көлемі 1,3 есе, өсімдік майы және макарон өнімдері 2 есе, маргарин 2% және ашыған сүт өнімдері 34% өсті.

2012 жылғы импорт көлемі 2011 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 4% өсіп, 2 904,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Заттай мәнде нақты импорт көлемі көбінесе КО елдерінен және алыс шетелдерден әкелінетін жеміс-көкөніс консервілері, сүт өнімдері, құс еті, кондитерлік өнімдер.

Сонымен қатар, жыл сайынғы қайта өңдеу көлемінің өсуіне қарамастан, ауыл шаруашылығы шикізатының түрлерін негізгі қайта өңдеу үлесі төмен болып қалып отыр: ет ─ 28%, сүт ─ 35,4%, жеміс-көкөніс ─ 5%.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттының жүктемесі: шұжық өнімдерінің өндірісі бойынша ─ 28,4%, өңделген сүт ─ 46,8%, ұн ─ 36,8%, жаңа пісірілген нан ─ 43%, макарон өнімдері ─ 51,2%, көкөністерді қайта өңдеу ─ 27,8%.

  1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

2012 жылдың 22─24 мамыры аралығындағы кезеңде «Жаһандық экономикалық трансформация: талаптар мен даму перспективалары» тақырыбы бойынша V Астана экономикалық форумы (бұдан әрі ─ Форум) өтті. Форум үш негізгі бағытқа арналды: «Қаржылық капитал және әлемдік экономика», «Индустриялық-инновациялық даму» және «Тұрақты даму мен әлеуметтік талаптар». Форум жұмысына 8000-нан астам адам, оның ішінде әлемнің 90 елінен 2000-нан астам шетелдіктер қатысты.

Форум барысында қатысушылар халықаралық валюталық қаржы сәулеті, инновациялық даму, ықпалдастыру үдерістері, инновацияларды енгізу, жасыл өсу мәселелері мен дамушы және дамыған елдердің алдында тұрған басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

V Форум шеңберінде Астана қаласының әкімдігі «Astana Invest 2012» инвестициялық форумын өткізді, оның шеңберінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде білім беру, денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық астаналық жобалар, инфрақұрылым және энергетика объектілері, мәдени және спорт объектілері таныстырылды. Сонымен қатар, шамамен 1357,5 млн. АҚШ доллары сомасына келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.

2012 жылғы 30─31 мамырда Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 4─съезіне жоғары дін басшыларының және жетекші конфессиялар өкілдерінің, халықаралық саясаткерлер мен БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ИСЕСКО басшыларының қатарынан мәртебелі қонақтардың және басқалардың қатысуы қамтамасыз етілді. Барлығы – 40 елден 85 делегация болды.

IV Съезге алғаш рет Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл қатысқанын ерекше атап өткен жөн, ол Мемлекет басшысымен сұхбаттасу барысында Съезді өткізу бастамасына алғысын білдіріп, Қазақстан кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі елдерге көптеген істерімен үлгі екенін атап өтті.

IV Съезд Мемлекет басшысының алдыңғы съездерде ұсынған бастамалардың іске асырылғанын көрсетті. Солардың бірі IV Съездің алдында ұлықтау рәсімі өткен Діни көшбасшылардың кеңесі болып табылады. Кеңестің құрамына жоғары мәртебелі дінбасылары мен әлемнің: ислам, христиан, буддизм, индуизм, синтоизм, зороастризм сияқты жетекші конфессияларының өкілдері кірді.

Мұның барлығы Съезддің дүниежүзілік қауымдастықтың алдында беделін асырып жатқаны, діни және қоғамдық ортада таныла түскені мен қазіргі заманның жаһандық проблемаларын шешуде айтарлықтай әлеуеті бар екенін білдіреді.

Қазақстан Респуликасы 2012 жылғы 20-22 маусым аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының «Рио+20» Орнықты даму жөніндегі конференциясына қатысты және екі бастаманы - Жаһандық энергоэкологиялық стратегия мен «Жасыл көпір» бағдарламаларын алдыға жылжытты.

Сонымен қатар, онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамаларын алға жылжыту мақсатында Германия, Ресей және Корея елдерімен бірлесе отырып, «Радикалды стратегиялық шешімдердің уақыты» атты таңыстыру ұйымдастырылды.

Конференцияның қорытындысы бойынша «Біз қалаған болашақ» атты құжат қабылданып, онда «Жасыл көпір» және Жаһандық энергоэкологиялық стратегия секілді қазақстандық бастамалар көрініс тапты.

2012 жылғы 15-17 қарашада Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 39─шы отырысы барысында Қазақстан Республикасы СІМК─тегі төрағалық өкілеттігін Джибути Республикасына табыс етті. Осылайша, қысқа Қазақстан Ұйымдағы бір жарым жылдық (2011 жылғы шілде айынан 2012 жылғы қарашаға дейін) төрағалығын аяқтады.

Қазақстанның ИЫҰ-ға төрағалық ету туралы шешімі, ислам әлемімен қарым-қатынастарды сапалық жаңа деңгейге көтеруге және бұл бағытта бірқатар іс жүзіндегі кешенді тапсырмаларды орындауға мүмкіндік берген маңызды қадам болды.

Астанада өткен ИЫҰ 38-ші СІМК отырысы барысында Мемлекет басшысының ұсынған бастамаларын жүзеге асыру бойынша міндеттер төрағалықтың күн тәртібінің негізін қалыптастырды. Осылайша мерзім ішінде Астанада ИЫҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаңа құрылымын құру бойынша ислам әлемі елдерінің келісіміне және қолдауына қол жеткізілді. Бұл органды құру Қазақстан Республикасын бүкіл ислам әлеміне азық─түлік көмегін беруді үйлестіру жұмысын атқаратын маңызды халықаралық азық-түлік хабы ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өнімдерін мұсылман елдеріне экспорттауды дамытуына жол ашады. Қазіргі уақытта Ислам Даму Банкімен (ИДБ) 600 млн. АҚШ доллары көлемінде бірлескен Агроиндустриялық қор құру жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Қордың қаражаты бірінші кезекте қазақстандық бидайдың экспортын ынталандыру үшін жұмсалады. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі институтты іске қосу бойынша жұмыс жақын арада оның техникалық мәселелері келісілген соң аяқталатын болады.

Қазақстанның ҰҚШҰ-дағы төрағалығы 2012 жылғы
19 желтоқсанда Мәскеу қаласында ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің, Қауіпсіздік кеңестер хатшылары комитетінің бірлескен отырысында және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) сессиясында Қырғыз Республикасына тапсырылуымен аяқталды. ҰҚШҰ жарғылық органдарының жұмысы барысында Қазақстанның бес басымдығы бойынша қорытынды жасалды, 2013 жылы Қырғыз Республикасының айтылған басымдықтарының ұқсастығын ескере отырып, оларды іске асыруға жәрдемдесуде ҰҚШУ мүше мемлекеттердің оң жұмысын жалғастыру қажет деген тілектер айтылды. Жалпы, Қазақстан Республикасының Ұйымдағы төрағалығына оң баға берілді.

Сонымен қатар ҰҚК сессиясында мемлекеттер басшылары халықаралық ахуалдың даму үрдістерін және Ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша шаралар туралы пікір алмасты. Құпия ақпараттың сақталуына қатысты халықаралық шарт қабылдады, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының ҰҚШҰ-дағы мүшелігін тоқтату туралы, әскери мәселелер, төтенше жағдайларға ұжымдық ден қою бойынша, Ауғанстандағы жағдайдың даму үрдістері тұрғысынан Ұйымға қойылған міндеттердің орындалуында ұжымдық өзара әрекеттесуді одан әрі нығайту мәселелері бойынша ҰҚК-ның бірқатар шешімдері қабылданды.

Іс-шараның қорытындылары бойынша, өткен кезең ішінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының негізгі аспектілері көрініс тапқан ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының мәлімдемесі қабылданды, сондай-ақ 2013 жылға негіздемелер берілді.

Ұйымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясын 2013 жылдың екінші жартысында Мәскеуде өткізу жөнінде шешім қабылданды.


_________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет