Қазақстан республикасының президенті н.Ә. Назарбаевтың


Индустриялық─инновациялық жобалар



бет4/5
Дата28.01.2018
өлшемі0,54 Mb.
#34805
1   2   3   4   5

Индустриялық─инновациялық жобалар

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық─инновациялық дамыту жөніндегі 2010 ─ 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) ойдағыдай іске қосу үшін барлық қажетті құжаттар 5 жылдық кезеңге қабылданды: экономиканың басым секторларын дамыту жөніндегі салалық бағдарламалар, функционалдық бағдарламалар, бизнесті қолдау бағдарламалары, өндірістік қуаттарды тиімді орналастыру схемасы, Индустрияландыру картасы, аймақтарды дамыту бағдарламалары.

Қазіргі кезде Индустрияландыру картасы 11,1 трлн. теңге сомасын құрайтын 779 жобаны біріктіріп отыр.

Мемлекеттік бағдарламаның іске асыруынан бастап ЖІӨ өсуі, шикізат емес экспорт көлемінің ұлғаюуы, өңделетін өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің артуы және тағы басқа негізгі көрсеткіштерге жетуі байқалады.

Сонымен қатар Мемлекеттік бағдарламаның ЖІӨ құрылымында өңделетін өнеркәсіптегі бөлігі, шикізат емес экспортының көлемінің ұлғаюуы, сатып алуларда қазақстандық қамтудың ұлғаюуы, инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесінің өсуі сияқты басты көрсеткіштер жетілмеген.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды заңнамалық қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілді. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «АЭА туралы», «Энергия тиімділігі және энергия үнемдеу туралы» 3 жаңа заң қабылданды.

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Кеңес құрылды.

Кеңестің негізгі мақсаты ─ Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту басымдықтарына сай келетін Қазақстан Республикасының бірыңғай инвестициялық саясатын іске асыру, отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға және тиімді пайдалануға, инвесторлардың ағымдағы қызметіне жәрдемдесу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасау, инвестициялық саясатқа қатысты нормативтік құқықтық базаны, оның ішіндегі салық және кеден заңнамасын жетілдіру болып табылады.

2012 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Кеңестің бірінші отырысы өткізілді, онда Қазақстанның инвестициялық ахуалын дамыту мәселелері және инвесторлардың проблемалық мәселелері талқыланды.

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 476 қаулысымен Шикізат ресурстарын қайта өңдеу және оған қызмет көрсететін инфрақұрылым саласындағы индустриялық─инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталатын қаржылық қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі комиссия құрылды.

Қуатты 1320 МВт «Балқаш ЖЭС құрылысы» жобасы бойынша даярлық кезеңінің 8 инфрақұрылым объектісінде (Қайраткөл станциясы – Балқаш станциясы темір жол кірме жолын қайта жаңғырту , Балқаш көлі бөгетінде су құбырын салу, ауыз сумен жабдықтау үшін Балқаш көліндегі су бөгетін, ауыз суды дайындау қондырғысын, Үлкен ауылына тазарту құрылысымен шаруашылық-тұрмыстық канализациясын, «Строительная» подстанциясын) қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

2012 жылғы 14 ақпанда негізгі жобалық келісімдерге ─ негіздемелік келісім, акционерлер келісіміне және «Балқаш ЖЭС» АҚ-ның акцияларын сату- сатып алу шартына қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 1188 қаулысымен Электр қуатын сатып алу бағасын, көлемі мен мерзімін анықтау жөніндегі өкiлеттiктердi Қазақстан Республикасының Үкіметіне беру бойынша қолданыстағы Үкіметаралық келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттама жобасы мақұлданды.

2012 жылғы 13 қыркүйекте БЖЭС бірінші модулінің құрылысын бастау рәсімі болып өтті.

Мемлекет басшысы Жезқазған – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл теміржол желілерінің құрысына бастауға пәрмен берді.

Жобалар бойынша мердігер ұйымдар анықталған, олар техникаларды және жұмыс персоналын жұмылдыру, жер төсемін төсеу, рельстік─шпалдық торларды жинап құрастыру және төсеу жұмыстарын жүргізуде.

Жезқазған – Бейнеу желісінің құрылыс жұмыстарында 10,8 мың, Арқалық – Шұбаркөл құрылыс жұмыстарында 2,2 мың адам тартылатын болады.

2012 жылғы мамырда кешенді минералды тыңайтқыштарды шығаратын зауыт құрылысын бастау үшін құжаттама әзірлеу шеңберінде осы инвестициялық жобаны іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспары (Жол картасы) бекітілді. Жол картасы 2012 ─ 2018 жылдар кезеңіне есептелген және кен орындарын өнеркәсіптік игеру жобаларын бекітуден бастап, тыңайтқыштар өндіру жөніндегі химиялық кешенді пайдалануға беруге дейінгі кешенді іс-шаралардан тұрады.

Дағдарысқа қарсы қаражаттың пайдаланылуын бақылау жөніндегі жұмыс тобы мен шикізат ресурстарын қайта өндеу және оның қызмет көрсету инфрақұрылымы саласындағы жаңа жобаларды іске асыруға бағытталған қаржы құралдарының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі комиссияның міндеттері мен өкілеттіліктерін бір орган шеңберінде біріктіру жөніндегі мәселе пысықталып, шешім қабылданды.

Нәтижесінде Жұмыс тобы, дағдарысқа қарсы бағдарламаға бөлінген Ұлттық қор қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырумен қатар, шикізат ресурстарын қайта өндеу және оның қызмет көрсету инфрақұрылымы саласындағы жаңа жобаларды іске асыруға бағытталған қаржы құралдарының пайдаланылуына бақылау жүргізетін болады.

2012 жылғы 10 қыркүйекте Атырау мұнай өңеду зауытында ресми «алғашқы іргетасын қалау» рәсімі өткізілді.

2012 жылғы 20 желтоқсанда күні «Атырау МӨЗ» ЖШС мен «Sinopec Engineering Group» компаниясы арасында құрылыс алаңына рұқсат беру туралы хатқа қол қойылды.

Сөтіп «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Атырау МӨЗ-де мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» стратегиялық инвестициялық жобасын іске асырудың нақты кезеңіне кірісті.

Атырау облысында «Интеграцияланған газ─химия кешенін салу» инвестициялық жобасы (бұдан әрі ─ Жоба) кезең-кезеңімен іске асырылуда: I кезең ─ жылына 500 мың тонна полипропилен өндіру, II кезең – жылына 800 мың тонна полиэтилен өндіру. Іске асыру мерзімі: 2010 ─ 2016 жылдар.

Инфрақұрылым объектілері бойынша жобалау толық көлемде аяқталды. Негізгі өндірістік қоңдырғылар бойынша бас мердігер «Sinopec Engineering» компаниясы жобалауды аяқтауда (99,9%). Сонымен қатар, материалдардың мемлекеттік сараптамасы жүргізілуде.

Автомобиль жолы салынды, автожолды белгілеу, жол белгілерін орнату, құламаны нығыздау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік комиссияға тапсыру үшін объектінің дайындығын анықтау жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды. Темір жол, сұрыптау станциясы, жол өтпесі, зауыттық станция, ЭБЖ объектілеріне рұқсат алынды және құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасына ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі кезде жұмыстар ұзындығы 1 621 км 4 облыстың (Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары) аумағындағы 34 учаскеде жүргізілуде. 21 бас мердігер және 66 қосалқы мердігер тартылды, 33 АБЗ, 31 ЦБЗ және 37 ұнтақтау қондырғысы жұмылдырылды.

«Шымкент-Жамбыл облысы шекарасы» – 79 км, «Алматы-Қорғас» ─ 304 км және «Тараз қаласы айналма жолы» ─ 65 км учаскелері бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Ағымдағы жылы 800 км жол құрылысы жұмыстары аяқталып, оларда автокөлік жүрісі ашылды.

Ғылым мен инновациялар саласындағы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының әлеуетін өрістету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1523 қаулысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді.

Заң жобасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Заң жобасы ғылым, жоғары технологиялар саласында, әлеуметтік секторда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімшарттарының жаңа түрлерін пайдалану үшін, сондай-ақ инвестициялар, білікті кадрлар мен жаңа технологиялар тарту арқылы осы секторлардағы проблемаларды шешу үшін жеке секторға тартымды жағдайлар жасау мақсатында құқықтық алаң құруға бағытталған.

Бұдан басқа, жеке компанияға мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тетігін пайдалану арқылы мемлекеттік меншік нысанын құру, қайта жаңғырту, пайдалану құқығын бере отырып, мемлекет жеке сектордың біліктілігін, тәжірибесі мен ноу-хауын алып, сондай-ақ жоба бойынша тәуекелдердің бір бөлігін жеке секторға береді және капиталдың ішкі нарығы мен банк секторын дамытады.

Бұл шаралар мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара іс-қимыл жасасуының инновациялық әлеуетін өсіруге мүмкіндік беріп, инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді және тұрғындардың неғұрлым сапалы қызмет алуына қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Делдалсыз бөлшек саудаға мемлекеттік қолдау көрсету үшін келесі тетік жасалған:

1) қолайлы салық жағдайын қалыптастыру;

2) отандық фермерлердің өнiмінiң бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

3) қазiргi заманға лайық саудалық форматтары секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру;

4) көтерме – бөлшек тарату каналдарының тауар қозғалысының дамуы;

5) бөлшек сауданы дамыту бойынша жүйелік шаралардың қалыптасуы.

Тез бұзылатын өнімді сату кезінде бөлшек сауданы қолдауды қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қалыптастыру шеңберінде жұмыс тобы құрылып, Шымкент, Тараз, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында көшпелі отырыстар мен тұсаукесерлер өткізілді, оларға сауда желілері мен сауда базарларының басшылары, ӘКК өкілдері қатысты.

Бөлшек саудада азық-түлік тауарларын сатуға жүргізілген талдау негізінде өнімсіз делдалдардың (алыпсатарлардың) көбінесе тез бұзылатын азық-түлік тауарларын, яғни ет, жаңа ұсталған балық, көкөністер мен жемістер сату саласында шоғырланғаны анықталды.

Қалған неғырылым сақтау мерзімі ұзақ жармалар, қант, өсімдік майы, ұн-жарма өнімдері сияқты азық-түлік тауарлары бойынша тауар өндірушілердің өздерінен бастап дистрибьютерлік жүйенің басым болуымен көтерме-бөлшек сауданың қалыптасқан жүйесі құрылған.

Қазіргі уақытта аграрлық өндіріске жеке инвестициялар қарыздарын кепілдендіру жүйесін енгізу мақсатында займдарды мемлекеттік кепілдендіру жүйесі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (АШТӨ) қаржыландырудың 2 (екі) схемасы пысықталып жатыр.

Ұсынылатын схемалар қаржы институттарының кредиттік тәуекелдерін және кредит шарттары бойынша сыйақы ставкаларын төмендету арқылы займдар алуда АШТӨ мүмкіндігі мен қол жетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес үш жылдың қорытындысы бойынша республика экономикасы дамуының оң үрдесін атап өтуге болады.

2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда ЖІӨ 2008 жылмен салыстырғанда 14,0 трлн. теңгеге өсіп, 30,1 трлн. теңгені құрады. Іс-жүзіндегі өсім – 22,6%.

2012 жылғы қаңтар- желтоқсанда ЖІӨ 5,0% өсімді құрады.

Өңдеуші өнеркәсіпте тұрақты өсім байқалады. Оның өсу қарқыны тау-кен өнеркәсібінің өсім қарқынынан озық.

2011 жылы өңдеуші өнеркәсіп өсімі 6,2% құрады, тау-кен өндірісінде – 1,3%.

2012 жылы 5 262,0 млрд. теңге сомаға өңделген өнім өндірілді.

2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда металлургия саласында өндіріс көлемі 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,5% төмендеп, 1,94 трлн.теңгені құрады.

Машина жасауда өндіріс көлемі 2011 жылғы осындай уақытпен салыстырғанда 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда 16,2% өсіп, 657,1 млрд. тенгені құрады.

Химия өндірісінде 2012 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 179,9 млрд.теңгені құрады.

Фармацевтикалық өнеркәсіпте 2012 жылдың қорытындысы бойынша негізігі фармацевтикалық өнімдерді өндіру көлемі 29,5 млрд.теңгені құрады және 2011 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 5,6% өсті.

ЖІӨ құрылымында тиісінше өңдеуші өнеркәсіп үлесі өсіп келеді. 2011 жылы ол 11,4% құрады. Салыстыру үшін 2009 жылы – 10,5%, 2010 жылы – 11,3%. 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бұл көрсеткіш 11,0% құрады.


Инновацияны дамыту
2011 жылы аталған көрсеткіш 7,1% деңгейге жетті. Технологиялық инновациялар шығыстары 194,9 млрд. теңгені құрады.

Өнеркәсіптегі технолгиялық инновациялар шығындарында зерттеулерге шығыс көлемі 10,9-дан 15,8%-ға дейін артуы оң өзгеріс болды. Бұған мемлекеттің тікелей қаржылық ынталандыруы себеп болды. 2011 жылы бюджеттік инвестициялар көлемі 3,5-тен 16,2%-ға дейін өсті. Технолгиялық инновацияларда шетелдік инновациялардың 20%-ға дейін артуы ірі фактор болып табылады.

Өнеркәсіптің университеттермен өзара іс-қимылы күшейтілді. Жоғары оқу орындарымен бірлескен жобалар саны үш есеге (15-тен 45-ке дейін) өсті. Тиісінше, ЖОО-лармен әзірлемелердің жалпы үлесі 6,4-тен 11,5%-ға дейін артты.

Халықаралық инновациялар рейтингілерінде ілгерілеу байқалды.

ДЭФ ғаламдық бәсекеге қабілеттілік есебіне сәйкес 2012 жылға технологиялық дайындық бойынша көрсеткіш 32 тұғырға (87-ден 55-орынға дейін), инновациялық әлеует бойынша – 13-ке (116-дан 103-ке дейін) жақсарған. Әсіресе университеттер мен бизнестің ҒЗТКЖ саласында ынтымақтастығы бөлігінде (119-дан 90-ға дейін), жоғары технологиялық өнімді мемлекеттік сатып алу (93-тен 71 тұғырға дейін) серпіні ерекшеленді.

Қазақстан 2011 жылы INSEAD инновациялық индексі бойынша 125 елден 84-орынды алды. Бұл 2008 жылғы дағдарысқа дейінгі тұғырдан 12 орынға төмен. Алайда сарапшылар мемлекеттің күшімен байланысты инновацияларға сұранысты ынталандыру бойынша кіріс факторлары кіші индекстің 2008 жылы 81-орыннан 2011 жылы 64-орынға өсуін бағалады.

Инновациялық бизнеспен жұмыс жанданды.

Егер 2003-2009 жылдар аралығы кезеңінде шамамен 180 инновациялық жоба қолданылса, 2010-2011 жылдары 414 инновациялық жоба қолдау тапты.

Капиталында Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік қатысқан бірқатар старт-ап компаниялардың жобалық қуаттылығына шығуы байқалады. Олардың ішінде: «Агрофос-оңтүстік» ЖШС, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС (Арглабин) және «G-медиа» АҚ. Инвестициялық қызметтен 475,6 млн. теңге көлемінде кіріс алынды.

«Инновациялық технологиялар паркі» АЭА дамуы жаңа серпіліс алды. «ИТП» АЭА аумағында орналасқан компаниялардың саны (57-ден 138-ге дейін) екі есеге өсті. Бүгінгі күні «ИТП» АЭА бизнес-жоспарларды әзірлеу, жобалау, оқытудан бастап бизнес-инкубациялау, жаңа технологияларды, аппараттарды, ақпараттық-техникалық құрылғыларды шығаруға дейін 11 қызмет түрін жүзеге асырады. «ИТП» АЭА-ның екінші кезегі құрылысы бойынша 2013-2015 жылдарға 20,5 млрд. теңге көлемінде шығыс мақұлданды, жобалық-сметалық құжатты әзірлеуге 250 млн. теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта ҒЗИ жанында және Қазақстанның мынадай өңірлерінде: Астана (2), Алматы (6), Қарағанды (2), Павлодар (1), Орал (1), Өскемен (2), Шымкент (1) университеттерінде 15 коммерцияландыру кеңсесі және 2 өңірдік: Алматы мен Қарағандыда өңдірлік технологияларды коммерцияландыру орталықтары құрылды.
Энергия тиімділігі
Өткен жылдың қорытындысы бойынша қазіргі уақытқа дейін қажетті нормативтік құқықтық база қалыптасты: «Энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды.

Қазақстан Республикасының 2012 ─ 2015 жылдарға арналған энергия тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) қабылданды.

Кешенді жоспар шеңберінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, салалық мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу кешендік жоспарларын әзірлеу көзделеген.

Сонымен қатар, өнеркәсіпте техникалық реттеуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасын табуда. Энергетикалық менеджменттің үндестірілген халықаралық стандартын қоса алғанда 170-тен астам техникалық стандарттар қабылданды.


«Өнімділік─2020» бағдарламасы
Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың бірқатар құралдары көзделген, бұл өз кезенінде «Бизнестің жол картасы» мен «Кәсіпорындарды дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру» ─ шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламаларында қарастырылған барлық басқа құралдарды толықтырады.

Іске асырыла бастағаннан бері қазіргі уақытқа дейін «Өнімділік -2020» бағдарламасына 51 инвестициялық жоба кірді, оның ішінде 2012 жылы – 25 жоба.

51 инвестициялық жобаның жалпы құны 152,6 млрд. тенгені (2012 жылы – 74,3 млрд. тенге) құрайды.
«Экспортер─2020» бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты қазақстандық өнімнің көлемін ұлғайту және экспортының географиясын кеңейту үшін экономиканың шикізаттық емес секторының экспортқа бағдарланған және жұмыс істеп тұрған экспортер кәсіпорындарды кешенді қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

─ экспортерлерді сервистік қолдау;

─ экспортерлер шығындарын өтеу.

Барлығы 2010 жылдан 2012 жылға дейін 131 экспортердің 530 млн. теңге сома шығындары өтелді (2010 ж. – 140,9 млн. теңге, 2011 ж. – 100,7 млн. теңге, 2012 ж. – 291,2 млн. теңге).
Инвестициялар тарту
Жалпы өңдеуші сектордың негізгі капиталына инвестиция көлемі өсіп келеді және 2011 жылдың қорытындысы бойынша ол 471,7 млрд. АҚШ долларын құрады.

2012 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі өткен жылдың деңгейінен 18,1% көп, 597 млрд. теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық деректеріне сәйкес 1993 жылдан 2012 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі уақытта Қазақстан экономикасына барлығы 165,5 млрд. АҚШ доллары тікелей шетел инвестициясы (ТШИ) тартылды. 2012 жылғы 9 айда Қазақстанның экономикасына 17 млрд. АҚШ долларынан астам ТШИ тартылды.

2012 жылы шетел инвестор─компанияларын тарту және Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін көрсету мақсатында іскер ортаның қатысуымен 16 инвестициялық іс-шара (оның ішінде 6 шетелде және 10 Қазақстанда) өткізілді.

Қазғарыш ғарыш қызметін дамытудың 2010 ─ 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасын әзірледі.

Басты жобалардың бірі ғарыш аппараттарын құрастыру─сынау кешенін (ҚұСК) құру болып табылады. Ол түрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын жобалауға, жинауға және сынауға мүмкіндік береді. Бұл ғылымды көп қажет ететін өндірісі бар үлкен зауыт болмақ. ҚұСК құрамына өндірістік ғимараттан басқа, ғарыш техникасының арнайы конструкторлық─технологиялық бюросы (АКТБ), ғарыш аппараттарының жекелеген құрамбөліктерін жасайтын зертхана мен өндірістік учаскелер кіреді.

Бүгінде аталған жоба бойынша ҚұСК және АКТБ ғимараттарының құрылысы, технологиялық жабдықтарды жасау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, біздің француздық әріптесіміз EADS «Astrium» компаниясымен бірлесіп, жоғары және орта дәлдіктегі ғарыш аппараттарының құрамында Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін (ЖҚЗ ҒЖ) құрастырылуда, олар ғарыш түсірілімдерін беру бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Ғарыш деректерін қолдануға негізделген осы технологияларды енгізу ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар қызметі, қоршаған ортаны қорғау, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік, геодезия және картография үшін зор пайдасын тигізеді.

Бүгінде ЖҚЗ ҒЖ жобасы бойынша кіші жүйелерді жасау мен сынау және жерүсті сегментінің құрылыстық─монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы қазақстандық дәлдігі орташа ЖҚЗ ҒЖ 2013 жылдың күзінде, ал дәлдігі жоғары ЖҚЗ ҒЖ 2014 жылдың желтоқсанында іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, Франция мен Англияда ЖҚЗ ғарыш жүйесін жобалау, сынау және іске қосу жұмыс орындарында қазақстандық 25 маман екі жылдық тағлымдамасын аяқтады, тағы 20 адам стратегиялық серіктестер кәсіпорындарында оқуын жалғастыруда.

Индустрияландыру картасының тағы бір басым жобасының бірі отандық «KazSat» байланыс және хабар тарату спутниктік жүйесін құру болып табылады. Ол республика аумағындағы байланыс пен хабар тарату мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік туғызады.

2011 жылы қарашада пайдалануға қабылданған «KazSat─2» ғарыш аппараты бүгінгі күні штаттық режімде жұмыс істеуде. Қазіргі кезде cпутник ресурсын жалға беру қызметі Қазақстанның 9 телекоммуникациялық компаниясына көрсетіліп отыр.

Сондай-ақ, «KazSat-3» ғарыш аппаратын құру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жобалау-техникалық құжаттамасы әзірленіп, ғарыш аппараты жинақтау құралдарын дайындау аяқталды. «Kazsat» спутниктерін басқарудың резервтік жерүсті кешенін құру бойынша негізгі құрылыстық-монтаждау жұмыстары аяқталып келеді. Объект 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға берілетін болады.

Біз сондай-ақ тағы бір маңызды жоба – Қазақстан Республикасының жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құруға кірістік.

Бұл жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы аумағында жаһандық навигация спутниктік жүйесінің ақпаратын тутынушыларға кепілді және сапалы координаттық-уақыттық және навигациялық қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді. Жоба шеңберінде Қазақстанның бүкіл аумағында базалық стансалар құру және спутниктік навигациялар технологияларын түрлі салаларға ендіру үшін қолайлы жағдайлар кешенін құру жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда құрамында 10 дифференциалды станция, өңірлік орталық және мобильді дифференциалды станция бар өңірлік дифференциалдық жүйе іске қосылды. Тәжірибелік-құрастыру жұмыстары шеңберінде дифференциалдық станциялар мен мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің отандық нұсқасы әзірленді. Теңіз жергілікті дифференциалды стансациясын, Дифференциалды дәлдеу және мониторинг орталығын, дифференциалды стансалар желісін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет