|
Сабақтың басы
|
Шаттық шеңбері.
Терең ғылым сананың
Тегі деп ой саламын
Маңыз беріп оқимыз
Ғылымға кіріспе сабағын
«Сен білесің бе?» ойынын ойнатамыз
Сұрақтар: 1.Ғарыш дегенді қалай түсінесің?
2. Астрономия нені зерттейді?
3. Ғарыш денелеріне нелер жатады?
4. Осы сұрақтардың жауабын біз қайдан білдік?
Топқа бөлу: Суреттер арқылы топқа бөлу
1-топ –Зымыран 2-топ-Телескоп 3-топ- Күнтізбе
|
Шаттық шеңбері
|
|
Сабақ ортасы
|
Кіріспе тапсырма: Оқушыларға өздерін ерте замандағы адамдардың орнында елестетуін тапсыру. Сабақты былай бастау: “Өздеріңді кең далада, түн мезгілінде жүрміз деп елестетіңдер. Айналада қазіргі замандағы биік үйлер жоқ. Барлық жерде ұшы-қиыры жоқ кеңістік. Алыста жануарлар жайылып жүр. Аспанға қараңдар. Сендер не көре аласыңдар?”
Оқушылардың жауаптарын тыңдап, талқылау.
Осы ойынды сабақ көлемінде жүргізуге болады.
М.КАдамдар әрдайым жұлдызды аспанның құпиясын ұғуға тырысқан. Олар бақылау барысында жұлдыздардың өзара орналасу қалпын өзгертпейтінін және шоқжұлдыз құрайтынын байқаған. Шоқжұлдыздардың көмегімен адамдар кеңістікте бағдарлауды үйренген. Бірақ аспан жұлдыздардың суреті салынған шар сияқты Жерді айналып жүреді деп есептеген.
Алғашқы жаңалықтар. Алғаш қандай астрономиялық жаңалықтар ашылғанын ойланып көрсін. Ол үшін аспанға тағы бір рет “көз тігу керек”. Ең бірінші нені көруге болады? Барлық мүмкін болатын жауаптарды тыңдау. Жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны жайлы бейнефильмнің бас жағын дауыссыз көрсетуге болады. “Не көрінеді?“ — деп сұраңыз. Сабаққа байланысты деректі материалды пайдаланып, ерте замандағы адамдардың аспанның және аспан шырақтарының Жерді айналып қозғалатынын қалай көз алдарына елестеткендігі туралы айтып беріңіз.
Кейінгі жаңалықтар. Оқушыларға әлі де ерте замандағы адамдардың рөлінде бола тұруды тапсыру. Оларға тіршілік ету үшін не қажет болғанын ойланып көр . Ерте замандағы адамдардың, негізінен, диқаншылықпен және мал шаруашылығымен айналысқанын естеріне салу. Ол үшін нелер қажет болғаны туралы оқушылардан сұрау.. Шағын сұрақ-жауап сайысын ұйымдастыру,нәтижесінде оқушылар “адамзаттың кейінгі ашқан жаңалығы күнсағат пен Ай күнтізбесі болды” деген қорытынды жасай алады.
“Ерте замандағы адамдарға күнтізбе не үшін қажет болды?” деген сұраққа қайтып оралу. (Тіршіліктеріндегі маңызды оқиғалар: егін егу, өнімін жинау, жыл сайын болатын өзендердің арнасынан шығу уақытына дайын болу үшін.)
Ғарышты зерттеу
Бұл тапсырманы орындаған кезде мынадай сұрақтар қою:
— Біз әдетте қандай да бір белгісіз, бұрын көрмеген затты қалай зерттейміз? (Ұстап көреміз, мұқият қараймыз, дәмін көреміз, иіскейміз, тыңдаймыз т.б.)
— Адам аспан денелерін қалай зерттейді? (Оларды бақылайды.)
— Неге? (Олар өте алыс; жақыннан олар үлкен; олардың барлығына жақындауға болмайды, мысалы, Күн — қатты қызып тұрған шар.)
Ғарышты зерттеу үшін бізге не қажет? Әрине құралдар соның макетін жасап үйренейік?
Топ 2-топ 3- топ
Жасаған жұмыстарына оқушылардың өздері сипаттама береді.
Қосымша мәлімет беру айдары.
Астрономияда мәлімет алудың ең негізгі әдісі — бақылау екенін біледі, оның көмегімен қандай жаңалықтар ашылғанын түсінеді.
Алғашқы жаңалықтар. Оқушылар алғашқы астрономиялық жаңалықтар бейнеленген суреттерді таңбалап, белгілі ретпен нөмірлей алады. Жұмыс кезінде не себепті осындай рет сақталғанын нақтылап, олардың дәлелдерін тыңдаңыз.
Ықтимал жауаптар
Суреттерді орналастыру тәртібі бойынша: 4. Шоқжұлдыздар.
2. Күн мен түннің ауысуы.
1. Күннің көзге көрінетін тәуліктік жолы.
5. Күнсағаттар.
3. Күн күнтізбесі.
|
Бейнеролик
Шоқжұлдыздың суреттері
Күнтізбелердің суреттері
Қима қағаздар, желім қайшы
Бейне ролик
«Сен білесің бе?», «Ғарышкерлер неге скафандер киеді?»
|