Бағлан Тасболатова, 12 сынып оқушысы
Данияр Айтқожинның анасы
Желтоқсан айының 14-і күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары атты қазақстандықтарға кезекті жолдауын арнады. Осы жылғы жолдау Астанадағы жаңа ғана бой көтерген зәулім опера және балет театрында алғаш өтіліп оның ашылу салтанатымен пара-пар тұстас келуі де нұр үстіне нұр болғандай. Біз Елбасы бәріміз білетіндей ең басты бірінші орынға адамға қатысты мәселені қояды. Жуырдағы кезекті Елбасының Қазақстан халқына жолдауында ең басты орынға әлеуметтік саясатқа баса көңіл бөліп, халықтың қал-ахуалын жақсартып, өмір сүру сапасын жоғарылату көзделген. Бәріміз білетіндей 1997 жылғы қазан айында қабылданған «Қазақстан 2030» стратегиясында айқын астын сызып тұрып көрсетілген барлық міндеттер мен мақсаттардың мерзімінен бұрын орындалғанын айтып, мемлекеттің алдына 2050 жылы әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру жаңа мақсатын қойды. Қазіргі таңда әлемдегі дамыған 130 елдің ішінен 51 орынға жетуіміз Елбасымыздың көрегендік саясатының арқасында деп ойлаймын. Бұл мақсатқа жету үшін қазақ елінің барлық мүмкіндіктері мен жағдайы бар екендігін өз жолдауында Елбасымыз атап өтті. Ол үшін өңдеу саласын 2025 жылға қарай екі есеге, 2040 жылға қарай үш есеге арттыру қажеттігін айтты. Қазіргі таңда Қазақстанның ішкі және сыртқы әлеуметтік экономикалық тұрғысынан қарқынды дамып келе жатыр. Халықтың күн сайын әлеуметтік жағдай арта түсуде. Елімізде индустрия саласы да қарқынды дамуда. Жаңа кәсіпорындар бой көтеріп, адамдар жұмыспен қамтамасыз етілуде. Еңбек төлем ақысы мен зейнет төлем ақысы да жыл сайын көтерілуде. Халықтың демографиялық жағдайы күннен күнге арта түсуде. Елбасы Тәуелсіздік алған кезеңде еліміздегі таза қазақтың саны 6,8 млн құрап, жалпы халық санының 41% құраса, қазіргі таңда 11 млн жетіп 65%" өскен. Халықтың қал-ахуалдары жақсарып, өмір сүру жасының өскендігін айтты.
Сонымен қатар Елбасының баса назар салып айтып кеткені, әрине, халыққа көрестілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін, әлемнің жаңа соңғы технологияларын қолдануда. Өскелең жастарға берілетін білім әлемдік стандарттарға сай озық оқыту технологиясымен жабдықталған оқу орындары атап айтсақ, әр облыстағы бой көтеріп жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев университеті. «Қазақстан 2050» стратегиясында 2012 жылдан бастап Елбасымыз жоғарғы оқу орындарында халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болатын инжинерлік және техникалық мамандықтарды даярлау көзделіп, жоғарғы оқу орындары жалғыз білім беру саласымен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар қолданбалы және ғылыми зерттеу салаларын құрып, оны одан әрі дамыту көзделген. Осындай оқу орындарын аяқтап, үлкен мамандық иесі болған өскелең ұрпақтың еліміздің елеулі ер азаматтары болатынына кәміл сенімдімін.
Тағы бір жолдаудағы айтып кететін тарау емқазақ жазуын 2025 жылға дейін толығымен латын әріптеріне көшіруге дайындықтың басталғандығын айтып кетті. Терминологиялық, көне грек тілінен енген сөздердің аудармасын жасамай, мазмұнының сол қалпында қалып қолданылатыны қуантарлық жағдай. Елбасы қазақ тілінің мәртебесі қазақ қазақпен қазақша сөйлескенде ғана көтерілетінін атап кетті.
Бейбіт өмірі жарасымды діні мен салт дәстүрлері әртүрлі көп ұлтты мемлекетіміздің бір шаңырақ аясында тату тәтті өмір сүріп жатыр. Елбасы халқымыз бір болып еліміздің жан-жақты дамуына ауқымды серпіліс жасап, жолдаудағы көрсетілген мақсаттарға жететінімізге сенім артады. Қазіргі таңда қазақ елін әлем мемлекеттері танып отыр. Соның бірі Ұлыбритания еліндегі болған олимпиядадағы еліміздің спортшыларының көрсеткен жетістіктері мен Халықаралық «ЕХРО -2017» көрмесінің Астанада өткізілуінің жоспарлануы. Бұл үлкен көрме жобасының өтілуі мемлекет экономикасының бір үлкен серпіліс жасауына себеп болады. Бұл ғылым мен жаңа технологияның дамуына жаңа серпін беретін Қазақстан үшін ірі жоба болып табылады.
Ынтымақ, достықты ұран етіп, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында шексіз табыстарға қол жеткізді. Мемелекетіміздің тұрақты әрі қарқынды дамуы оңтайлы саясат пен бірліктің арқасы. Ендеше еліміздің Тәуелсіздік тұғыры берік болып, Еліміздің байрағы көк аспанда желбірей бергей.
Педагог-ұйымдастырушы-куратор:
Молдахметов Досан Серикбаевич
Достарыңызбен бөлісу: |