ГульназияБектасова , Көкшетау қаласындағы физика- математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі Елбасының биылғы Жолдауының мәні де, мазмұны да ерекше. Онда «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты елімізді дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Ұзақ мерзімді жоспарда «2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамынқұру. Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс» деп біздің басты мақсаттарымызды белгілеп берді. Сонымен қатар, жаңа саяси бағыттың табысты басталуын қамтамасыз ететін 2013 жылғы бірінші кезектегі міндеттер қойылды.
Бізді айрықша қуантқаны – мемлекеттің саяси, экономикалық, мәдени дамуының жолдарын белгілей отырып, Жолдауда ұлттың рухани жаңғыруына баса көңіл бөлінгені. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз болашаққа көзтігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық» деп тағы бір мақсатты айқындап, сол мақсатқа жетуде қазақ халқының рөлін көрсетіп, алдағы уақытта біздің мемлекет жаңа қазақстандық патриотизмге негізделгенқазақ тілді мемлекет болатынын айтып өтті.
Ал мазмұнына тоқтайтын болсақ, Жолдау үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде 1997 жылы «Қазақстан 2030» бағдарламасы қабылдағаннан бастапосы 15 жылдың ішінде бағдарламаның іске асырылуына қорытынды жасап, еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталды: Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз, мемлекеттілігіміздің қалыптасуы, елімізде азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімнің орнығуы, нарықтық экономиканың қалыптасуы, әлеуметтік қоғамның негіздерін қаладық. Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан орын теуіп, әлемдік қауымдастық таныған елге айналғанымызды баяндап, ... «2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты» деп Н.Ә.Назарбаев ойын түйді.
Жолдаудың «ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері» депаталатын ІІ бөлімінде қазіргі жаһандану үрдісінен туындаған проблемалар сипатталған. Осыған орай келешекке бағыт алып, әрі қарай дамуымызды жоспралағанда осы проблемалар міндеттітүрде ескерілуі тиіс.
Ойын қорытындылай келе, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бізшешуге тиісті міндеттер сапалық тұрғыдан өзгергенін, уақыт пен жағдай 2030 бағдарламасына түзетулерді енгізілуі қажет екенін айтып өтті.
«Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты бағдарламасын данегізделген. Жаңа бағдарлама Жолдаудың үшінші бөлімінде орын алды.
Қазақстан Президенті қашанда ел ертеңі білімді ұрпақтың қолында екенін айтып, ұдайы білім беру саласын қолдап отырады. Ендігі мақсат – Мемлекет басшысы Жолдауында келтірілген, алдымызға қойылған міндеттерді басшылыққа алып, жұмыс істеуіміз керек. Жаңа бағдарламаны іске асыруда өз үлесімізді қосып, алдыңғы орында болатынымызға сенемін.