Зәуре Қалиева,
Көкшетау қаласындағы физика-математика
бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің
тарих пәні мұғалімі
Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына
8 «В» сынып оқушыларының пікірлері
Ашкентаева Мөлдір
- Менің ойымша, осы жолдаудың маңызы өте зор. «Қазақстан-2030» стратегиясы ерте біткені біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі. Нұрсұлтан Назарбаев осы жолдауында елге деген басты мәселелерді көтерді. Әсіресе елдің экономикасын, жағдайын қарастырып отыр. Себебі экономикамыз нашар болса, адамдар мен қоршаған ортамыз құрып кетеді.
Жолдауда ең басты мәселе еліміздің туған тілі айтылды. Бізде “тіл - тіршілік тірегі” деген ұлағатты сөз бар. Біздің тіл еліміздің біріктірушісі болу керек деп ойлаймын. Жолдауда “қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі қажет” деп айтылып кетті. Қазір адамдар қазақ адамымен орыс тілінде сөйлейді немесе қазақша сөйлеп тұрып, орыс сөздерін қосады. Ол біздің тілге деген немқұрайлы көз қарасымызды көрсетеді.
Осы құжатта Елбасымыз жастарға, болашақ ұрпақтарға назар аударады. Себебі, біз, елдің жастары - еліміздің болашағымыз! Нұрсұлтан Назарбаев біз үшін «Болашақ» бағдарламасын, Зияткерлік мектептер мен Университетті ашып жатыр. Бұның бәрі біз үшін. Елбасы да, ата – аналарымыз да біздерден үлкен үміт күтеді. Біз солардың үмітін ақтауымыз керек деп ойлаймын. Сол үшін де біздің Президентке деген үлкен алғысымыз болуы керек.
Бөрібаев Темірлан
- Елбасымыз осы жолдауында Қазақстанның барлық жетістіктерімізді айтып шықты. Соның ішінде біздің мақтанышымыз: “Expo – 2017”. Бұны 100-ден астам мемлекеттердің ішінен құрметке ие болдық. Адамдардың тұрмыс жағдайы жақсарып, білім беру саласының дамуын қарастырды. Жетістіктерге жеттік деп елбасымыздың айтқандай біз бұған қанағат етпеуміз керек. Алға тағы да мақсаттар қойып, оған жетуміз керек. Соның бастысы 50 дең дамыған мемлекеттерге ену. Қазір біз 51-орындамыз. Менің ойымша, осындай Елбасымызбен біз 50 емес 10 дамыған мемлекеттер арасына айналдырған 10 жылда кіреміз деген ойдамын.
Достарыңызбен бөлісу: |