Қазақстан Республикасының прокуратурасы — Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Прокуратура органдары төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға қатаң бағындыратын бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Парламент сенатының келісімімен қызметке бес жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор басқарады. Бас прокурордың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентітағайындайтын бірінші орынбасары және орынбасарлары болады.