Ішкі істер органдарының тергеуіне жататын әскери қызметшілер жасаған қылмыстар мен әскери қылмыстардың алдын алу, тоқтату, жою, ашу және тергеу болып табылады. Әскери тергеу органдарын — әскери-тергеу департаменті, тергеу, жедел-іздестіру, жедел-техникалық және өзгеде бөлімшелерден тұратын әскери-тергеу басқармалары мен гарнизондарбойынша бөлімдер құрайды.
ІІМ-нің әскери полициясы — ішкі әскерлерді құқықтың тәртіпті қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар, сондай-ақ ішкі әскерлер мен әскери қызметшілер жасаған өзге де қылмыстар бойынша анықтау ісін жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алуға, олардың бетін ашуға, тоқтатуға, жоюға, әскери қылмыстарды ашуға, ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған арнаулы орган.