Танымдық (интеллектуалдық) ойын бұл күрделі,көп құрылымды құбылыс.Ол оқыту әдісі ғана емес білімді бақылау әдісі болуы мүмкін. Информатика бойынша білімді бақылауды интеллектуалды ойындарды қолдану оқушылардың өзіндік тұлғалық ерекшеліктерін ашуға, сабаққа дайындық деңгейін арттыра түсуге көмектессе, ол мұғалімге оқушылардың білмде кеткен қателіктерді дер кезінде жөндеуге мүмкіндік береді. Ойын барысында оқушыларда белгілі бір мәселені шешу қабілеті, өзбетінше ойлау қабілеті, білімге деген құштарлығы пайда болады. Сабақта алған білімін практикада іске асыру дағдыларын қалыптастыру үшінойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек.Тиімді пайдаланылған ойын элементтері материалды түсіндіру кезінде берік меңгеруге септігін тигізеді.Қызықты ойын түрінен кейін оқушылар тез сергіп, тапсырманы әрі сапалы,әрі ықыласпен орындайды.Ойынға мынадай әдістемелік талаптар қойылады:
ойынның мақсаты нақты немесе керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы кере;
ойынның жүру барысында мұғалім баланың түгел қатысуымен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.
Оқушылардың компьютермен жұмыс жасауы көңіл күйлерін көтеріп, қызығушылық қабілеттерін арттырады.Әрі ізденуіне алуан әдістерді таңдауына жол ашары сөзсіз.Оның үстіне ойындар мен ойын кезеңдері дәстүрлі оқытумен де жақсы үйлесіп кетеді. Информатика курсы бойынша оқушылардың білімін бақылауға, жаңа білім беруге болатын бірқатар ойындарға мысал келтірейік: