Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекетінің қалыптасуы


Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану



бет25/40
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#110041
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
Байланысты:
111-61 Халмуминов Мирзаахмад

2.2 Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану
Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр.Елім іздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуізаман талабынан туындап отыр. Қабілетті және дарынды балалармен жұмыс қоғамда мемлекеттік деңгейінде басым бағыттар санатында көрінеді.Жас ұрпақ - еліміздің тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие, сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті. Олар жан-жақты жетілген білімді әртүрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істей алатын шеберлік иесі болуы тиіс. Ұстаз кісіби білімін үздіксіз жетілдіріп отыруы керек.Қазіргі таңда еліміз дарынды балалар тәрбиелеуге зор көңіл бөліп отыр.Сондықтан оқыту мен дамытудың жаңа мазмұнын құруға, оның әдістемелік жүйесін іздестіру мәселелеріне мән берілуде. Балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда дамыта отырып оқыту технологиясының маңызы зор.

Информатика пәнінде интеллектуалды ойын элементтерін қолдану барысында қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша балар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілетін қалыптастыруда информатика пәнінің орын алатыны белгілі.

Қазіргі сабақ - бұл өзіндік көрсеткіштермен ерекшеленетін мұғалім мен оқушының біріккен қызметі.Осыған сүйене келе информатика пәнінде өзіндік ерекшелігіне қарай оқушылардың теориялық білімі және практикалық жұмыс істеу дағдыларын бөліп алуға болады. Теориялық білімді тексеру үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тестілеу смяқты дәстүрлі бақылау түрлерін, ал практикалық дағдыны бағалау үшін практикалық жұмысты қолдануға болады. Информатиканы оқыту барысында оқушылардың білімін бақылау үшін осы дәстүрлі әдістермен қатар бақылаудың дәстүрден тыс түрлері, рефераттар, конкурстық жобалар, әртүрлі танымдық ойындар да қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет