2. Егіздейтін ешкі.
Ешкі жылына бір рет егіз лақ туады. Егіздің бірі - еркек болса, бір ешкі он жылда неше бас болады?
Теке айтар деп кім айтар?
Жартастағы ешкі айтар.
3. Жолаушы мен атқосшы.
Үстіртке жол тартқан жолаушы өзімен бірге 5 күн тамағы мен сусынын алып жүре алады. Жолаушы 8 күндік жерге жету үшін, ол өзіне неше атқосшы алады?
4. Жарлы - жақыбай ауылы.
Ауылда 28 үй бар. Оның 15 - нің түйесі, 8 - нің сиыры, 6 - ның сиыры да, түйесі де бар. Неше үйдің малы жоқ?
5. Қораға қамалған қой.
99 қой 15 қораға қамалды. Неліктен ең болмағанда қораның біреуінде қойдың саны тақ болады
6. Атасы мен немересі
Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бөліп бергісі келеді. Оларға жетіден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар, атаның асығы неше?
Мұндай ұлттық мазмұнды есептер оқушылардың логикалық ой-өрісін кеңейтеді, халқына, оның өшпес тарихына деген сүйіспеншілігін арттырады. Ең бастысы халық педагогикаасы – тәрбиенің қайнар көзі деп есептелінеді.
Халықтық педагогика адамзатқа жат құбыжық қасиеттер: ұятсыздыққа, арсыздыққа, жалқаулыққа, адамды кемітуге, жәбірлеуге, озбырлыққа, зұлымдыққа, өркөкіректікке, біреуге қиянат жасауға, басқаға жаны ашымастыққа, алдаушылыққа өтірікшілікке, көзбояушылыққа , азғындыққа, нашақорлыққа, маскүнемдікке, адамның өміріне қол салушылыққа қарсы тәрбие береді, адамшылықпен үйлеспейтіндігіне көз жеткізеді.
Қазіргі ұлттық мектептерде ұлттың болашағын оқытып, тәрбиелеуде халқымыздың асыл қазыналарын, халық педагогикасы мен психологияны, салт- дәстүрлерді, әдет- ғұрыптарды үнемі және жүйелі түрде пайдалану ұстаз келбетін айшықтай түсері сөзсіз.
Сондықтан да әрбір мұғалімнің этнопедагогика мен этнопсихология ғылыми негіздерін зерттеп, терең меңгеруі тиіс. Ұлттық педагогиканың мақсаты – ұлтымыздың болашақ ұрпағын тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |