Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- елбасы



Дата22.12.2021
өлшемі34 Kb.
#127593
Байланысты:
СКО письмо (1)
КЖ. Әзен Руслан ФиА-18к, КЖ. Әзен Руслан ФиА-18к, Тапсырма., КЖ. Әзен Руслан ФиА-18к, Информация с СКО (2), Жолдыбекова Сағыныш, Жолдыбекова Сағыныш

Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті- Елбасы

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Президиумының Төрағасы

Н. Ә. Назарбаев мырзаға
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына биыл 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қазақтардың басын қосу мақсатында Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайын ұйымдастырып, өзіңіздің «Құшағымыз бауырларға айқара ашық» деген үндеу жариялағаныңызды барлық қазақ естіді. Қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүниежүзіндегі қазақтарды біртұтас елге біріктіру мақсатыңыз орындалды, яғни Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.

Өзіңіз құрған «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» республикалық коғамдық бірлестігі мен «Отандастар Қоры» комерциялық емес акционерлік қоғамы қазіргі таңда Қазақстанның барлық облыстарында ел игілігіне, қандастар мәселесін шешу жолында еңбек етуде.



«Республиканың солтүстік қақпасы» аталатын қазақтың тарихына бай - Солтүстік Қазақстан облысында шет елден келген қандастарымыз шаруашылықпен айналысып, әртүрлі кәсіпке, мәдениетіміз бен өнерімізге, білім мен ғылымға араласып, өркендеуімізге үлестерін қосуда. Қандас жастардың да шет елден келіп білім алуларына мол мүмкіндіктер қарастырылған. Олар осы саладағы Сіздің тікелей қамқорлығыңызды сезініп, міндеттеп қойған тапсырмаларыңыздың орындалып жатқанына ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады.

Бірінші Желтоқсан - еліміздің Тұнғыш Президенті күнi, барлық Қазақстан халқының мейрамы. Осы ретте Солтүстік Қазақстан обылысында тұратын қандастар атынан, өз атымнан Қазақстанның Тұнғыш Президенті күнi мейрамымен және Егемендігіміздің 30 жылдық торқалы тойына орай шын жүректен кұттықтауымызды қабыл алыңыз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, ел болашағы үшін кемел ой тілейміз.



Қамкорлыққа бөлеген халқыңыздың, қуанышты лебізімен алдағы мақсаттарға жете берейік!
Игі ниетпен,

«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ

«Отандастар Қоры» КеАҚ

Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі

Сүйіндіков А.М.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет