И. Адырбеков,
Сенат депутаты,
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет төрағасы
ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ЗИЯТКЕРЛІК СЕРПІЛІС
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында мемлекет пен қоғамның қазақстандық жол бойынша одан арғы дамуының тұжырымдамалық негіздері мен практикалық қадамдарын, жалпы принциптері мен нақты шараларын өзара тығыз байланыстырады.
Елбасы өз Жолдауында әр азаматты біріктірілген жаһандық әлем жағдайларында ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан халқының зияткерлік әлеуетін мейлінше аша отырып, «Мәңгілік Ел» деп аталатын біздің ортақ үйімізді құруға белсене қатысуға шақырады.
Біздің әрқайсысымыз ортақ іс туралы ойлап, өз үлесімізді қосуымыз керек. Осы жауапкершілікті сезіну және қойылған мақсатқа жету жолында халықтың бірігуі – ХХІ ғасырдағы Қазақстан гүлденуінің кепілі.
«Қазақстан жолы-2050» стратегиясының талассыз артықшылығы бәсекеге қабілетті ғылымның және білімнің дамуы болуы қажет. Ол үшін барлық күшті іргелі және қолданбалы ғылымның дамуына қажет қазіргі заманғы инфрақұрылымды, кадрлық әлеуетті құруға, әлемдік стандартқа сәйкес келетін ең озық тәжірибе мен технологияны енгізуге шоғырландыру қажет. Осы мақсаттарға орай Елбасы ел ВВП-нан 3 % кем емес ғылымды қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
Әлемдік тәжірибе жаңа ғылыми стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлемес бұрын бүгінгі таңда біздің елімізде ғылым мен білімнің қандай деңгейде екендігі туралы айқын түсінік болуы керек. Бұл кезеңде бізге Қазақстанда Стратегия-2050-де белгіленген бағыттар бойынша жаңа әзірлемелерді енгізуге арналған жеке ғылыми база құрылған-құрылмағандығы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ойланған жөн.
Мысалы, Қытай ауқымды экономикалық реформалар қабылдай бастағанда, ел басшылығына ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі жағдайын мұқият талдау тапсырылды. Нәтижесінде ел ғылымы дамушы елдермен салыстырғанда кемінде 20 жылға артқа қалып қойғандығы мәлім болды. Сонымен қатар, талдау елдің өркендеуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін ғылымның қандай салаларына көңіл бөлу қажеттігін көрсетті. Осы мәліметтер негізінде қытайлықтар ғылым мен білімді дәстүрлі жолмен кезеңмен дамытудың орнына қысқа мерзім ішінде алшақтықтың орнын толтыруды қамтыған мемлекеттік бағдарламаны әзірледі. Айқын жоспар бойынша орындалған ауқымды жұмыс, ғылымның әлемдік жетістіктерін барлық мүмкін жолмен іздеудің және елдің ғылыми зертханаларына тарту арқасында қазіргі Қытайдың ғылыми-техникалық даму деңгейі батыс державалармен теңесті десе де болады.
Бүгінде білім мен ғылымға сүйене отырып, елді дамыту стратегиясын жүзеге асыру Қытай үкіметінің негізгі міндеті болып табылады. Бұл стратегияның негізінде «негізгісін сақтау, қалғанын жіберу» принципі жатыр. Біріншісі, ел үкіметі мемлекет үшін стратегиялық мағынаға ие деп тапқан, нақты бекітілген бағыттар бойынша елдің ғылыми-техникалық қуатын нығайту, ал соңғысы ғылыми-техникалық прогрестің көптеген бағыттарын нарыққа бұру дегенді білдіреді. Осы мақсатқа орай ғылыми-техникалық жетістіктерді нақты өндірістік күштерге айналдыруды қолдау және жас дарындарға көмек көрсету үшін ғылыми-техникалық бейіндегі шағын және орта кәсіпорындар құрылды.
Қазақстанға бүгінде әлемдік үрдіске тұрақты мониторинг жасап, өз қажеттіліктері мен мақсаттарына сәйкес ең озығын, ең тиімдісін зерттеу және енгізу қажет. Ол үшін тек классикалық ғылыми-зерттеу институттарына ғана емес, сондай-ақ, ірі ғаламдық корпорациялардың ғылыми зертханаларына бағдарлану қажет. Бұл жайлы Елбасы өзінің Жолдауында да айтып өткен. Неге бізге EXPO 2017 алаңында олардың жеке немесе бірлескен ғылыми зертханаларды құру үшін ұлтаралық корпорациялар қатарынан серіктестер іздемеске? Және де бүкіл әлемдік көрмеден соң елімізде қалатын объектілерді оларға пайдалануға берудің жақсы мүмкіндігі бар.
Бұл контексте Малайзия жақсы мысал бола алады. 1990-шы ж. басында ел үкіметі ғылымның, іскери белсенділіктің және жайлы өмірдің гармониялық үйлесуін қарастыратын «Киберджайя» болашақтың қаласын» дамыту бойынша ауқымды жоспарды қабылдады. Мұнда Microsoft, Intel, HP, Sony, Ericsson, Motorola және т.б. сияқты 100 танымал ғаламдық корпорациялар ішінен басым көпшілігі сәтті тартылды. Қазақстанда технологиялық және ғылыми орталықтармен жұмыс кезінде осындай шетелдік мысалдарды мұқият зерделеу қажет. Елде мұндай орталықтар құра отырып, ең озық әлемдік тәжірибеге қол жеткізе алатынымызды, елімізден «дарындылардың жылыстауының» алдын ала алатынымызды және басқа елдерден келешекте жас ғалымдарды тарта алатынымызды ескерген жөн.
Бұл ретте ұлттық мүдде тұрғысынан отандық ғылымды дамытудың басым салаларын анықтау қажет. Экономиканың өндіретін сала, металлургия, ауыл шаруашылығы және т.с.с. сияқты бәсекеге қабілетті артықшылықтары сегменттеріне ерекше көңіл бөлген жөн. «Қазақстан-2050» стратегиясы негізінде қаражат пен ғылыми әлеуетті ұлттық шаруашылықтың маңызды салаларына оңтайлы бөлу туралы жалпы көріністі қалыптастыру қажет.
Ғылыми-техникалық прогрестің ілгерілеуінде білім беру және жас мамандарды даярлау мәселелері өзекті болып табылады. Егер Сингапур тәжірибесіне шолу жасайтын болсақ, 1970–1980-ші жж. өнеркәсіптік сектордың дамуы аясында аталған жас елде инженерлердің жетіспеушілігі байқалды. Сондай-ақ, бұл уақытта Азия еңбекті қажет ететін өндіріс құру бойынша Сингапурмен бәсекелес бола бастады. Арзан жұмыс күшімен Сингапур одан әрі бәсекелесе алмады. Білім беру жүйесінде саннан сапаға көшу қажеттілігін сезініп, билік басындағылар мектептерде дифференциалды білім беруді іздестіре бастады. Атап айтқанда, баланың қабілеттеріне байланысты білім беруді қамтыған ағымдық оқыту жүйесі енгізілді.
Бірақ нәтижесінде тәжірибе балаларды ерте жасында қабілеттеріне қарай топтастыру үлгерімді арттыратынан емес, керісінше, оқуға деген уәждеменің төмендейтінін көрсетті. Осыған орай, Сингапур үкіметі әр адамды инновация мен кәсіпкерлік рухын игере отырып, өмір бойына оқуға уәждейтін ынталандырушы ортаны құруға деген екпінін айқын ете бастады. Бүгінгі таңда бұл елде жоғары сыныптарда жарты пәндерді оқушының өзі таңдайтын, ал қалған компоненттер жалпыға міндетті болып табылатын білім беру жүйесі енгізілген. Бұл мысал кезекті реформаны бастамас бұрын озат шетел тәжірибесін аса мұқият зерттеу қажет екендігін көрсетеді. Көп нәрсе бұрын ойлап табылған және сыналған. Бізге өзіміз үшін қажетті сабақ алып, басқалардың қатесін қайталамауымыз керек.
Тағы бір мысал. Малайзияда жоғары білім деңгейін жылдам көтеріп, барлық азаматтар үшін оны қол жетімді ету үшін елдің әр университеті жетекші британдық университеттермен ынтымақтастыққа қол жеткізді. Нәтижесінде барлық сабақтар, оқулықтар, оқыту әдістері Ұлыбританиядағы ЖОО-дағындай болды, ал оқытушылар сол батыс университеттерінде машықтанудан өтіп, ғылыми дәрежелер алды. Малайзиядағы серіктес ЖОО-дағы оқыту сапасын тексеру мақсатында жарты жыл сайын Англия университеттерінен арнайы комиссия келетін практика қабылданды. Бүгінде бұл ел үздік сапалы білім беретін он ел қатарында және ең бастысы – ол қол жетімді.
Қазақстандағы білім мен ғылымды ұзақ мерзімдік дамытуды қамтамасыз ету үшін жастардың тұлғалық даму процесі мектеп кезеңінде басталып, өмір бойы жалғасатындығын ұғынуы қажет. Диплом қара бастың қамы болып табылмайды, адамның кәсіби дамуы оның еңбек сүйгіштігіне және кемелдікке деген ұмтылысына байланысты. Табыс моделі тез және болжауға келмейтіндей өзгеретін қазіргі әлемде адамдарға өз білімдері мен ептіліктерін үздіксіз жетілдіруге мүмкіндік беру қажет. Президенттің «Қазақстан жолы-2050» Жолдауы осы бағыттағы білім беру жүйесінің реформасы бойынша бірқатар нақты тапсырмаларды қамтиды.
Қазіргі уақыттың бұлжымас талабы ағылшын тілін терең білу болып табылады. Бүгінде қазақстандықтардың үш тілділігі туралы Елбасының тезисі өзекті болып отыр, себебі әлемдегі ғылыми әзірлемелер мен зерттеулердің негізгі үлесі ағылшын тілінде жүзеге асырылады және жарық көреді. Оны білу жаңа ақпараттар мен үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын негізгі кілт болмақ. Атап айтқанда, еліміздің болашағын құрайтын жас мамандар осы тілді жетік игеруі шарт. Магистр және PhD докторы ғылыми дәрежесін алу ағылшын тілін кәсіби білуді міндетті түрде сертификаттаумен қоса жүреді.
Бұл ретте мектепте оқытудың алғашқы кезеңінде мемлекеттік тілді оқытуға айрықша көңіл бөлген жөн. 6 сыныпқа дейін мемлекеттік тілде сапалы білім беріліп, кейін басқа тілдер үйретіліп, кейбір пәндерді ағылшын тілінде өткізілетін малайзиялық модель оңтайлы көрінеді. Мұндай тіл саясаты ұлттық сәйкестік пен мәдениетті сақтауға және нығайтуға мүмкіндік берумен қатар, ғаламдық бәсекелестікке қажет білімді қамтамасыз етеді.
Мұнда Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептері халықаралық стандартқа сәйкес елдің білім және ғылыми әлеуетін арттыруға үлес қосып жүрген бірегей біріктірілген жоба болып табылатынын айта кеткен жөн. Ғылым мен білімнің одан әрі дамуы үшін сәйкес салалардағы әлемдік ғылыми орталықтармен тығыз ғылыми ынтымақтастық орнатып, Қазақстанда және шетелде де тәжірибе алмасу процесін жүйеге келтіру маңызды. Бірақ өз әзірлемелеріміз бен жаңалықтарымызды қорғай білуді ұмытпағанымыз жөн. Осыдан келіп халықаралық нарықта танылған ғылыми сараптама және сертификаттаудың тиімді жүйесін құру қажеттілігі туындайды. Қаржыландыруға, шетел сарапшыларының тұжырымына үміткер әр ғылыми жобаға қойылатын талап практикасы ұлттық мүдделер үшін маңызды салдарларымен қауіпті.
Экономика мен қоғамның жетілуін ілгері жылжытатын ғылымды жетілдіруді екі бағытта параллель жүзеге асыру қажет: базалық инфрақұрылымдар мен қазіргі заманғы институттарды құру және елге озық әзірлемелер мен үздік дарындарды тартты. Реформалар үшін реформалар жүргізу күткен нәтижелерді бермейді, ал озық тәжірибені тиісті жағдайлар жасамай енгізу барлық мемлекет үшін ұзақ мерзімді пайдаға кенелтпейді. Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясы мен «Қазақстан жолы-2050» Жолдауында атаған оң өзгерістерге қол жеткізу үшін бізге осы саладағы істің жағдайына дұрыс баға беріп, Қазақстанды әлемнің ғылыми тұрғыдан дамыған мемлекеттері қатарына қосатын нақты жоспарлар құру қажет.
«Казахстанская правда», 2014, 5 ақпан
К.С. Сұлтанов,
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет мүшесі
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
ДӘУІРДІҢ ТҮЙІНДІ БАҒЫТТАРЫ
Тарихи тұрғыдан айтарлықтай қысқа мерзім – 20 жылдан кем уақыт ішінде Қазақстан экономикалық және саяси дағдарысты еңсеріп, өзінің әлемдік даму мен ынтымақтастыққа, адам құқығының сақталуына, дін тұту еркіндігіне, этникалық өзгешеліктеріне қарамастан барлық адамдардың тең құқықтылығына бейілдігін көрсете отырып, өз ісінің дұрыстығын дәлелдеп берді. Әлемдік қауымдастық біздің халқымыздың дербестігін, ауқаттылығын және қабілеттілігін, біздің мемлекеттік тәуелсіздігімізді мойындады.
Бірақ бұл жетістіктер өздігінен бірден келмейді. Олар – халықтың ауызбірлігінің, тұтастығының және төзімділігінің, елдің кәсіби жетекшілігін, экономикалық және саяси реформаларды тиімді ұйымдастыру мен жүргізу нәтижесі. Елбасына ұдайы күресудің, арынды қуаттың, энциклопедиялық білімнің, төзімділіктің, сауатты әрекеттердің қаншама қиын «асуларын» бастан кешіруге және еңсеруге тура келеді. Ол бір Құдайға және өзіне ғана аян. Мемлекеттік тәуелсіздікті жариялаған күннен бастап барлық жаңа тарих, қоғам игілігі үшін қабылданған барлық тарихи маңызға ие және әлеуметтік шешімдер, Астана бастаған жаңартылған, қайта өркендеген қалалар, жаңа технологиялар жасаған еңбегіне лайық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен байланыстырылады.
Өткен жүзжылдықтың 80-ші ж. аяғы және 90-шы ж. басы көпшілігіміз үшін көзқарастарымызға қайшы келетін күтпеген және кездейсоқ оқиғаларымен, бұрынғы Кеңестер Одағы кеңістігінде әртүрлі саяси ағымдардың өсуімен есте қалды. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы кезінде тұрғындардың саяси белсенділігі артты.
Бұрынғы одақтық шарт жұмыс істемеді, ол туралы көпшілік ұмытып та кетті. Жаңа конструкцияның қажеттілігі айқын болды. Сол кезде Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев түрлендірілген конфедерация түріндегі жаңа қатынастарды, жаңа одақты ұсынғаны есімде. Бастапқы кезеңде мұндай жобаға айтарлықтай оң көзқарас танытса, кейінірек орталықта бұл идеяны тежеу басталды. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің шығармаларында, кітаптарында жазған.
1988 жылы 22 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге кеткен Геннадий Колбиннің орнына Қазақстанның Коммунистік партиясының ОК бірінші хатшысы болып тағайындалды. 1990 жылы сәуірде Қазақстанда республиканың Жоғарғы Соты (қазіргі Парламент) жаңа мемлекеттік институт – республика Президентін енгізді.
1991 жылы тамызда болған оқиғалар КОКП таратылуына алып келді. Қазақстанда ол Социалистік партия болып өзгертілді және бұрынғы барлық тетіктерін жоғалтқан соң басқарушы партия бола алмады. Мұнан соң Н.А. Назарбаев қоғамның пікірін ескере отырып, жедел түрде халыққа арқа сүйеуге шешім қабылдайды. Бірақ Президент Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі оны Президент лауазымына сайлағандықтан, Жоғарғы Кеңеске тәуелді болып қалды. Қалыптасқан саяси жағдайларды ескере отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы жалпы халықтық сайлау өткізу туралы идеяны алға тартты және оны қоғам қолдады. Осылайша, 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның Тұңғыш Президентін тікелей жалпы халықтық баламалы сайлау өтті.
Нұрсұлтан Назарбаевтың халық арасындағы танымалдылығы басым және халықтың Тұңғыш Президентке деген сенімі шексіз болды. Дәл дағдарыс уақытында өз мойнына барлық жауапкершілікті ала отырып, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстанды дағдарыстан шығару жобасын ұсынды. Өз бағдарламасын түсіндіре отырып, ол жалпы қоғамда, ең алдымен, экономикалық және саяси жүйелердегі реформаларға басымдылық бере отырып, реформалар жолымен жүретіндігін айтты. Тұрғындармен кездесіп, әртүрлі аудиторияларда сөз сөйледі. Бірақ ешкімге еш жерде ешқандай уәде бермеді. Халықтың әлеуетін, тұрғындардың мүмкіндігін тірек етті. Қазақстандағы жаңа реформаларды іске асыру жолдары мен қиындықтары туралы айтты. Проблемалардың басын аша отырып, Қазақстан дағдарыстан шыға алатындығын дәлелдеді. Оның экономикалық және саяси реформаларының бағдарламалары шынайылығымен, реттілігімен ерекшеленді. Кеңестер Одағының құрамында бола жүріп, экономикалық дамудағы Қазақстанның дербестігі туралы, мемлекеттік құрылымдардың, саяси жүйелердің дербесітігі жайлы айтты. Әрине, мұның барлығы тұрғындардың көңіліне сенім ұялатып, олар Президенттің идеясын саналы түрде құптады.
Халық саяси еркіндікті қалады және қолдады, өз құқығына және конституциялық тәсілмен жоғары лауазымдағы жауапты тұлғаны таңдау құқығын сезінді және ұғынды. Экономика күйреп, барлық саяси жүйе жұмыс істемей және қоғамдағы дағдарыс процестері дендеген кезде адамдар нақ Нұрсұлтан Назарбаевты сенімді көшбасшы, біртума тұлға деп қабылдады.
Жаңа Үкімет құрамында баспа және ақпарат министрі ретінде жұмыс атқара жүріп, мен сайлау алды науқаны кезеңінде онымен бірге бірнеше облыстарда болып, тұрғындардың оған деген тұлға ретіндегі, жетекші ретіндегі шынайы қатынасының, сенімінің куәгері болдым. Және ең бастысы – ол адамдар жүрегіне, олардың арманына жол таба білді. Ол немқұрайлы сөйлемеді, спичрайтерлер дайындаған баяндамаларды оқымады, ол халықпен адамша, оларға түсінікті тілде жеткізе отырып сөйлесті. Кездесулер бөлмелерде де, ашық алаңдарда да өтті. Көп адам қатысқан Жамбыл, Қарағанды облыстарындағы, Жезқазған, Тараз, Теміртау қалаларындағы қызықты кездесулер есімде қалыпты. Мұндай кездесулер Карметкомбинат, «Карагандауголь» бірлестігі сияқты ірі ұжымдарда да өтті. Кездесулер өткен барлық жерде адамдар түбегейлі жан-жақты реформалар идеясын мақсат еткен оның сайлау алды тұғырнамасына сенді және қолдау көрсетті...
Сайлау аяқталар кезде, түн ортасында барлық жерде, барлық өңірде Президент орнына бір ауыздан Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтындықтары туралы мәліметтер түсіп жатты. Бюллетеньдер саналған соң сайлаушылардың 98 % Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс бергендігі белгілі болды. Бұл айқын еді, себебі халық Көшбасшыға сенім артты.
1991 жылы 10 желтоқсанда тарихымызда тұңғыш рет халық сайлаған Президентті ұлықтау рәсімі болып өтті. Мен сол кезеңнің естелігін әрқашан өте ерекше сезіммен еске аламын. Дайындық барысында көптеген қызықты сәттер көп болды, көптеген әртүрлі ұсыныстар талқыланды. Ұйымдастыру комитетін Президенттің тапсырмасы бойынша халық дәстүрлерін, біздің ежелгі мемлекеттігіміздің салттарын жақсы білетін Мырзатай Жолдасбеков басқарды.
Жаңа кезеңде Елбасын ұлықтау рәсімін өткізу маңызы бойынша қазіргі заман тарихымен үйлестіруге болатын еді. Бұл салтанатты мемлекеттік актіні өткізу кезінде тарихымызға жүгіну және біздің мемлекеттігіміздің түбірін атап көрсету маңызды болды.
Ұлықтау рәсімінің барлық салтанатын толық сипаттамай-ақ қояйын және сол салтанатқа қатысқан біздің замандастар ол туралы жазған. Бірақ мына бір-екі секундық күтпеген кез туралы айтпауға болмайды.
Алматыдағы республика сарайы. Мерекелік көңіл-күй. Зал, әсіресе, мемлекеттік салтанаттың басты акті өткен сахна әсері жағдайға орай сәнделген. Республика сарайының үш мыңдық лық толы залы демін ішіне тартып, салтанаттың басталуын күтіп отыр. Барлығы жоспарланған сценарий бойынша жүріп жатыр. Әскери қызметшілер марш дауысымен республикамыздың туын сахнаға алып шығады. Трибунаға ду қол шапалақ дыбысымен барлық халық болып сайлаған Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтеріліп келеді. Оң қолын Конституцияға қойып, халыққа салтанатты түрде ант береді. Бір тізесіне отырып, республика туын сүйеді, содан соң сахнадағы өз орнына отырады. Әскери қызметшілер салтанатты, нақышты адыммен президент орнының артындағы тутұғырға келеді, оны белгіленген орнына қойып, сахна сыртына беттейді. Кенет осы сәтте үлкен залдың әлдеқандай өтпе желімен ауа ағыны туды еңкейтеді. Осы жарты секунд ішінде біз қандай үрейлі сезімді сезіндік десеңізші! Мұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әдетте «жүрегім тас төбеме шықты» дейді ғой. Кірпік қаққанша Президент (артында тұрған тудың құлап келе жатқанын қалай сезді десеңізші?!) тудың сабынан ұстап қалады, зал сүйінген қол шапалақтауларға толып кетті. Бұл – жақсылықтың нышаны. Жақсы ырым. Тіпті осындай күтпеген, сұмдық сәт оны көзімен көргендердің барлығын біріктірді. Барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың қиын жылдары Қазақстанның құлауына жол бермейтініне сенді. Ол ел намысын, туын болашақта да берік ұстайды. Сол салтанатта есте қалатын көптеген қызықты, жағымды сәттер болды. Бірақ сол кез, менің ойымша, символикалық мәнге ие, сол себепті де ол туралы айтуды, қазіргі оқырмандармен бөлісуді жөн деп шештім. Дегенмен біз мемлекеттік тәуелсіздігіміз туралы жарияламасақ та, жоғары кабинеттерде, жеке зияткерлер шеңберінде мемлекеттік тәуелсіздік туралы мәселе талқыланып және сонымен қатар, жаңа заң жобасы дайындалып жатты.
Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасы бойынша Жоғарғы Кеңес депутаттары қатарынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобы құрылады. Жұмыс тобын басқара жүріп, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы арнайы баяндамамен кейінірек, ұлықтау рәсімінен бір апта өткен соң, 1991 жылы 15 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес сессиясында танымал юрист академик Сұлтан Сартаев сөз сөйлейді. Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамында бірегей және тарихта заң жобасын сауатты және білікті әзірлеп шығарған Салық Зиманов, Жабайхан Әбділдин, Манаш Қозыбаев, Зинаида Федотова, Қайрат Сапарғалиев, Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза сияқты танымал ғалымдар, саясаткерлер болды. Екі күндік пікірталас кезінде бүкіл халық сайлаған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан қызықты әңгіме болды. Кейінгісі баршаңызға белгілі, 1991 жылы 16 желтоқсанда көпшілігіміз дауыс беріп, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңды қабылдадық. Бұл біздің халқымыздың сан ғасырлық тарихымыздағы тарихи оқиға болды.
Біз қайта тудық! Біз тіземізден тік тұрдық! Мемлекеттік тәуелсіздік туралы заң жобасын талқылау кезінде Жоғарғы Кеңес депутаттары біздің тәуелсіздігімізді жариялауда шешуші роль атқарған республика Президентін жалпы халық болып сайлаудың оң нәтижелерін сезе бастады.
Мемлекеттілігіміздің тарихында еліміздің іргетасын қалаған Тұңғыш Президентіміздің ролі құнсыз мәнге ие. Ал алғашқы бүкіл халықтық сайлау жаңа дәуір бастауы болды. Адам азаттығы мен құқығының кезеңі.
Тұңғыш Президент күні біздің өмірімізге жаңа бүкіл халықтық мереке болып енді.
«Казахстанская правда», 2013, 30 қараша
Т.И. Сүлейменов,
Достарыңызбен бөлісу: |