Қазақстан республикасының ТҰҢҒыш президенті


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТЫЛУЫ СТРАТЕГИЯСЫ: ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫНА



бет7/12
Дата28.11.2016
өлшемі3,17 Mb.
#2754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТЫЛУЫ СТРАТЕГИЯСЫ: ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫНА

ЖИЫРМА ҚАДАМ




2012 жылдың 10 шілдесінде еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақала жариялады, онда қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың негізгі бағыттары анықталған, сонымен бірге жаңғырту үрдісінің басты қатерлері талданған.


Мақалада Н.Ә. Назарбаев тұтынушы қоғам идеологиясының жемісі ретіндегі әлеуметтік инфантилизм мен әлеуметтік асыраудың әлеуметтік жаңғырту жолындағы қауіпті кедергілер екендігіне баса назар аударады. Тұтыну идеологиясының баламасы ретінде ол еңбек пен еңбек адамына басқа көзқарастан қарау принципінен Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынады. Бұл идеяны жүзеге асыру, Президенттің ойынша, жаңа қазақстандық қоғамның қалыптасуына апаратын жол болады. Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, «тек жасампаз тіршілік әрекеті адам, отбасы, қоғам мен мемлекет өмірін жақсы жаққа қарай өзгерте алады. Толық қайтарыммен жұмыс істейтін азаматтар ғана табысқа жетеді және өркендейді».

Осы Стратегияның тағы бір ерекшелігі – ҚР Президентінің қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғыртудағы негізгі бес артықшылығын көрсетіп қана қоймай, Үкіметке соған сәйкес 20 тапсырма беруі, бұл тапсырмалардың жүзеге асырылуы Қазақстанды Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына әкелу керек.



Бірінші артықшылық. Әлеуметтік заңнамаларды жаңарту.

Бұл міндеттің артықшылық ретінде берілуінің себебі мынада: Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында ауқымды әлеуметтік заңнама базасы құрылып, барлық маңызды әлеуметтік салалар арнайы заңнамалық актілермен реттеліп отырса да, біріншіден, құқықтық резервтердің барлығы жеткілікті деңгейде іске қосылмаған, екіншіден, әлеуметтік мәселелер тудырып, қоғамдағы әлеуметтік алаңдаушылық факторына айналатын құқық қателіктері орын алады, үшіншіден, кейбір құқықтық құжаттар тым ресми сипатқа ие. Жастар саясаты Президентті уайымға басты, дәлірек айтқанда, «жастарға арналған әлеуметтік лифттер» механизмінің жоқтығы, жас мамандардың жұмыс беруші алдында қорғауда болмауы, ҰБТ процедураларының әлсіз құқықтық реттелуі алаңдатты.

Осы артықшылықты жүзеге асыру мақсатында еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев ҚР Үкіметіне келесі тапсырмалар берді:

1-тапсырма. ««Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың Жалпыұлттық тұжырымдамасы жобасын жасасын»;

2-тапсырма. «Парламентпен және «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік саладағы ұлттық заңдарға түгендеу жүргізсін және әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оны реформалаудың Тұжырымдама жобасын енгізсін»;

3-тапсырма. «Парламентпен және «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп 2012 жылдың соңына дейін бесінші шақырылған Парламенттің бүкіл жұмыс кезеңіндегі заң шығармашылық жұмысының терең де жан-жақты қарастырылған Тұжырымдамалық Жоспарының жобасын әзірлесін және келісуге енгізсін».



Екінші артықшылық. Әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді модельдерін қалыптастыру.

Әлеуметтік-еңбек қарым-қатынасының тиімді моделіне қол жеткізу, Н.Ә. Назарбаевтың ойынша, қоғамды әлеуметтік жаңғыртудағы аса маңызды мәселе болып табылады және келесі міндеттердің шешілуін көздейді.

Біріншіден, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамту саласын дамыту, өздігінен жұмыс істейтін тұрғындарды нақты экономикаға тарту, әлеуметтік-еңбек қатынасындағы барлық субъектілердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Екіншіден, әр мамандық үшін өзіндік «жол картасы» ретінде ұлттық кәсіби біліктілік жүйесін құру.

Үшіншіден, өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы еңбектегі даулардың алдын алу және реттеу, еңбектегі дауларды ушықтыру үшін құқықтық жауапкершілікті арттыру, еңбек қатынастары саласындағы қайшылықтарды реттеудің тиімді көп деңгейлі механизмін жасау,

Төртіншіден, еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелеріндегі мемлекеттің негізгі серіктестері ретіндегі кәсіподақ институттарын жаңғырту.

Осы артықшылықты жүзеге асыру мақсатында еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев келесі тапсырмалар берді:

4-тапсырма. «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін:

- өзін өзі еңбекпен қамтығандар тобындағы еңбекке қабілетті халықты нақты жағдайларды және жұмыспен қамту саласының перспективасын ескере отырып, жұмыспен қамтуға қарай ойыстырудың әдістемесін әзірлесін; өзін өзі еңбекпен қамтыған халықты айқындау жөніндегі жаңа әдістемені ескере отырып, жұмыссыздық деңгейін айқындаудың әдістемесін жетілдірсін».

5-тапсырма. «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: 2013 жылдан бастап қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының негіздеріне оқыту жүйесін ұйымдастыру туралы мәселені 2012 жылдың 1 желтоқсанына дейін әзірлесін; Еңбек кодексінің негізгі ережелері және еңбек қатынастарын реттейтін басқа да құқықтық актілер жөніндегі жалпыұлттық анық­тамалықтардың бірыңғай серияларын шығару мен таратудың, соның ішінде интернет пен мемлекеттік органдардың ресми сайттарының мүмкіндіктерін пайдаланудың жобасын әзірлесін».

6-тапсырма. «ҚР Үкіметі 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін: 2020 жылға дейінгі біліктіліктің ұлттық жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу Жоспарын дайындап, қабылдасын; ЖОО-лар мен колледждер түлектері үшін біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды белсендірек жүргізсін».

7-тапсырма. «ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін мынадай ұсыныстарды әзірлеп, ұсынсын: мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңға және Еңбек кодексіне кәсіпорындарға тексеру жүргізу бөлігінде ратификацияланған ХЕҰ Конвенциясына сәйкес өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы...».



8-тапсырма. «ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп, акционерлендірілген ұлттық компанияларға жүйелі түрде алдын ала экономикалық және заңгерлік аудит жүргізуді, олардың нәтижелерін әлеуетті миноритарийлерге жеткізуді қарастыра отырып, «халықтық ІРО-ның» тұңғыш тәжірибесіне кең көлемді талдаулар жүргізетін болсын; медиация институтын дамытуға бағытталған заң аясындағы құқықтық базаның қабылдануын қамтамасыз етсін».

9-тапсырма. «ҚР Үкіметі 2012 жылдың аяғына дейін кәсіптік одақтар туралы заңнаманы кешенді талдаудан өткізсін және оны өзгерту жөніндегі заң жобасын жасасын».



Үшінші артықшылық. Өмір сапасының қазақстандық үлгі-қалыбы.

Бүгінде Қазақстанда өмір сапасының белгілі бір әлеуметтік үлгі-қалыптарын, соның ішінде мемлекет кепілдік ететіндерін де, белгілеу үшін тиісті әлеует те, экономикалық алғышарттар да бар.



10-тапсырма. «ҚР Үкіметі 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, ең төменгі әлеуметтік үлгі-қалыптар мен кепілдіктерді енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін; тұрғын үй жағдайының үлгі-қалыптары: қолжетімділік пен жайлылық». Мемлекет басшысы

Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қазірдің өзінде «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» және «ТКШ-ны жаңғырту» атты жаңа ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда.

11-тапсырма. «ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін жалдамалы тұрғын үй нарығын одан әрі дамыту және жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасасын және енгізсін».

Әрі қарай ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі бұдан былайғы қадамдарды көрсетеді. «Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүргені көкейге қонымды: білім беру мекемелерін оңтайландыру; оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Білім беру жүйесі жалпыұлттық күйінде қалуға тиіс. Біріншіден, орта білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнінде шаралар атқару қажет. Екіншіден, мемлекеттік білім беру үлгі-қалыптарының жеке мектептерде, колледждер мен жоо-ларда, соның ішінде халықаралық жоо-ларда да сақталуына бақылауды жолға қою қажет. Үшіншіден, жоо-ларды оңтайландыру үдерісін жүргізу маңызды. Қазақстанда 146 жоғары оқу орны бар. Олардың талайы маман тәрбиелеп шығарудың қажетті сапасын қамтамасыз ете алмайды. Төртіншіден, дуальды кәсіби білім беруді дамыту маңызды. Жаппай мамандықтар кадр­ларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін осы заманғы қолданбалы біліктілік орталықтары қажет».

12-тапсырма. «ҚР Үкіметі жоо-лардың санын оңтайландыру және кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз етпейтін білім беру мекемелерінің лицензияларын қайтарып алу жөніндегі жұмысты жалғастырсын; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, 2014 жылдан бастап еңбек нарығын дамытудың бес жылдық болжауларын талдап-жасауды қамтамасыз етсін».

13-тапсырма. «ҚР Білім және ғылым министрлігі:

- 2013-2014 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісінде білім берудің интерактивті түрлерін пайдалануды кеңейтуді және онлайн-оқытудың арнаулы оқу бағдарламаларын енгізуді көздесін;

- Қазақстан тарихы бойынша оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талдаудан өткізсін, оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытудың мазмұны мен пішінін өзгерту жөнінде іс-шараларды жүзеге асырсын;

- орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» сияқты  міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде ұсыныс жасасын».

14-тапсырма. «ҚР Үкіметі: 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін, егер медицина қызметкері тарапынан салақтықпен немесе жүрдім-бардым қарау болмаса, азаматтың денсаулығына нұқсан келтіргені үшін дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті түрде қамсыздандыруды енгізу жөніндегі мәселені талдап-зерттесін».

15-тапсырма. «ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін оқушылар үшін оқудан тыс спорт секцияларын бюджеттік емес қаржы көздерінен қаржыландырудың тетіктерін енгізуді қамтамасыз етсін; Қазақстан Үкіметі Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен әріптестіктің жаңа түрлерін талдап-жасасын».

16-тапсырмада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ҚР азаматтары мен жастарына салауатты өмір салтын, мәдениетін үйрету үшін дене шынықтыру мен спортты дамыту; еліміздің оқу орындарында сабақтан тыс дене шынықтыру үйірмелері мен секцияларының аясын кеңейту; студенттік және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және студенттер мен жасөспірімдер клубын құру жөніндегі тапсырмалары берілген.

17-тапсырма. «1. ҚР Үкіметі 2012 жылдың 1 қыркүйегіне дейін: «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп «Әлеуметтік жұмыс орындары туралы» арнайы заңды әзірлеу туралы мәселені қарастырсын; екі ай мерзім ішінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп ата-ана­лардың балаларының балабақшаларда болуын, төлеу жөніндегі шығындарының, олардың отбасындағы санына байланысты, бір бөлігіне өтемақы төлеуді, бала күтімі бойынша демалыстан соң қайтадан жұмысқа шыққан әйелдерге мемлекет есебінен біліктілігін арттыру және қажетті жаңа мамандық алу мүмкіндіктерін, ҚР Салық кодексіне көп балалы отбасылар үшін табыс салығы бойынша жеңілдіктер туралы ережелерді және басқаларды заңды тұрғыда реттеу мәселелерін қарастырсын;

2. ҚР Үкіметі ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңеспен бірлесіп: «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңына жас маманның мәртебесін құқықтық айқындау,оның ең төменгі әлеуметтік пакеті және басқа да мәселелер бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды қарастырсын; 2012 жылдың соңына дейін жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру мен тартудың нақты шараларын әзірлесін».

Төртінші артықшылық. Әлеуметтік жаңғыртудың ақпараттық-мәдени құрамдасы.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, «Қазақстанда әлеуметтік жаңғырту жаһандық ақпараттық дәуірде жүзеге асуда. Бұл факторды міндетті түрде ескеру қажет. Қазақстанда ақпараттық технологиялар рекордтық қарқынмен дамуда. Ақпараттық кеңістікті - коммуникациялық желілер мен БАҚ-тарды цифрландыру жоғары қарқынмен жүруде».

18-тапсырма.

«1. ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін: «Ақпараттық Қазақстан-2030» Мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеп, енгізсін; «Мемлекеттік қызметтерді электронды пішінде көрсету туралы» заң жобасын әзірлесін»;

2. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі: 2012-2013 жылдары Қазақ ұлттық электронды кітапханасының қорын ұлғайтуды қамтамасыз етсін; отандық БАҚ-тарды жаңғырту жоспарын әзірлесін».

19-тапсырма.

«1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі: 2012 жылдың 1 қыркүйегіне дейін еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандық әлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғыртудың салалық бесжылдық жоспарын әзірлеп, қабылдасын.

2. ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін: «Бұқаралық іс-шаралар өткізу туралы» заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізсін; ҚР мемлекеттік ұлттық, кәсіптік және басқа да мерекелерді тойлау тұжырымдамасын жаңартсын».

20-тапсырма. «ҚР Үкіметі:

- 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқару жүйесінің, жоспарлау, үйлестіру, сараптамалық жолбасшылық, үкіметтік емес сектормен әріптестік және басқа да мәселелерді қоса алғанда, тиімділігін арттыру жөнінен кешенді ұсыныстар әзірлеп, енгізсін;

- 2012 жылдың соңына дейін азаматтық қызметті заңдық реттеу мәселесін зерттесін;

- 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлесін».

Осылайша, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында халықаралық маңызы бар республиканың әлеуметтік жаңғырту моделін жасау ұсынылады, ол біздің қоғамды макроэкономикалық даму көрсеткіштеріне, әлеуметтік-еңбек қарым-қатынасының өзгеруіне, жаңа жалпыға ортақ еңбек уәждемесіне әкелетін жаңа ортаны қалыптастыруға және әлеуметтік даму жүйесін жаңғыртуға әкеледі. Және осыған сәйкес ел Президентіне Қазақстанның 2050 жылға дейін әлеуметтік жаңғыртылуының табысты жолын былайша елестетеді:

«Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылудағы ұмтылысымызды екі кезең арқылы жүзеге асыру қажет. Бірінші кезең 2030 ж. дейінгі кезеңді қамтиды, онда xxi ғ. «мүмкіндіктер көзін» пайдаланып, жаңғырту серпілісін жасау керек. Қазақстан осы уақыт ішінде дамыған елдердің өткен жүзжылдықтағы индустриялық дүмпу кезінде жасағанын жүзеге асыруы қажет. Мұны іске асыруға әбден болады. Оңтүстік Корея, Сингапур осындай жолдан өтті. Бұл кезеңде біз экономикамыздың дәстүрлі салаларының қарқынды өсімін қамтамасыз етіп, қуатты индустриялық өңдеуші сектор құрамыз. Екінші кезеңде 2030 – 2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтымды және жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажет. Біз қуатты өңдеуші өнеркәсіп қалыптастырамыз.Дәстүрлі салаларда жоғары өңделген өнімдер шығаруға көшу жүзеге асырылып, ғылыми қамтымды экономиканың базасы ретінде инжинирингтік қызметтер дамиды» [2].


Әдебиеттер тізімі
1. Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к Обществу Всеобщего Труда //Казахстанская правда, 2012, 10 июля.

2. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее». //Казахстанская правда, 2014, 18 января.


Н.Б. Давлетбаева,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Кәсіпорын менеджменті кафедрасының

меңгерушісі, э.ғ.к., доцент

е-mail: marat3011@mail.ru


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮДЕМЕЛІ индустриалДЫҚ-инновациЯЛЫҚ ДАМЫту ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген: «Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық. Бүгінде көптеген табысты елдер – Қытай, Малайзия, Түркия ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс істеуде. ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады. Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды. 2050 Стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді» [1].

Қазақстандағы тұрақты экономикалық өсу мен жедел экономикалық жаңғырту Мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі. ЖИИДМБ-да қойылған міндеттерді жүзеге асыру Қазақстанның жаңа қайта өңдеу өнімдерін өндіруге көшуін қамтамасыз етеді, сонымен бірге жоғары интеллектуалдық өнім нарығына көшумен инновациялар әзірлеу мен таратуды айтарлықтай тездетеді. Инновациялық экономиканың бәсекеге қабілетті, ғылыми толымды моделін жасау басты міндет болып табылады, ол ел тұрғындары өмірінің жақсаруын қамтамасыз етеді [2]. Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын сәтті жүзеге асыру оны диверсификациялау мен ұзақ мерзімді кезеңде бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы тұрақты әрі теің дәрежеде өсуін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Өндіріс факторлары өнімділігінің артуы, ұлттық инновациялық жүйенің дамуы мен нығаюы, экономиканың шоғырлану деңгейінің төмендеуі мен индустриализация үрдісіндегі шағын және орта бизнес рөлінің артуы, индустриалды сектордағы өндіруші күшті тиімді ұйымдастыру, адам капиталы сапасының өсуі Бағдарламаның негізгі сапалы нәтижелері болады.

2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толық жаңартуы керек. Анағұрлым бәсекеге қабілетті салаларда біз отандық өндірушілерге арналған жаңа нарық қуыстарын қалыптастыру стартегиясын әзірлеуіміз керек. Бұл, әсіресе, ДСҰ-ға кіру перспективаларын ескере отырып, кері индустрияландырудың ықтимал ыдыратушы әсерлерінболдырмауға мүмкіндік береді. Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы тиіс. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің қатысуымен Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың іс жүзіндегі кезеңі басталды. Жиынтық ІЖӨ-сі 2 трлн. АҚШ доллары болатын, 170 млн. тұтынушыны біріктіретін осынау ауқымды нарық біздің бизнесті бәсекеге қабілеттілікке үйретуі тиіс. Бұл ретте осынау экономикалық-интеграциялық үдерісте Қазақстан өз егемендігінің бір мысқалын да жоғалтпайды. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында былай дейді: «Біз экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторды кеңейтуге негізделген жаңа өндірісті дамытуға тиіспіз.

Біз Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын өнеркәсіптік қуаттарды импорттауға және технологиялар алмасуға бағыттауға тиіспіз. Бұл үшін бізге бірлескен халықаралық компаниялар мен ел үшін пайдалы серіктестіктер құру мен дамытудың кіші бағдарламасы қажет».

Экономикалық саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроортаны және инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға шоғырланатын болады. Селективті шаралар басым секторлар мен жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакеті негізінде жүзеге асырылатын болады. Мемлекет өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын республикалық және өңірлік деңгейде де тиімді ынтымақтастық институттарын қалыптастыру негізінде жүйелі түрде құрады. Экономиканың объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық шектеулермен ішкі келісушілікте болады. Бағдарламаға енгізілетін экономиканы әртараптандыруды және технологиялық жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:

қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;

бизнес-ахуалды жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;

жаппай технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;

адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Экономиканың басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің интерактивті процесімен, мониторингтің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді.

2030 жылға қарай Қазақстан ғарыш қызметтерінің әлемдік нарығындағы өз тауашасын кеңейтіп, басталған бірқатар жобаларды қисынды аяқтауға дейін жеткізуге тиіс, олар: Астанадағы ғарыштық аппараттар құрастыру-сынақтан өткізу кешені, қашықтан зондтау ғарыштық жүйесі, ғарыштық мониторинг пен жердегі инфрақұрылымның ұлттық жүйесі және жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесі. Екі жетекші инновациялық кластерді – Назарбаев Университетін және Инновациялық технологиялар паркін дамытуды жалғастыру басты бағыт болып табылады. Елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады.

Агроөнеркәсіптік кешені мен жеңіл өнеркәсіпті инновацияларды енгізу негізінде үдемелі дамыту экономиканың тұтынушылардың сұранысынан болған тауар импортына тәуелділігін төмендетеді және расширит их экспортный потенциал с учетом рынка Таможенного Союза, емкостью 170 млн адамнан тұратын Кедендік Одақ нарығын ескерумен экспорттық потенциалды арттырады.

Ауыл шаруашылығы өнімлерін қайта өңдеу мен саудада фермерлік істі дамыту басты міндет болып табылады, ол үшін керегі: егіншілік мәдениетін өзгерту және оны қазақстандық ауыл шаруашылық дәстүріндегі жаңа ғылыми, технологиялық, басқару жетістіктерді ескерумен қайта жаңғырту, ірі экспорттық нарықты жаулап алу. 2050 жылға қарай ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы үлесінің 5 есеге артуы осы шаралардың нәтижесі болу керек.

Еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет. Ауыл шаруашылығы мұқтаждығы үшін бізге аса көп су көлемі қажет. Осыған байланысты біз: басқа елдердегі, мысалы, Австралиядағы сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешудің озат тәжірибесін мұқият зерделеп, оны біздің жағдайымызда пайдалануға тиіспіз. Бізде елеулі қоры бар жерасты суларын өндіру мен үнемді пайдаланудың ең озат технологияларын енгізу қажет. 2050 жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз ету проблемасын түбегейлі шешуге тиіс. Ол үшін су жөнінде ұзақмерзімді бағдарлама жасау қажет. Бірінші кезеңде, 2020 жылға қарай – тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, 2040 жылға қарай суару мәселесін шешу керек.

Экономиканың Қазақстан үшін перспективалы көптеген секторларының тартымдылығына кері әсер ететін факторлардың арасында  мыналар негізгілері болып табылады:

ішкі нарық сыйымдылығының төмендігі;

ірі өткізу нарықтарынан шалғайлығы және қолайлы логистиканың болмауы тауарларды тасымалдауда едәуір шығыстарға алып келеді;

жоғары білікті кадрлардың жетіспеуінен жұмыс күші құнының салыстырмалы жоғары болуы және тиісті инфрақұрылымның болмауы;

инвесторлармен, оның ішінде шетелдік инвесторлармен жұмыс бойынша орталықтандырылған жүйенің болмауы, сондай-ақ инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларының жеткіліксіздігі.

Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Рспубликасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған. Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Мемлекет озық технологиялар трансфертіне, кейіннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазіргі заманғы импорт алмастырушы өндірісті құру үшін шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды. Бүгінгі күннің міндеті – ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске салық салу жүйесіндегі қиғаштықтар олардың дамуы мен өсуіне кедергі келтіруде. Сондықтан Үкімет 2013 жылдың соңына дейін заңнамаға микро, шағын, орта және ірі бизнес ұғымдарын айқын жіктеуге бағытталған өзгерістер енгізсін. Бұл тұста біз шағын және орта іскерлік сегменттеріне түсетін күшті ауырлатпауға тиіспіз. Заңнамалық негізде бизнеске ұсынатын тауар, жұмыс және қызмет сапасын бақылау мәселелерін өзі реттейтін жағдай тудыру қажет. Бізге тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көпдеңгейлі жүйесін алып тастап, олардың құқығын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеп шығу керек. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі принципіне негізделген сенімді диалог құру үшін бизнесті топтастыруды жалғастыру керек, ол бұл жаңа стратегияны жүзеге асыруда кең ауқымды және барлық кәсіпкерлердің тартылуы міндетін шешіп береді. Халықаралық тәжірибені талдау көрсеткендей, кәсіпкерлердің палаталарға топтасуы – экономиканың тиімділігінің маңызды факторының бірі, осылай істелген жерлерде «мықты бизнес – мықты мемлекет» қағидасы іс жүзіне асты» [1, 2 б.].

Мемлекет өзінің ролін өзгертуі тиіс. Бізге кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны қажет. Бұл оңай қадам емес, өйткені, мемлекет пен нарық арасындағы жауапкершілікті қайта бөлісуді білдіреді. Бірақ біз экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтау үшін соған баруымыз керек. Жеке бизнес әрқашан және барлық жерде мемлекеттен гөрі тиімдірек әрекет етеді. Сондықтан біз стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен қызметтерді жеке қолға беруге тиіспіз. Бұл – отандық кәсіпкерлікті нығайту үшін аса маңызды қадам» [1, 3 б.]. Бұл жолдағы алғашқы қадам «Халықтық ІРО» бағдарламасының сәтті басталуы болды. Бұл – ең алдымен ұлттық байлықтың халықтың қолына таратылып берілуі. «ҚазТрансОйл» компаниясы тарапынан 28 миллиард теңгені орналастыру туралы хабарланды және қазірдің өзінде тапсырыстар ұсыныстан екі есе асып кетті [2, 86 б.].

Кәсіпкерлерді кредиттерді қаражаттандыру арқылы қолдау жаңа жоғары технологиялық өнеркәсіп жабдығын алуға, 4G ұялы байланыс стандарттарын енгізуге, заманауи медициналық жабдық сатып алуға, Қарағанды және Теміртау қалаларының автобус парктерін жаңартуға, сонымен бірге таяу және қиыр шетел мемлекеттеріне тау-кен шахталық жабдықты, металл бұйымдарын, сантехникалық бұйымдарды, пороллон және басқа өнімді экспорттау көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясындағы жобаларды қолдау нәтижесінде облыста 5 000-нан астам жұмыс орны сақталған және жаңадан 700 жұмыс орны ашылған.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы Мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың маңызды құралы және экономиканың шикізаттық емес секторларындағы жобалардың жүзеге асырылуын негізгі қолдаушысы болып табылады, оның іске асырылуына республикалық бюджеттен 1 млрд 180,5 млн теңге бөлінді [3, 10 б.].

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында Қарағанды облысында Өнеркәсіптің базалық салаларын дамыту тұжырымдамасы жасалды, онда өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру, өнеркәсіп кешенін бағдарламалық-мақсатты басқару әдістерін енгізу қарастырылған. Тұжырымдаманы жүзеге асыру еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ете отырып, анағұрлым жоғары технологиялық деңгейге өтуге, ішкі және сыртқа нарықтағы базалық салалар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде кен алу, көмір өнеркәсібін, қара және түсті металлургияны, машина жасау мен металл өңдеуді, химия және фармацевтика өнеркәсібін, құрылыс материалдары өндірісін дамытуға баса назар аударылды. Әр сала бойынша мастер-жоспарлар жасалды, онда әр саланың даму сұлбасы толық көрсетілген. ҮИИДМБ аясында Қарағанды облысынан Мемлекетті индустриаландыру картасына жалпы сомасы 238,3 млрд теңге көлемдегі 24 инвестициялық жоба енгізілді.

2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ. Индустриядан кейінгі экономиканың негіздерін қалыптастыру мақсатында ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми-технологиялық негіздерді қолдау жалғасады. Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективті шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Экономикалық саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроортаны және инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға шоғырланатын болады.

Инновациялық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, сапа инфрақұрылымын құру, энергия үнемдеу саласында нормативтік құқықтық база қалыптастыру, экономиканың басым салаларына ҒЗТКЖ нәтижелерін енгізу есебінен стандартты технологиялар трансферті және отандық өнеркәсіптік инновациялық әзірлемелерді игеру үшін жүйелі жағдайлар жасалатын болады.

Арнайы бюджеттік бағдарламаларды қамтитын мемлекеттік қолдау құралдары мен шараларының қалыптастырылған бірыңғай жүйесі мемлекет пен бизнестің күш-жігерін үйлестіріп, шоғырландыруға мүмкіндік береді және елді индустрияландыруда синергетикалық тиімділікке алып келеді әрі Бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Үдемелі индустриялық-инновациялық саясатты белсенді жүргізу отандық экономиканың тізбекті дағдарыстарға қатысты орнықтылығын жоғарытылады және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырады.
Әдебиеттер тізімі
1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь - 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.

2. Государственная программа по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2010 – 2014 годы. Утверждена Указом Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 958. – Астана, 2010. – 144с.



3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 апреля 2010 года № 301. Об утверждении Программы «Дорожная карта бизнеса 2020». ИС ПАРАГРАФ, 28.01.2011. – 14 с.
Е.Н. Ивлева,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеттің

Патриоттық тәрби беру ҒЗИ

директорының м.а.

е-mail: Eivleva84@mail.ru





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет