Қазақстан республикасының ТҰҢҒыш президенті



бет4/12
Дата28.11.2016
өлшемі3,17 Mb.
#2754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

К.З. Сәрекенов,

Д. Әбішев атындағы

химия-металлургия институтының

бас ғылыми қызметкері,

техника ғылымдарының докторы

МӘҢГІЛІК ЕЛ –

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ

Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ең маңызды оқиға Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы болды. Онда Елбасы еліміздің дамуының басым бағыттары мен ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыру бағдарламасын айқындады [1].

Кезектегі Жолдаудың ерекшелігі – ел Президенті «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясын тұжырымдап негіздеді. Мұнда Қазақстанның мемлекеттік сәйкестілігін және халқының бірлігін нығайту үнделген.

«Ұлттық идея» деген не және оның қоғам дамуындағы ролі қандай?

Ұлттық идея – халықтың, ұлыстың және ұлттың өмір сүру мәнін айқындайтын ұлттық сана-сезімнің жүйелі жиынтығы. Ол қоғам ықпалдастығының, тұлғаның әлеуметтенуінің және әлемдік қауымдастықта мемлекеттің өзіндік теңесуінің зор мүмкіндіктерін қамтитындықтан, мемлекет дамуының әр кезеңінде қажет. Тұжырымдамалық рәсімделген идеялардың, түсініктердің және көзқарастардың жүйесі бола отырып, ұлттық идея мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың өмірін ұзақ мерзімге айқындайтын негізгі идеологиялық тұжырымдаманы қамтитын кең, сонымен қатар, ықшам формула болып табылады.

Мемлекет саясаты туралы идеологияның, құныдылықтардың, айқын түсініктің болмауы қауіпті салдарларымен қолайсыздыққа ұшыратады. Себебі адамдар санасындағы ваккум ұлтшылдық, шовинизм, жікшілдік және т.б. идеяларымен толады. Егер ұлт өз рухын сақтап, жетілдірмесе, тәніне бөгде рух кіреді деп тегін айтылмаған.



Ұлттық идеяның мынадай белгілері жалпы жұрт қабылдаған болып саналады: ол шағын және түсінікті болуы керек; көру бейне-нышаны болуы және идеологияға сүйенуі керек; тарих, аңыз, әфсаналар арқылы бабаларымызға тиесілі болуы керек; адамға да, қоғамға да, билікке де тиімді болуы керек. Бұл ретте ұлттық идея билік пен қоғаның шоғырлануын қамтамасыз ететін бірлескен жоба ретінде жасалса ғана іске асуға мүмкіндік алатынын көрсете кеткен жөн. Бұл теориялық тұрғыдан негізделген ұлттық идеяны еліміздің басым бөлігі ұғынып, қабылдаған кезде мүмкін.

Қоғамды шоғырландыру мен біріктіру, бір мемлекет аясында оның аумақтық және көп этникалық бірлігін нығайту және сақтау мәселесімен соңғы жүз жыл ішінде егемендік алған барлық жас мемлекеттер бетпе-бет кездесті. Көптеген елдердің тәжірибесінде ұлттық идея бір ұмтылыста біріккен ұлттардың өзіндік болмысын іске асыру бойынша қандай да бір қызмет жобасы болды.

Бұл жағдайда негізіне екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ұлттық жапондық рух пен жаңа батыс технологиясын біріктіру туралы идея алынған Жапонияның ұлттық идеясының үлгісі анағұрлым айқын болып табылады. Жапондықтарды осы идея төңірегінде біріктіру тек Жапонияның қайта өркендеуіне ғана емес, сондай-ақ, бұл елдің экономикасы жақсы дамыған әлем мемлекеттерінің қатарына енуіне алып келді.

Дұрыс тұжырымдалған ұлттық идеяның тімділігін көрсететін тағы да бір жарқын мысал әлдеқашан жетілдірілген ауқымды жобаларды табысты іске асырудың көрнекті үлгісіне айналған, «Азия барыстары» (Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг және Тайвань) болып саналады.

Қытайдың жүйелі реформаларды жүргізуде шығыс және батыс тәсілін оңтайлы үйлестіруі де көрнекті мысалдардың бірі. Бүгінде Қытайда экономикалық өсу аясында халықтың ұлттық рухын көтеру және нығайту бойынша белсенді идеологиялық жұмыстар жүзеге асырылуда, осы мақсаттарға қол жекізу үшін үлкен ресурстар бөлінуде.

Қазақстан үшін ұлттық идеяның қажеттілігі туралы сұрақ еліміз егемендігін алған алғашқы жылдары туындаған және бұл ғалымдар мен саясаткерлердің көптеген пікірталастарының тақырыбына айналды. Көп ұлтты және көп конфессиялы Қазақстан үшін ұлттық идеяны қалыптастыру проблемасы аса өзекті болды. Мемлекеттің келешекті даму принциптері мен мақсаттары тұжырымдалған «Қазақстан -2030» стратегиясы, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы сияқты құжаттар қазақстандық қоғамның ұлттық идеясын қалыптастыруға негіз болды.

Дегенмен біз басқа елдердің тәжірибесін ойланбастан қайталамадық. Ел Президенті өз Жолдауларында айтып өткендей, қазақстандық ұлттық идея этникалық тиістілігіне қарамастан еліміздің барлық азаматтарының мүдделерін біріктіре отырып, көп ұлттылыққа сүйенуі керек; қазіргі қазақстандықтардың ділін қамтуы керек; елдің өзіндік ерекшеліктерін және қазақстандықтардың жақсы жақтары мен үздік сапаларын нақты түрде көрсетуі қажет. Сонымен қатар, біздің еліміздің ұлттық идеясы уақыт сынынан өткен қазастандық жол тәжірибесінен туындайтын нақыт құндылықтарға құрылуы керек.

Мұның барлығы Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің негізі бола отырып, барлық қазақстандықтар біріктіретін және оларды «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыруға жұмылдыратын «Мәңгілік Ел» идеясына көрініс тапты.

««Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпы ұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп айтып өткен Елбасы өз Жолдауында.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпы ұлттық құндылықтар болып табылады.



1. Тәуелсіз Қазақстан және Астана

Бүгінде Қазақстан тәуелсіз, зайырлы мемлекеттің барлық белгілеріне ие: әлемдік қауымдастық мойындаған мемлекеттік шекара, БҰҰ мен халықаралық жетекші ұйымдарға толық мүшелік. Біздің еліміз көптеген әлем елдерімен екі жақты қатынастарда беделді және жауапты серіктес ретінде танылған. Егемендік жылдары ішінде жаһандық және өңірлік экономикалық жүйелердің бір бөлігі болған динамикалық экономика құрылған, елде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды даму стратегиялары мен бағдарламалары, жобалары іске асырылуда. Қазақстанның тәуелсіздігін қазақстандық этникалық топ өкілдерінің барлығы мойындайды. Бұл – бздің ортақ патриоттық құндылығымыз.

Астана – тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерінің бірі, барлық қазақстандықтардың патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды, барлық қазақстандық экономиканың локомативіне айналды.

Тәуелсіздікті қадірлеу және Астананы сүю – Қазсақстан патриоты мен азаматының маңызды сапалары [2].

2. Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім

Қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім Ата заңда және басқа да Заңдарда берік бекітілген. 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты, жалпы қазақстандық бірлік негізі құрылды.

Халқымыздың қоғамдық келісімі мен жалпы ұлттық бірлік, барлық азаматтардың этникалық, діни, нәсілдік тиістіліктерінежәне өзге де өзгешелектеріне қарамастан тең құқықтығы – әркімнің және барлығының табысы мен лайықты өмірін білдіретін тұрақты шоғырландырылған фактор.

Қазақстан Республикасының әр азаматының патриоттық борызы – Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.



3. Зайырлы қоғам және жоғары рухтандырушылық

Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің оң үлгісі ретінде қабылданады. Мемдекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты. Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін әрқашан рухани беталыс пен адамгершілік құндылықтар мағызды болады, әрқашан діни-мәдени дәстүрлер, әр азаматтың белгілі бір дінді ұстану немесе ешқандай дін ұстанбау құқығы сұраныста болады.

XXI ғасырда Қазақстанда мәдениет пен дін диалогының ғаламдық орталықтарының бірінің өкілдігі бекітіледі.

Балалар мен қарт адамдарды қамқорлық көрсету, қоғам негізі ретінде отбасын нығайту дәстүріне сүйенетін патриотизм, жаңғыру, табыс пен жоғары адамгершілік рухы Қазақстанның ХХІ ғасырдағы және одан арғы ілгерінді дамуының негізі болады.



4. Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өсу

Экономикалық өсубұл біздің ең маңызды міндетіміз, мұның шешіміне Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі тәуелді.

Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде, техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды.

Инновация қосу қазіргі индустрия — бұл ағымдағы жүзжылдықтағы барлық жетістікті мемлекеттің магистральды жолы.



Мықты индустриялық база инновациялық өрлеуге ауысу негізі болады, экономикада инновациялық өсу нүктерлерін жасауға мүмкіндік береді. Тек осы негізде Қазақстан бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті мемлекет, бәсекеге қабілетті қоғам болады.

Экономикасы бекіген, индустриялық, инновациялық Қазақстан – бұл нағыз патриоттар міндеті.



5. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы – қазақстандықтарды әлеуметтік жұмыспен қамтудың ең маңызды шарттарының, қазақстандық отбасылар табысының тұрақты өсуінің, өмір сапасын тұрақты жақсарту, барлық қазақстандық еңбекшілердің шығармашылық және өмірлік әлеуеттерін толықтай ашу кешені.

Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында, мемлекеттік және корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі.

Қазақстанның барлық шынайы патриоттарының маңызды міндеті – қоғамымызда бастамашыл, лайықты, адал еңбек құндылықтарына негізделген әлеуметтік оптимизмді нығайту [3].



6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған.

Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркниеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалды.

Тариз бізді сабақ алуға, даналық пен төзімділікті үйренуге, тағдыры ортақ халық күшіне деген сенімді нығайтуға үндейді.

Өз еліңнің тарихын біоу, түсіну және құрметтеу – әр қазақстандық-патриоттың міндеті.

Ортақ мәдениет – Қазақстан халықтары бірлігінің негізгі тіректерінің бірі, еліміздің жаһандық әлемдегі өзіндік ерекшелігін сақтаудың маңызды шарттарының бірі.

Қазақстан жері мыңжылдықтар бойы мәденит пен өркениеттің кездесуі мен өзара әрекеттесуінің жері болды. Осының арқасында сақтауға және дамытуға тұрарлық бай бірегей мәдение мұра қалыптасты.

XXI ғасырдағы мемлекеттік тілдің мақсаты, міндеті және тағдыры – Қазақстан халықтарының ортақ тілі болу.

Әр нағыз патриоттың парызы – мемлекеттік тілді білу және отандастармызға оны меңгеруге көмектесу.

Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік принципін енгізу де маңызды.



7. Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге ғаламдық қатысуы

- мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы және жауапты ішкі саясатының басты мәні.

Тұңғыш Президент — Елбасы Н.Ә. Назарбаев G-GLOBAL: XI ғасыр әлемінің бес маңызды принципін атады:

  • революция емес, эволюция;

  • әділдік, теңдік, бәтуаластық;

  • ғаламдық төзімділік және сенім;

  • ғаламдық ашықтық;

  • сындарлы көп даңқтылық [4].

Бұл – Қазақтанның басқа мемлекеттермен ауқымды ынтымақтастығы мен өзара әрекетін дамытудың, еліміздің біріктірілген жобаларға, өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстарға қатысуының мағыналы негізі.

G-GLOBAL принциптері – бұл Қазақстанның бүгінгі және болашақ ұрпағы үшін мәңгілік құндылық. XXI ғасырда ұлттық қауіпсіздігінің орнықты жағдайларын өңірлік және халықаралық қатынастар жүйесінінен тыс жасау мүмкін емес.

Елбасы Н.АӘ Назарбаев тұжырымдаған ұлттық идеяның іргетасы егемендік жылдары ішінде көп ұлтты Қазақстанда этникалық тұтастықтың – Қазақстан халқының, құндылықтар жүйесі ортақ, тарихы ортақ, тағдыры мен мақсаты ортақ қазақстандықтардың қалыптасуының мойындалуы болып табылатынын айта кеткен жөн. «Біз, қазақстандықтар, біртұтас халықпыз! Біздің тағдырымыз да ортақ – ол біздің «Мәңгілік Ел», біздің беделді және ұлы Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – бұл біздің жалпы қазақстандық үйіміздің ұлтық идеясы, ата-бабаларымыздың арманы». Президенттің бұл сөздері ұлттық идеяның негізін де, тереңдігін де толықтай көрсетеді және бүгінде қазақстандықтардың оларды біріктіретін ортақ мақсаты бар деп нық айтуға мүмкіндік береді. Бұл мақсат – саулық пен молшылық, келісім мен достық үстемдік ететін ортақ үйімізді – Қазақстан Респуликасын құру.
Әдебиеттер тізімі
1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.

2. Назарбаев Н.А. Астана - великая эпоха и стратегический вектор Казахстана // Казахстанская правда, 2013, 6 июля.

3. «Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к Обществу Всеобщего Труда» // Казахстанская правда, 2012, 10 июля.

4. Назарбаев Н.А. Пять принципов G-Global. V Астанинский экономический форум. Интернет ресурс: //www.bnews.kz



С.С. Қасымова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының доценті, к.ғ.к.
МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР
1990 жылдың 25 қазанындағы Республиканың жоғарғы кеңесімен «Қазақ КСР-дың мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны» қабылдауы, Қазақстанның өздігімен ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге және даму белгілерін анықтауға мүмкіндік ашқан бірінші актісі болып табылды. Декларация мазмұнында, «Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің, Қазақстан халқының еркіндігін білдіре отырып, Республиканың барлық азаматтары үшін өмірдің абзал және тең шарттарын қалыптастырып, Республикада тұратын халықтың абзал нығаюының мақсатын және халықаралық достықты күшейтуді есепке ала отырып, қазақ халқының тағдыры үшін көтеретін жауапкершілікті түсініп, адам құқының және ұлттың өзін-өзі еркін анықтау құқының жалпыға бірдей декларациясын мойындай отырып, адамгершілікке негізделген, демократиялы құқықтық мемлекетті құру туралы шешім қабылдау мақсатымен мемлекеттік егемендікті жариялауы» туралы мәлімделді [1, 41 б.].

Декларация мазмұны ынтамақтастық, бірлік және егемендік алу мақсатымен толыққан-ды. Декларацияның 1 және 2 бабында, «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы өз еркімен өзге мемлекеттермен егеменді республикалар Кеңесіне біріге отырып, олармен шартты негізде қарым-қатынас құруы» жайлы айтылады. Сонымен қатар, Қазақ КСР кеңестен еркін шығу құқығын сақтап отырады. Қазақ КСР ұлттық мемлекетті нығайтуға және қорғауға арналған шарттарды жүзеге асыра алады. Алғашқы дәстүрдің, тілдің, мәдениеттің қайта жаңғыруы мен дамуы және Қазақстанда тұратын қазақ пен басқа да ұлттардың ұлттық ар-ожданын күшейту Қазақ КСР мемлекеттігінің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылды [1, 41-42 б.].

Республика тәуелсіздігінің негізгі қағидалары Декларацияның 6 және 8 бабында тұжырымдалған: «Қазақ КСР-дың мемлекеттік билігі - Кеңестік келісім-шартпен бекітілген республиканың ішкі және сыртқы қарым-қатынастар шегінде үстемдік пен дербестікке ие. Қазақ КСР мемлекеттік ұйым мен басқару ұйымдарының құзыры мен құрылымын, сонымен қатар, республика рәміздерін анықтай отырып, республикадағы экономикалық, саяси, әлеуметтік және ұлттық- мәдени құрылысқа және әкімшілік-жергілікті құрылғыларға қатысты барлық сұрақтарды өз бетінше шешеді. Қазақ КСР территориясында барлық мемлекеттік ұйымдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен, мемлекет азаматтары мен азаматтығы жоқ халықтың қатаң сақталуы және қолданылуына міндеттелген Конституция мен Қазақ КСР заңдары үстемдік етеді. Қазақ ССР өз территориясындағы егеменді Республиканың құқықтары мен Конституциясын бұзатын заңның және Кеңестің басқа да жоғарғы актілерін тоқтату құқысына ие» [1, 42-43, б.].

Бұл құжаттың маңызды сипаты Қазақстан халқының биліктілік ой-мақсатының енгізілуі болып табылады. Қазақ КСР Конституциясы өкілдік органдар арқылы және Қазақ ССР өздігінен жүзеге асыратын, дәл Қазақстан халқы, оның азаматтары (олардың ұлттық ерекшелігіне тәулсіз) - Қазақ КСР мемлекеттік билігінің егемендігінің тасығышы және қайнар көзі болып табылады.

Декларация ерекшелігі мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауда кластық тіл табысудан бас тартуында болды. Республика территориясында тұратын азаматтарға, олардың ұлттық және партиялық айырмашылықтарына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, діні мен жынысына, мекен жайына, кәсіп түріне қарамастан, КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР Конституциясында қарастырылған барлық құқықтар мен еркіндіктер кепілдендірілді. Осы ретте азаматтық және ұлттық теңдікке қол сұғушылық заң бұзушылық болып жарияланды. Құжатта Қазақстанның халықаралық құқықсубъектілігін жүзеге асыру қажеттілігін бекітетін жағдайлар мазмұндалды. Сол арқылы Қазақстан, «Қазақ КСР-дың мемлекеттік егемендігі жайлы Декларацияға» сәйкес, халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде әрекет ету, сыртқы саясатты анықтау және сыртқы экономикалық іскерлік сұрақтарын дербес шешу құқығына ие болды.

Мемлекеттік егемендік жайлы Декларацияны қабылдау мүмкіндігі, 1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ КСР-дың Жоғарғы Кеңесімен құрылған президенттік институтының Қазақстанда әрекет етуімен маңызды деңгейде байланысты болды. Дәл Жоғарғы Кеңестің өзі, жоғарғы құқық бекітуші ұйым ретінде, 1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ КСР-дың алғашқы Президенті ретінде Н.Ә. Назарбаевты сайлады.

Егемендікті құру жолында келесі ілгермелі қадам, мемлекет үшін маңызды келесі заңдардың қабылдануы болып табылды: «Мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарын жетілдіру туралы», «Қазақ КСР-дың жергілікті өзіндік басқару және халықтық депутаттардың жергілікті Кеңесі туралы», «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы».

1990 жылдың 20 қарашасында «Мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарын жетілдіру туралы» Заңына сәйкес, Президент - Министрлер Кеңесінің орнына, жоғарғы атқарушы ұйым ретінде қалыптасқан, басшылығында премьер-министр болып табылған Министрлер Кабинетінің атқарушы және таратушы билігінің басшысы болып жарияланды. Атап кету керек, Қазақ ССРінде мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануына дейін жеке ішкі әскері болмаған. Мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер ұйымдары кеңестік ұйымдардың бөлшегі болды. Декларацияны қабылдаған күннен бастап Қазақ ССРі, Президентке және Қазақ КСР-дың Жоғарғы кеңесіне бағынатын, өзінің жеке ішкі әскері мен мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер ұйымдарына ие болу құқығына ие болды.

1991 жылдың 10 желтоқсанында, республиканың көпұлтты халқының тәуелсіз, құқықтық және демократиялық мемлекет құру жолында, қоғамның саяси, экономикалық алуантүрлілігіне негізделген, құқықтың мызғымастығының және адам бостандығының ұстанымын есепке ала отырып, Қазақ ССРінің Жоғарғы Кеңесі бекітті:

1. Қазақ Кеңес Социал Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгерту.

2. Қазақ ССРінің Конституциясына (Негізгі Заң) және Қазақ ССРінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясына, Қазақ ССРінің мемлекеттік ұйымдарының заңдары мен өзге де актілеріне сәйкес өзгерістер енгізу [1, 51-52 б.].

1991 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік егемендіктің құрылуы мен күшеюі жолында маңызды рөл атқарған Қазақстан Республикасында екі оқиға өтті:

1. Бүкілхалықтық сайлау негізінде 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің сайлануы. Қазақ КСР-дың «Қазақ КСР Президентінің сайлануы туралы» Заңның 24 бабына сәйкес Н.Ә. Назарбаев тағайындалды.

2. 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң, халықаралық құқық қағидасы негізінде барлық мемлекеттермен қарым-қатынас құратын, біртұтас және қорғалған территориясы бар егеменді мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін заңды түрде бекітті және жариялады. Конституциялық Заң - Қазақстан Республикасының заңдары мен Конституциясы негізінде сайланатын мемлекеттік билік бастауы және егемендікті алып жүруші жалғыз бастамасы болып табылатын, қазақ ұлтының тарихи тағдырының жалпылығымен біріккен, өздерінің ұлт ерекшеліктеріне тәуелсіз ортақ халықты құратынын бекітті [1, 53 б.].

Жоғарыда аталған Конституциялық Заңның қабылдануы, олардың өзін егеменді, жаңа Қазақстанның азаматы ретінде сезінуге бағыт болған, қазақстандық халықтың жаңа ерекшелігінің қалыптасуына ықпал етті.



1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына еніп, халықаралық құқықтың толыққанды субъектісі болды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңды қабылдаған күннен бастап Қазақстан өмірінде жаңа кезең бастау алды- мемлекеттің даму стратегиясын қалыптастыру мен соған сәйкес заңдардың қалыптасуын талап ететін тәуелсіз дамудың кезеңі.

Қазақстанның мемлекеттік егемендікке ие болуы нарыққа ауысудың республикалық тұжырымдамасын қалыптастырды. Президент қарамағында Жоғарғы экономикалық кеңес ұйымдастырылды және олардың қатарына шет ел мен отандық экономистерден құрылған эксперттік топ, мемлекеттік меншік Комитеті, Антимонопольді комитет және т.б. енді. Бұл бағдарламаның негізгі қағидалары болып әлеуметтік салаларды жекешелендіру және барлық кәсіпорындардың табысын аса тиімді таратып, қайта өңдеу технологияларының, шет ел инвестицияларының үлесін арттыру, Республика юрисдикциясының құзіретіне өткізу табылды.

1992 жылдың мамыр айында Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде негізгі ерекшеліктерін анықтап, «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде құрылуы мен даму стратегиясын» жариялады:

Осылайша, Қазақстан дамуының концептуалды моделі қоғамның ашық түрінің, демократиялы, бейбітшіл мемлекеттің қалыптасуын қарастырды. Ол өз тарапынан келесідей анықталды:

А) адам бостандығы мен құқығын, саяси және идеологиялық плюрализмді кепілдендіретін, халықаралық қоғамда беделді және теңқұқықты жағдайға ие тұрақты азаматтық әлем мен ұлтаралық келісімді, қауіпсіздік пен сенімді қорғанысты қамтамасыз ететін күшті президенттік Республика болып табылады;

Б) меншіктің сан алуан пішіндерімен және әлеуметтік жауапты кәсіпкерлікпен, тиімді бәсекемен, шетелдік инвестордың жағымды қатысуымен ерекшеленетін нарықтық экономиканың дамуына сүйенеді;

В) нақты көрсетілген әлеуметтік бағытқа ие, тіршілік көзі үшін өз зейінін оңтайлы қолдану жолында барлығына жалпы бірдей тиімді жағдайлар мен мүмкіндіктер қалыптастырады, әр ұлттың ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып дамытады, тұрақты даму негізінде ұлттық консенсус саясатын жүргізеді [2, 12 б.].

1992 жылдың 7 мамырында ҚР Президентінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды, ал 1992 жылдың 4 маусымында егеменді мемлекеттің Мемлекеттік рәміздері бекітілді.

1992 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Халқының Форумы өтті. Елдің ішкі саяси дамуының басты мақсаты ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықтың сақталуына бағытталған. Тарихи отанның шегінде тұрақтанған этникалық қазақтармен рухани-мәдени, ғылыми–білім беру және кәсіпкерлік салаларына байланысты қалыптастыруды негізгі мақсат тұтатын Бүкіләлемдік қазақтар ассоциациясы құрылды.

Елдің нағыз тәуелсіздік жолында маңызды қадамы 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу болып табылды.

Елдің егеменді дамуы заңнаманың жаңаруын ғана емес, сонымен қатар Конституцияның (Негізгі Заң) қабылдануын талап етті.

1993 жылдың 28 қаңтарында Республиканың Жоғарғы Кеңесі сессияның ХІІ-ші шақыруында Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы қабылданды. Мемлекеттік биліктің жаңа ұйымдарын қалыптастырып, Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін күшейту жолында үлкен маңызға ие болды.

Сонымен қатар, 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы өз тарапынан жаңа және ескі саяси құрылғылардың арасындағы ымыраны сақтау мақсатында билік өкілдіктерінің екі орталығын- Президенттік институт және Жоғарғы Кеңес құру барысында қарама-қайшылықтар тудырды. Мұндай диспропорция мемлекеттік машинаның тиімсіз қалыптасуын, билік бұтақтарының арасындағы дау-дамайдың пайда болуын және елдің құқықтық ұйымдарының аса баяу жұмыс істеуін тудырды [3, 20-26 б.].

1990 жылдардың орта кезінде ел терең экономикалық дағдарысты бастан кешіріп, құқықтық ұйымдардың қызметі тоқтап қалу салдарынан мемлекет экономикалық реформаларды жүргізуге бағытталған маңызды заңдарды қабылдай алмады және 1995 жылдың наурыз айында Жоғарғы Кеңес ыдырауын тудырды. Осы кезеңде Президенттің көптеген құқықтық актілерді қабылдауы әлеуметтік-экономикалық реформаларды байыпты үдемелеуге мүмкіндік туғызды. Сол тарапта 1993 жылдың Негізгі Заңнамасының кемшіліктерін жоятын жаңа Конституцияның қабылдануы туралы сұрақ туындады.

1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда ҚР-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Соған сәйкес Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет деп бекітті. Жаңа Конституцияның 2 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы президенттік билік түріндегі унитарлы мемлекет болып анықталды. Республиканың егемендігі оның барлық территориясына бағытталған. Мемлекет өз территориясының біртұтастығын, қорғанысын және бөлінбестігін қамтамасыз етеді. Республиканың әкімшілік-территориялы құрылғысы, мекені және астанасының беделі заңмен анықталады. Қазақстан Республикасы мен Қазақстан атауы тең мағыналы» [4, 72 б.].

1995 жылы Конституцияның қабылдануымен Қазақстан қазіргі заманғы Парламент құрылымын қалыптастыруға, демократиялық институт жүйелерін, нарықтық экономика мен азаматтық қоғамның тұрақты дамуы үшін қажетті жүйесін құруға мүмкіндік алды. ҚР-ның жаңа Конституциясы сонымен қатар, мемлекет тарапынан адамға және азаматқа деген қатынастардың қалыптары мен принциптерін қалыптастыра отырып, Қазақстан халқының егеменді құқығын бекітіп, адамды және оның өмірі мен құқығын, бостандығын «жоғарғы құндылық» деп жариялады [5].
Әдебиеттер тізімі
1. Декларация о государственном суверенитете Казахской ССР. Современная история Казахстана: Хрестоматия / Под ред. Б. Аягана. – Алматы: Раритет, 2010. - 560 с.

2. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. - Алматы: Дәуір, 1992. - 55 с.

3. Бурханов К.Н. История и современность основного закона казахской государственности // Сборник материалов научно-практической конференции «Конституционные инициативы Президента страны - фактор дальнейшего развития демократии. - Астана, 2009. - 120 с.

4. Конституция РК (с изменениями и дополнениями от 21 мая 2007 г.). - Алматы: Жеті Жарғы, 2007. - 136 с.



5. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.

К.Ш. Джалилов,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының доценті, к.ғ.к.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет